Педкеңес » «Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Үшарал қазақ гимназиясы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
Алакөл ауданы білім бөлімінің
"Ыбырай Алтынсарин атындағы қазақ гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 2-43-03
Есепші бөлімі:
+7(72833) 2-64-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
31
август
2023

Педкеңес

2023 жылдың тамыз айының 31-і  күні  « Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Үшарал қазақ гимназиясы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Гимназияны дамытудың басты негізі- құндылықтарға негізделген сапалы білім» тақырыбында бірінші кезекті педагогикалық кеңес өтті.  Педагогикалық ұжымның 2022-2023 оқу жылының оқу- тәрбие  жұмысының қорытындысы қаралып, жаңа 2023-2024 оқу жылының  оқу- тәрбие жұмысының міндеттері мен негізгі бағыттары  айқындалып, гимназияның жылдық жұмыс жоспары бекітілді. Жаңа оқу жылына басшылыққа алынатын нормативтік құқықтық актілерді түсіндіру және де гимназияның бірқатар жоспарлары талқыланып, бекітілді. Білім сапасын арттыруға бағытталған  бірнеше жобалар ұсынылып, қабылданды. Жаңа оқу жылында  оқушылармен жұмысты жүйелі ұйымдастыру, олимпиадалар мен ғылыми жобаларға  тарту мақсатында жұмыс қадамдары  нақты берілді. 2023-2024 жаңа оқу жылына ұжымымызға тек сәттілік тілейміз!