«Мектепалды даярлық тобы тәрбиешілері мен 1сыныпқа сабақ беретін пән мұғалімдері арасындағы сабақтастық жұмысы бойынша тәжірибе алмасу» тақырыбында семинар
Жетісу облысының 2023-2024 жылдарға арналған білім беру жүйесін дамыту бойынша Өңірлік жол картасын іске асыру мақсатында құзыреттілік орталық болып отырған «Ы.Алтынсарин атындағы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар қазақ гимназиясы» мемлекеттік мекемесі және екі өсу нүктесіндегі А.Байтұрсынов атындағы ОМ, М.Мыңбайұлы атындағы орта мектептерімен бірлесе отырып «Мектепалды даярлық тобы тәрбиешілері мен 1сыныпқа сабақ беретін пән мұғалімдері арасындағы сабақтастық жұмысы бойынша тәжірибе алмасу» тақырыбында семинар өтті. Семинарға І.Жансүгіорв ат ОМ, Абай ат ОМ, С.Иманасов ат ОМ, Арқарлы ОМ, Алакөл ОМ, Еңбекші ОМ, Қарабұлақ ОМ, Қызылащы орта мектептерінен 1 сынып және мектепалды даярлық тобының тәрбиешілері қатысты. Семинар барысында «1 сынып оқушысының бейнесі» тақырыбында Ы.Алтынсарин атындағы қазақ гимназиясының бастауыш сынып мұғалімдері А.Окапова, Г.Майлыбаева шебер-сынып өткізді. «Азизжан», «Ерке –Нұр», «Арай» балабақшасының тәрбиешілері «Таныстырылым» жасады. А.Байтұрсынұлы ат ОМ және М.Мыңбайұлы ат ОМ 1 сынып мұғалімдері таныстырылым жасап, Ы.Алтынсарин ат қазақ гимназиясының 1-сынып мұғалімдері Г.Ахмедиярова, Б.Бекенова «Нысана» кері байланысын берді. Семинар жоғары дәрежеде құнды ақпараттарға толы болды.