"Мұқағали – мәңгілік ғұмыр"
Аспантаудың ақиығы, поэзия патшасы Мұқағали Мақатаев туралы естеліктерге құлағымыз түрік жүретіні анық. Ақынның дара жолына, балалық шағына, өлеңді өміріне кез келген адам елең етіп, қызыға қарайды.2023 жылдың 9 ақпанында қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаевтың туған күніне орай, "Біздің мектеп- біздің мақтаныш" гимназияішілік жобасы аясында кітапханамызда ақиық ақынға арналған "Мұқағали – мәңгілік ғұмыр" атты әдеби шара өткізілді. Бұл кеште балалар М. Мақатаевтың ақын өлеңдеріне жазылған әндерді нақышына келтіре орындады.Аталмыш шара барысында ақынның өмірі мен шығармашылығынан құралған "Мұқағали – мәңгілік ғұмыр" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрмеде ақынның өз шығармашылығы мен ол туралы жазған қаламгерлердің туындылары топтастырылды. "Егемен Қазақстан" газеті, "Парасат", "Жұлдыз", "Ұлағат", "Үркер", "Аңыз адам", "Мұқағали", "Таңшолпан", "Қасым", "Ақиқат" т.б. журналдардағы материалдар ұсынылды.Мұқағали Мақатаев Қазақстанның ұлттық мәдениеті мен өнеріне зор үлес қосты. Ақын шығармашылығының басты тақырыбы: туған өлкесі, Отаны, қазақ халқының тарихы, Анаға, өмірге сүйіспеншілік, қоршаған әлемге құштарлық, мейірімділік, әйелге махаббат туралы. Мұқағалидың өлеңдері шын шабыттың, қиын күйзеліс мпен шын қуаныштан, шын сағыныштан туған. Ақын ұлы сезімге бас иіп, өз өлеңдерінде махаббат тақырыбында кеңінен суреттеген. Ақын қысқа өмірінде, соңына жарқын поэтикалық із қалдырды.