«Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Үшарал қазақ гимназиясы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемелкеттік мекемесі » «Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Үшарал қазақ гимназиясы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
Алакөл ауданы білім бөлімінің
"Үшарал қазақ гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 2-43-03
Есепші бөлімі:
+7(72833) 2-64-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Үшарал қазақ гимназиясы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемелкеттік мекемесі
04
октябрь
2023

«Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Үшарал қазақ гимназиясы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемелкеттік мекемесі



Білім  сапасын арттыру үшін басты мақсат-мұғалімнің кәсіби шеберлігін арттыру, үздіксіз білім алу арқылы сапалы білім беру көзделеді. Мұғалім кәсіби шеберлігін ұдайы жетілдіріп отыруының арқасында сапалы білім беруге ұмтылады. Өркениет көшінен қалмай білім беру ісін зор ізденушілікпен жұмыс жасағанда ғана оқушының білім сапасы артады. Қазіргі ХХІ ғасыр ақпараттық технологияның дамыған дәуірі , Еліміздің дамуы біліммен және бәсекелестікпен алға дамиды.
    «Мұғалім- өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқан кезде оның мұғалімдігі де жойылады»-деп К.Д.Ушинский айтқандай, мұғалімнің әрдайым білімін жетілдіріп отыруы- сапалы білім кепілі болмақ.
     Мұғалімнің кәсібилігі алдымен мұғалімнің адамды сан қилы етіп қалыптастыратын кәсіби іс-әрекетінің жан-жақтылығымен байланысты. Педагогтың ең маңызды кәсіби қасиетінің бірі-оның көшбасшылық қабілетінде. 
Сондықтан бүгінгі таңда мектептегі жеткіншектерге білім берудің сапасы мен деңгейін жан-жақты көтеруді жаңаша ойлайтын, оқыту мен тәрбиенің жаңа технологияларын күнделікті жұмысында қолдана білетін ұстаздардың ғана жұмысы жемісті болмақ.
  Осындай қасиеттерге ие гимназиядағы сарапшы мұғалімдер өз мамандығын сүйетін, оқушыларға құнды білім беріп жүр. Атап айтсақ педагог-сарапшы тарих пәнінің мұғалімі Қанапиянова Толқын Даулетқызы дайындаған оқушылары аудандық, облыстық олимпиада жүлдегерлері. Оқушысы Қызыр Аида «Менің кіші Отаным» байқауында облыстан І орынды иеленіп, республикалық кезеңінде Алғыс хатқа ие болды. Педагог-сарапшы ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Байнысанов Дидар Саятұлының оқушысы Ардаққызы Айкен облыстық пән олимпиадасында жүлделі ІІІ орынды иеленді.  Педагог-сарапшы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Аманбекова Арайлым Тохтарқызының оқушысы Жұмәділ Шыңғыс облыстық пән олимпиадасында жүлделі ІІІ орынды иеленді. Педагог-сарапшы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ахметова Динара Еркінғалиқызының оқушысы Айыпжанқызы Арайлым аудандық түрлі байқаулардың жеңімпазы.  Педагог-сарапшы бастауыш сынып мұғалімі Бекенова Ботакөз Сабырғалиқызының оқушысы аудандық пән олимпиадасының жүлдегері. Педагог-сарапшы Мухамедсыдыкова Асель Әділқызы өз іс-тәжірибесін облыс көлемінде таратып, аудандық сарапшылар ассоциация мүшесі болып жүр. 
Аталған ұстаздарымыз педагогикалық тәжірибелерді оқытудың озық әдіс-тәсілдерін игеріп, оның тиімдісін таңдап, түрлендіре отырып пайдаланады, әрі шығармашылық танытады. 
Бұл ұстаздарымыз үнемі шығармашылықты, кәсіби және жеке өзін-өзі тәрбиелеп,  өзіндік шығармашылық зертханасын құрып , жас мұғалімдерге  қажетті қасиеттер мен дағдыларды дамытуға көмектеседі. 
 Директордың  бағдар бойынша орынбасары Мадиева  Улболсын  Мангатаевна