Жантану – жан қуаттары 5 сыныпқа арналған практикум бағдарламасы Автор: Ж.Тәуімбетқызы
Алматы облысы
Алакөл ауданы
«Үшарал қазақ гимназиясы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Тақырыбы: Жантану – жан қуаттары
5 сыныпқа арналған практикум бағдарламасы
Автор: Ж.Тәуімбетқызы
2016-2017 оқу жылы
Үшарал қаласы
Кіріспе
Психология ерте замандардан келе жатқан білім салаларының бірі. Оның дүниеге тұңғыш келген жері Греция. «Психология» термині гректің екі сөзінен тұрады: оның біріншісі- «псюхе » - жан, екіншісі «логос»- сөз,ілім деген ұғымды білдіреді. Сыртқы дүниені толық тануға түйсік,қабылдау, елестер жеткіліксіз болады. Біз тікелей біле алмайтын заттармен құбылыстарды тек ойлау арқылы ғана біле аламыз. Түйсік, қабылдау процестерінде сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстардың ішкі құрылысын, оның қажетті қатынастары мен байланыстыратын жөнді ашып бере алмайды. Адамның ой әрекеті, әсіресе, түрлі мәселелерді бір-біріне жанастыра отырып шешуде өте жақсы көрінеді.Өмір барысында біз қабылдайтын заттың көбі алдымызға қойған арнайы мақсаттарға негізделмесе, есте тұрмайды. Сонымен бірге, егер алға осы міндет қойылып , оны іске асыру үшін қажет болған шаралар орындалып барса, есте қалдыру тиімді нәтижеге жетіп, санада берік орнығады. Сондықтан да оқушыларға психологиядағы түйсіктер,қабылдау, ес,зейін,ойлау,сөйлеу туралы теориялық бастапқы білім қалыптастыру.
Психология ғылымы оқу-тәрбие жұмыстарының мазмұны мен мәнін терең түсінуге, оқушылардың ақыл ой қызметі мен мінез-құлқын басқара отырып, олардың дамуын жетілдіруге, тиімді әдіс-тәсілдерді кеңінен қолдануға мол мүмкіндік береді.Мектепте баланың рухани өсіп жетілуіне,оның жанының жайлы болуына педагогикалық-психологиялық жағдай жасау қажет.Жеке азамат ретінде әлі толық қалыптасып үлгермеген балалардың жеке және жас ерекшелігін, өзге тұлғалармен қарым – қатынасын зерттеу арқылы олардың жеке психологиялық ерекшеліктерін танып білудің маңызы зор. Психологиялық түзетудің басты мақсатының бірі – балаларды жеке тұлғалық дамуындағы психологиялық ауытқуларынан арылту, түрлі жағымды іскерлік дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Психологияның адамның өз жеке басымен, айналасындағы адамдардың жан – дүниесін, танып – білу әрекетінің нәтижесі етіп ұйымдастыру – кісінің өзін-өзі тәрбиелеу мен дұрыс мамандық таңдау үшін қажет.
Түсінік хат
Жантану 5 сыныптарды «Жан қуаттарынан» басталғаны ол оқушылардың бастапқыда психологияның ғылыми – теориялық негіздерін үйрену болып табылады. Жантану –көп салалы ғылым. Тақырыптардың қай – қйсысы да адамның күнделікті тыныс тіршілігіне аса қажетті феномендер болып табылады. Бұл бағдарламадан 5 сынып оқушыларының алатыны қабылдау мен түйсіктің айырмашылықтары. Ес,зейін,ойлау,сөйлеу және тіл туралы жалпы түсінік, сонымен қатар зейіннің қабылдау, ес, ойлау процестерімен байланыстылығы. Зейінді және сөйлеу мәдениетін дамыту. Ойын түрінде берілген тапсырмалар оқушының ойлау қабілетін дамытып, өз бетінше шешім қабылдауға және қорытынды жасауға үйретеді.
Бағдарлама 5 сынып оқушыларына арналып жасалынған.
