Ұлттық бірыңғай тестілеу ережесімен таныстыру » «Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Үшарал қазақ гимназиясы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
Алакөл ауданы білім бөлімінің
"Ыбырай Алтынсарин атындағы қазақ гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 2-43-03
Есепші бөлімі:
+7(72833) 2-64-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
май
2023

Ұлттық бірыңғай тестілеу ережесімен таныстыру

Талапкерлерді академиялық адалдыққа шақыру мақсатында 2023 жылдың мамыр айының 18-і күні «Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Үшарал қазақ гимназиясы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі әкімшілігі 11сынып оқушыларын Ұлттық бірыңғай  тестілеу ережесімен таныстырды. Талапкерлерге  Ұлттық бірыңғай  тест тапсыру кезінде тыйым салынған /ұялы телефон, жасырын камера, микроқұлаққаптар, қағаз шпаргалка т.б/ заттарды кргізбеу, ҰБТ ережелерін бұзбау  туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Егер тыйым салу фактілері анықталса, талапкер білім беру сертификатынан айырылатыны ескертілді.Тест тапсырушылар  тестке кірер кезде жеке куәлігін және анықтамасын ұсынып, Face-ID жүйесі арқылы тексерілетіні айтылды.Сондай-ақ, әрбір тестіленушінің алдында камера орнатылғанын айтты. Осы шаралардың барлығы  тестілеуді  тапсыру рәсімінің ашықтығын қамтамасыз етеді. Талапкерлердің тест тапсыруға барып-келудегі жол қауіпсіздігі ата-аналарының жауапкершілігінде екені ескертілді. Оқушыларымызға тек сәттілік тілейміз!