Үшарал қазақ гимназиясының директоры Кусайнова Корлан Турсымбековна » «Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Үшарал қазақ гимназиясы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
Алакөл ауданы білім бөлімінің
"Үшарал қазақ гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 2-43-03
Есепші бөлімі:
+7(72833) 2-64-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
январь
2021

Үшарал қазақ гимназиясының директоры Кусайнова Корлан Турсымбековна

Кусайнова Корлан Турсымбековна 1966 жылы Семей облысы, Шұбартау ауданы, Бидайық селосында дүниеге келдім. Мектепті бітіргеннен кейін Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ Педагогикалық институтының тарих факультетін бітіріп, Алматы облысы, Алакөл ауданы Үшарал қаласында мұғалімдік еңбек жолымды бастадым. Оқушыларым облыстық, республикалық олимпиада және ғылыми жоба жарыстарының жеңімпаздары болды. 

1994 жылдан 2009 жылға дейін директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары болып жұмыс істедім. 2009 жылдан 2012 жылға дейін   Алакөл аудандық білім бөлімінде әдістемелік кабинет меңгерушісі болып қызмет атқардым. 2012 жылдан бері «Үшарал қазақ гимназиясы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» КММ директоры болып қызмет атқарудамын.

Еңбегім бағаланып, 1997 жылы «Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі» белгісімен марапатталдым.  Алматы облыстық Білім басқармасының, Алматы облыстық мамандар  кәсібін дамыту институтының  және  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамоталарымен марапатталдым.

Бірнеше мақалаларым баспасөз беттерінде жарық көрді. Сонымен бірге облыстық білім басқармасы және облыстық әдістемелік орталығының жинақтарында еңбектерім жарық көрді.  «Тарихи үдеріс, тарих беттерінен» тақырыбында авторлық бағдарламам бар. 

 «Назарбаев зияткерлік мектебі» ДББҰ «Педагогикалық шеберлік орталығы» Қазақстан Республикасы оңтүстік аймақтардың жетекші мектептерінің  «Жаңару жаршысы-2019» атты республикалық форумында іс – тәжірибем  таратылды.  


Менің жетістіктерім:


  • 1997 жылы Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің үздігі белгісін алды.
  • 2005 жылАлматы облыстық білім департаменті Облыстық мамандар кәсібін дамыту институты «Басқарудағы педагогикалық менеджмент: жай- күйі, проблемалары және шешу жолдары» облыстық ғылыми- практикалық конференциясында «Білім сапасын арттыруда оқу- тәрбие үдерісіне білім беру технологияларын енгізудің ролі» баяндамасы оқылды
  • 2006 жылы Алматы облысының білім департаменті мен облыстық мамандар кәсібін дамыту институты шығарған «Ізденіс, шығармашылық, нәтиже» тақырыбындағы жинаққа іс- тәжірибесі шықты.
  • «Басқарудағы педагогикалық менеджмент: жай-күйі, проблемалары және оларды шешу жолдары» облыстық ғылыми-практикалық конференцияда баяндамасын оқып, жинаққа шығарылды. 
  • 2009 жылдан Алакөл аудандық білім бөлімінде әдістемелік кабинет меңгерушісі лауазымын атқарған уақытында педагогикалық ұжымдардың әдістемесін насихаттау мақсатында «Базистік оқу жоспарының вариативтік компонентіндегі курстардың бағдарламалары», «Әлемнің тізгіні білімдінің қолында», «Іденіс, шығармашылық, нәтиже», «Авторлық бағдарламалар», «Болашақ білімдінің қолында» тағы басқа жинақтарды құрастырып шығарды. 
  • Алматы облыстық мамандар   кәсібін дамыту институтының «Білім саласындағы интерактивті технологиялар», «Сатылай кешенді талдау технологиясын оқытудың тиімділігі» курстарынан өтті.
  • 2006, 2011 жылдары Алматы облыстық білім басқармасының Құрмет грамоталарымен марапатталды
  • 2011ж Алматы облыстық мамандар  кәсібін дамыту институтының Құрмет грамотасымен марапатталды
  • 2011ж Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
  • 2012 жыл Алматы облысының білім басқармасы Алматы облыстық мамандар кәсібін дамыту институтының «Құзырлылық тұрғыдан қоғамдық пәндерді оқыту» жинағында «Қоғамдық пәндерді оқытуда пайдаланатын сабақтар» мақаласы жарық көрді
  • 2012 жыл Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты Педагогикалық менеджмент кабинетінің «Білім мекемесін басқару: ізденіс, тәжірибе» жинағында «Ізденіске, шығармашылыққа, кәсіби құзыреттілікке бағытталған жұмыс- білім беру жетістігінің кепілі» мақаласы жарық көрді
  • 2012 жыл «Атамекен-ай» журналында «Ақыл мен сананың, білім мен біліктің бәсекеге түсер заманы» мақаласы жарық көрді
  • 2013 жылы қаңтарда оқушысы Сержанов Мади Қазақстан тарихынан облыстық пән олимпиадасында ІІ орынды иеленді. 
  • 2014 жыл. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы Кембридж университетінің Білім беру факультетімен бірлесіп әзірлеген Қазақстан Республикасының жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша 640 академиялық сағат көлемінде курсты аяқтаған
  • 2014 жыл Алматы облысы Қазақстандағы қазіргі заманғы білім беру энциклопедиясында гимназия тәжірибесін жариялады
  • 2014 жыл «Алматы облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасы» ММ «Қауіпсіздік және еңбек қорғау» жөнінде оқу бағдарламасы курсынан өтті
  • 2014 ж. Алматы облысы білім беру қызметкерлерінің тамыз конференциясы секция жұмысына қатысу «Деңгейлік курстан  өткен мұғалімдердің іс- тәжірибесін ұйымдастыру»
  • 2015 жыл Алматы облыстық Білім басқармасы Тамыз конференциясының секция отырысында оқылған баяндама. «Болашақта жас ұрпақты тәрбиелеудегі білім беру мекемесінің қызметін ұйымдастыру бағыттары»
  • 2014 жыл. Астана қаласындағы «Білім беру саясаты, тәжірибе және зерттеу»халықаралық ғылыми- тәжірибелік конференциясына «Гимназия қоғамдастығының мұғалімдердің кәсіби дамуындағы орны» тақырыбында қатысу.  
  • 2016жыл.  «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша 40 академиялық сағат көлемінде курсты аяқтаған
  • 2016 жыл Республикалық «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы Педагогикалық шеберлік орталығының «Үздік Тәлімгер» сертификаты
  • 2016 жыл. Алматы облыстық әдістемелік кабинеті «Оқыту мен оқу үрдісінде инновациялық әдіс- тәсілдерді енгізу» жинағына «Көшбасшы мұғалімдердің жұмысын тиімді ұйымдастыру арқылы тәжірибеге өзгерістер енгізу» мақаласы жарық көрді
  • 2016 жыл Алматы облысы білім беру қызметкерлерінің тамыз конференциясы секция жұмысына қатысу  «Білім мазмұнын жаңарту аясында инновациялық менеджментті жетілдірудегі мектеп басшысының рөлі»
  • 2017 жыл Алматы облыстық Білім басқармасы ММ «Әдістемелік кабинет» МКҚК ұйымдастырған гимназия, лицей директорлары арасындағы облыстық директорлар Форумында ІІ дәрежелі диплом
  • 2017 жыл Алматы облыстық әдістемелік кабинеті «Оқыту мен оқу үрдісіне жаңа тәсілдерді енгізу: педагогтардың кәсіби өсуі мен оқу үрдісі жетістігінің нәтижесі» жинағына «Гимназиядағы тәлімгерлікке негізделген қоғамдастықтың жұмысы»