Аптасына 1 рет, жылына 34 сағатты құрайды. Бағдарламаның негізгі мазмұны VII бөлімнен тұрады. Берілген тақырыптарға сәйкес оқушылардың өз бетінше ізденістері жұмыс барысында жүзеге асырылады.
«Жантану – жан қуаттары» бағдарламасы
Мақсаты: Түйсік, қабылдау, ес, ойлау, сөйлеу туралы түсінік бере отырып оқушылардың бойындағы қабілеттерді дамыту.
Психологиялық, ғылыми – теориялық мәселелер халқымыздың ғасырлар бойы жан мен тән төңірегінде жинастырылған рухани асыл құндылықтарды оқушы бойына сіңіру.
Оқушылардың жалпы алған білімдері мен зерделеу дағдылары негізінде психологиялық ойын дамыту. Зейіннің тұрақтылығы мен сөйлеу және қарым – қатынас орната алуға үйрету.
Міндеттері:
- Баланың түйсіне алу қабілетін дамыту
- Ойлау және сөйлеу қабілеттерін қолдана білуге үйрету
- Зейінді дамыту
- Көздеген мақсатқа жету үшін өз бетінше іздену әрекеттерін қалыптастыру
- Алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету және тәрбиелеу.
Бағдарлама мазмұны:
«Жантану –жан қуаттары» бағдарламасы аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат.
Бағдарлама VII бөлімнен тұрады: «Кіріспе», «Түйсіктер», «Қабылдау», «Ес», «Зейін», «Ойлау», «Сөйлеу»
Кіріспе
Оқушыларға психология деген ұғым туралы түсінік бере отырып, психологияның адамның өзін-өзі тәрбиелеу мен болашақта дұрыс мамандық таңдауы үшін қажетті білім саласы екендігін түсінеді. Мидың жұмыс жасауы және психика туралы меңгереді.
Түйсіктер
Түйсік туралы білімдерін кеңейту арқылы түйсік түрлерін үйренеді. Сезім мүшелері туралы түсінік алады. Түйсінуге бейімделу және оны дамыту үшін жаттығулар жасап үйренеді.
Қабылдау
Қабылдау туралы түсінік алу арқылы түйсік пен қабылдаудың айырмашлықтарын үйренеді. Қабылдаудың кісінің өткен тәжірибесінен тәуелді екендігін ұғынады. Әр жастағы адамдардың қабылдау ерекшеліктерін үйрене отырып, өздерінің жас ерекшеліктеріндегі қабылдауларын дамытуды жаттығулар арқылы үйренеді.
Ес
Ес туралы жалпы түсінік беру арқылы естің адам өміріндегі маңызы туралы ой түйеді.Естің негізгі процестері туралы талдау жүргізеді. Ырықты және ырықсыз есте қалдыруды талдайды. Естің түрлерімен таныса отырып, күнделікті тұрмыс тіршілікте пайдаланады.
Зейін
Оқушыларға зейін туралы мағұлмат бере отырып зейін түрлерімен танысады. Зейінді дамыту жолдары мен тұрақтандыруға байланысты жаттығулар жасайды. Сол арқылы зейіндерін тұрақтандыруды үйренеді.
Ойлау
Осы бағдарламадағы көп сағатты құрайтын бөлім – ойлау.
Бұл бөлімде оқушылар ойлау туралы түсінік қалыптастырып,ойлаудың күнделікті өмірде маңыздылығын сезінеді. Ойлау қызметін жүзеге асыратын орган – ми құрылымы туралы түсінік алады. Ойлаудың негізгі қызметі- мәселені шешу жолдарын үйренеді. Адамның ойлау белсенділігі мен енжарлығы, оның себептері туралы тұсінік қалыптастырады.
Сөйлеу
Оқушыда сөйлеу және тіл, сөйлеу түрлері туралы түсінік қалыптастырады. Сөзді қабылдау және оны түсінуді меңгереді. Адамдармен қарым - қатынас жасауда сөйлеудің маңыздылығын түсініп, сөйлеуді дамытады.
Күнтізбелік тақырыптық жоспар
Аптасына1 сағаттан, барлығы 34 сағат.
