Мектеп ұстаздарына маңызды жаңалықтарды хабарлау » «Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Үшарал қазақ гимназиясы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» отдела образования Шуского района
Жетісу облысы
Алакөл ауданы білім бөлімінің
"Ыбырай Алтынсарин атындағы қазақ гимназиясы"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72833) 2-43-03
Бухгалтерия
+7(72833) 2-64-25
Версия для
слабовидящих
22
май
2023

Мектеп ұстаздарына маңызды жаңалықтарды хабарлау

2023 жылдың мамыр айының 22- сі күні гимназия директоры Хасенова Галима Токишевна аптадағы ең үлкен, маңызды жаңалық  2023 жылдың мамыр айының 19-ы күні Алакөл ауданы Үшарал қаласына  оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлының іс сапармен келіп, аудан педагогтерімен кездескенін  айтты. Мектеп ұжымына министрдің білім саласындағы оң өзгерістер туралы туралы және мұғалімдер үшін жасалынып жатқан жақсы жағдайлар және алдағы уақыттағы ұсынылып отырған игі істер туралы айтқанын жеткізді. Оқыту мен тәрбие үрдісінде мектеп, отбасы және қоғамдық ұйымдармен тығыз байланыста жұмыс жасау, ата-ана жауапкершілігін арттыру, педагогтарды аттестаттау, кәсіби шеберлігі мен біліктілігін  көтеруді ұйымдастыру мәселесі , яғни мұғалімдердің жалақысын көтеру- жүзеге асырылған басты қадамдардың бірі болғанын айта келе  аттестациялау жүйесін жетілдіру бойынша  кешенді жұмыс жүргізіліп,  портфолио  қалыптастыру барысы қайта қаралуда, келешекте  мұғалімнің жетістігі  оның әрбір оқушысының жетістігімен бағаланатын айтты.   Жаңадан келген жас мұғалімдермен әдістемелік жұмысты дұрыс жолға қою, ұжымдағы сыйластық  пен ауызбіршілікті нығайту, өз кезегінде этикалық қағидалардың  бұзылмауын қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа  қарсы іс- қимыл саласындағы  қатынастарды реттеу  және Қазақстан Республикасында  сыбайлас жемқорлыққа  қарсы саясатты іске асыруды басты назарда ұстау тапсырылды. Оқушыларды  оқуға шабыттандыру, оқушыларға оқудағы  және дамытудағы қиындықтары бойынша  жеке көмек беруді ұйымдастыру және министрлік ауыл оқушыларының жалпы білім беретін  пәндер бойынша  республикалық олимпиадасын өткізу жоспарының әзірленіп жатқанын айтты.  Сонымен қатар, 1-4 сынып оқушыларын 100 пайыз  тамақтандыру мәселесін қолға алу, Ұлттық асхана- яғни ас мәзірінде ұлттық тағамдардың болатынын айтты. Сондай-ақ,  Қазақстан Республикасының  әр оқушысы тиісті, білікті, сапалы білім алып,  еліміздің бетке ұстар  азаматтары  болып шығуына ұстаздарды аянбай еңбек етуге шақырғанын айтты. Кездесу болған күн  тарихи күн, тарихи кездесу болды.