Жаңа 2018 жыл құтты болсын! » «Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Үшарал қазақ гимназиясы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
Алакөл ауданы білім бөлімінің
"Ыбырай Алтынсарин атындағы қазақ гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 2-43-03
Есепші бөлімі:
+7(72833) 2-64-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
январь
2018

Жаңа 2018 жыл құтты болсын!

Жаңа жыл жақындаған сайын жүрегімізде ерекше толқыныс пайда болып, келер жылға дайындық жасаймыз. Ит жылына аяқ басқалы тұрмыз. Әр 

 

жылдың өзіндік ыстық естеліктері бар. Жыл жақсылығымен келсін! Жаңа жылға арналған құттықтау тілектер топтамасына кезек берейік! *** Жаңа жылыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Келер жаңа жыл сіздің барлық істеріңіз бен бастамаларыңызға ақ жол ашып, мол табыстарға кенелтсін. Жаңа жыл жағымды жаңалықтарға толы болсын! Отбасыңызға амандық, береке, жұмысыңызға сәттілік тілеймін! Келесі жаңа жылда да осындай тәтті тілек айтып тұруды жазсын! *** Әр жылдың өзіне тән ерекшелігі бар. Бұл жыл сіз үшін де, біз үшін де табысты жыл болды деп ойлаймын. Алдағы жылы бұдан да үлкен табыстарға жетуді нәсіп етсін! Әрдайым жақсылықтың жаршысы болып жүре беріңіз. Бәріміз үшін ең қымбаты – өз отбасымыз. Сондықтан да отбасымызбен, төрт көзіміз түгел келесі жаңа жылды да дәл осылай қарсы алайық! Жаңа жылыңызбен!  *** Жаңа жыл бақытты болашаққа үміт, игі іс атқаруға жігер сыйлайды. Бұл жылды жаман өткізген жоқпыз деп ойлаймын. Жаңа жылды қарсылай алмай кеткен жандар да қаншама... Біз бақыттымыз. Осындай бейбіт, тыныш заманда, берекелі шаңырақта шаттықтан жүзіміз бал-бұл жайнап, ақжарма тілегімізді айтып тұрмыз. Осының өзі үлкен бақыт деп есептеймін. Көңіліміз кірлемесін! Бір-бірімізге деген сеніміміз сөнбесін! Тек жақсы үмітпен толағай табыстарға жете берейік. Жаңа жыл құтты болсын! *** Бір жыл зулап өте шықты. Жаңа жылды қарсы алар уақытта әр адам өзіне есеп береді. Қаншама іс атқардық, қаншасын атқарып үлгермедік. Еш өкініш жоқ. Тәңірдің бергенінен берері көп болғай! Ең бастысы – жақсы көретін жандармен бір дастарханда шаттанып отырмыз. Айтатын тілек көп. Осы кезге дейін бірге болып, қуанышта қасымнан табылып, қиындықта қолдау білдірген жайсаң жандарға алғыс айтқым келеді. Лайым отбасымызда жақсылық болсын! Ел іргесі бүтін болсын! Жаңа жылдарыңызбен шын жүректен құттықтаймын! *** Жаңа жыл... Жаңа үміт... Жаңа бастама... Енді бәрі жаңадан басталады. Тауық жылына еш өкпе жоқ. "Ит – жеті қазынаның бірі" дейді қазақ. Жаңа ит жылы табыстарға бастасын. Жүрегіміз қарайып кетпей, сенімдерге дақ түспей, көңілдерді кір шалмасын! Жанымыз жүдемесін! Жаңа жыл әр отбасына ырыс пен құт әкелсін! 

 

 



Похожие публикации:

16 октябрь 2017 Мекен жайымыз