18
май
2024
Төтенше жағдай бөлімшесінің қызметкерлері жиналыс өткізді.
18.05.2024 жылы Жетісу облысы ПД ЖПҚБ бастығының орынбасары полиция подполковнигі Аида Белгібаева және Алакөл ауданы төтенше жағдай бөлімшесі қызметкерлерімен «Соңғы қоңырау-2024», «Судағы қауіпсіздік» және басқа өзекті мәселелер бойынша 9-11 сынып ата-аналарына жиналыс өткізді.
Жиналыста, балалардың үй маңындағы арықтағы су қауіпсіздігі, ҰБТ қарсаңындағы оқушылардың психикалық-эмоционалды жағдайларын бақылауда ұстау, ата-анамен бала арасындағы қарым қатынас, оқушылардың смартфондарын, оның қандай сайттарда, әлеуметтік желідегі іс-қимылдарын бақылауға алу, аттестат алудан кейінгі топтасып жиналу кезінде ата-ананың қадағалауы, мопед және скутердің бала өмірі үшін қауіптілігі, әлімжеттік туралы айтылды. Сонымен қатар, отбасындағы ата-ана арасындағы кикілжіңдер мен қақтығыстардың бала үшін өте ауыр тиетін тұстарын айтып кетті.