№ | Сабақтың тақырыбы | Сағат саны | Бөлімдер | Мерзімі | |
1 | Психология ғылымы туралы түсінік | 1 | Кіріспе | 2 с | |
2 | Ми және психика | 1 | |||
3 | Түйсік туралы түсінік | 1 | Түйсіктер | 4 с | |
4 | Түйсік түрлері | 1 | |||
5 | Адамның сезгіштігі, түйсіне алу қабілеті | 1 | |||
6 | Түйсінуге бейімдеу | 1 | |||
7 | Қабылдаудың түйсіктен айырмашылығы | 1 | Қабылдау | 4 с | |
8 | Қабылдаудың кісінің өткен тәжірибесінен тәуелдігі | 1 | |||
9 | Иллюзиялардың қате қабылдау екендігі | 1 | |||
10 | Әр жастағы адамдардың қабылдау ерекшеліктері | 1 | |||
11 | Ес туралы жалпы түсінік | 1 | Ес | 6 с | |
12 | Естің адам өміріндегі маңызы | 1 | |||
13 | Естің негізгі процестері | 1 | |||
14 | Ырықсыз және ырықты есте қалдыру | 1 | |||
15 | Естің түрлері | 1 | |||
16 | Естің адамның сезім мүшелерімен байланысы | 1 | |||
17 | Зейін туралы түсінік | 1 | Зейін | 3 с | |
18 | Зейін түрлері | 1 | |||
19 | Зейінділікті дамыту жолдары | 1 | |||
20 | Ойлау туралы түсінік | 1 | Ойлау | 10 с | |
21 | Ойлаудың дүниенің қыры мен сырын танып білудегі маңызы | 1 | |||
22 | Ми – ойлау қызметін жүзеге асыратын орган | 1 | |||
23 | Ми құрлымы туралы түсінік | 1 | |||
24 | Таңсықтану – ой туғызудың себептері | 1 | |||
25 | Мәселені шешу – ойлаудың негізгі қызметі | 1 | |||
26 | Адамның ойлау белсенділігі мен енжарлығы, оның себептері | 1 | |||
27 | Ақыл – ойлау қабілетінің басты көрсеткіші | 1 | |||
28 | Ойлау мәдениеті | 1 | |||
29 | Ойлаудың басқа таным процестерімен байланысы | 1 | |||
30 | Сөйлеу және тіл | 1 | Сөйлеу | 5 с | |
31 | Сөйлеу түрлері | 1 | |||
32 | Сөзді қабылдау және оны түсіну | 1 | |||
33 | Сөйлеудің дамуы | 1 | |||
34 | Сөйлеу және қарым-қатынас | 1 | |||
Қорытынды | 34 | Барлығы | 34 |
Пайдаланылған әдебиеттер
- Жарықбаев Қ «Мектептегі психология» №2 (наурыз-сәуір) Алматы 2009 ж. Жантану – жан қуаттары
- Иманғалиева Н «Мектептегі психология» №2 (наурыз-сәуір) Алматы 2009 Жантану – жан қуаттары
- Саңғылбаев О «Мектепке жантану пәнін енгізу – шәкірт болашағына ауадай қажет.» Мақала 2009 жыл
- Қуатжанов Т.С «Рухни – адамгершілік құндылықтар негізінде қоғамдағы тұлғаның үйлесімді дамуын қалыптастыру» Алматы 2010жыл
- Тайтанова Н.Қ «Мектептегі психологиялық қызмет іс-әрекеттерін ұйымдастыру» Алматы 2009 жыл
- Жарықбаев Қ, Табылдиев Ә «Әдеп және жантану» «Атамұра» баспасы 1994жыл
- Адляиева Д «5 сыныпқа бейімделу» Мектептегі психология №2(26) Алматы 2010 жыл
- Мағазова Г «Оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту» Мектептегі психология №9 (39) Алматы 2011 жыл
- Жарықбаев Қ «Аталар сөзі – ақылдың көзі» Алматы. Ана тілі 2008 жыл, 213 бет
- Интернет желісі