  • 2017 жыл Алматы облыстық Білім басқармасы ММ «Әдістемелік кабинет» МКҚК ұйымдастырған «Білім мазмұнын жаңарту аясында инновациялық менеджментті жетілдірудегі мектеп басшысының рөлі» тақырыбындағы аймақтық семинарда «Тәлімгерлік жұмыстың мұғалімнің кәсіби дамуына ықпалы» тақырыбындағы шебер сынып көрсетіп тәжірибе таратты
  • 2017жыл Алакөл ауданы білім қызметкерлерінің тамыз кеңесінің секция жұмысы: «Білім мазмұнын жаңарту аясында инновациялық менеджментті жетілдірудегі мектеп басшысының ролі» таныстырылымы
  • 2017 жыл Алматы облысының Білім басқармасы ММ «Әдістемелік кабинет» МКҚК ұйымдастырған «Білім беру мазмұнын жаңарту аясында заманауи мектепті басқарудағы инновациялық қадам» облыстық мектеп директорларының форумында постер сессия алаңында Тәлімгерлікке негізделген қоғамдастық жұмысын қорғады
  • 2017 жылы Алматы облысы білім беру қызметкерлерінің тамыз педагогикалық кеңесі Білім бөлімі басшыларының секция жұмысында «Білім мазмұнын жаңарту аясында инновациялық менеджментті жетілдірудегі мектеп басшысының ролі» тәжірибелік пікір алмасуын өткізді
  • 2018 жыл Оқушысы Асланова Нұрсая облыстық пән олимпиадасында ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды
  • 2018 жыл Оқушылары Ериков Д, Асанқызы М, Жақанбай А, Асемханова А, Қасымжанова М Республикалық Ұлттық Интернет Олимпиадасының жеңімпаздары
  • 2018 жыл. «Жаңа ғасыр таланттары-2018» І республикалық байқауының дипломымен марапатталды
  • 2018 жыл Конрад Аденауер атындағы қордың (Konrad Adenauer Stiftung) Алғыс хаты 
  • 2018 жыл «НұрОтан» партиясы облыстық филиалының Алғыс хаты
  • Республикалық «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы Педагогикалық шеберлік орталығының «Үздік Тәлімгер» сертификаты
  • 2018 жыл Конрад Аденауер атындағы қордың (Konrad Adenauer Stiftung) Алғыс хаты 
  • 2018 жылы «Тарихи үдеріс, тарих беттерінен» авторлық бағдарламасы жинаққа шықты («Авторлық бағдарламалар жинағы (әдістемелік құрал)» Алматы қаласы, 2018ж)
  • 2018 жыл «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының Алғыс хаты
  • 2018 жыл Алматы облыстық Білім басқармасы ММ «Әдістемелік кабинет» МКҚК «Алакөл аудандық білім бөлімі» «Педагогтың кәсіби өсуі білім берудің жаңа сапасын қамтамасыз етудің басты шарты » жинағында «Білім мазмұнын жаңарту аясындағы мектеп басшысының ролі» мақаласы жарық көрді
  • 2018 жылдың қараша айында Алматы облысы Білім басқармасы ММ Облыстық білімді дамыту оқу- әдістемелік орталығы ұйымдастырған «Білім сапасын арттыруда сабақты зерттеудің маңызы» тақырыбындағы семинар практикумында «Сабақты зерттеу- құндылықтарды оқушылардың бойына дарытуды анықтау тәсілінің бірі»  тақырыбында шебер сынып көрсетіп тәжірибе таратты
  • 2018 жылдың 27-29 желтоқсанында Қырғыз Республикасы Нарын қаласында өткен Орталық Азия Университетінің Білім беруді дамыту бағдарламасы (ОАУ БДБ) басшылығының STEM (жаратылыстану ғылымдары, технология, инженерия және математика) саласында, ақпараттанужәне ағылшын тілі бойынша академиялық үлгерімін арттыру, «21 ғасыр маманы» дағдыларын дамыту бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында өткен халықаралық тренинг сертификаты
  • 2019 жылдың 12 қаңтарда Талдықорған қаласы ДББҰ «Назарбаев зияткерлік мектебі» «Педагогикалық шеберлік орталығы» Талдықорған қаласындағы филиалының базасында «Жаңартылған білім беру мазмұны аясында мектепті дамыту жоспары» тақырыбында өткен оқыту семинарында іс – тәжірибесі таратылды. 
  • 2019 жыл «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының құрылғанына 10 жыл толу құрметіне арналған  мерейтойлық белгісімен марапатталды
  • 2019жыл Алакөл ауданы білім қызметкерлерінің тамыз кеңесінің пленарлық  жұмысы: ««Тәрбие және білім» жобасы бойынша Қазақстандық патриотизм және ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу аспектілері» баяндамасы
  • 2019 жыл Алматы облыстық Білім басқармасы ММ «Облыстық білім беруді дамыту оқу- әдістемелік орталығы»МКҚК «Көшбасшылық және менеджмент: Мектепті тиімді басқару жолдары»жинағында «Мектептің миссиясы мен стратегиясын анықтаудағы мектепті дамыту жоспарын құрастыру тиімділігі» мақаласы 
  • 2019жыл  Шымкент қаласында  «Мектепті тиімді басқарудағы бөлініскен көшбасшылық» тақырыбындағы іс- тәжірибе тарату сертификаты
  • 2019жыл  Шымкент қаласында  «Назарбаев зияткерлік мектебі» ДББҰ «Педагогикалық шеберлік орталығы» Қазақстан Республикасы оңтүстік аймақтардың жетекші мектептерінің   «Жаңару жаршысы-2019» атты республикалық форумында іс – тәжірибе таратқаны үшін Алғыс хатпен марапатталды
  • 2020жыл  Аудандық «Білім беру сапасын арттыру және тиімді жұмыс істеудің режимі» мектеп басшыларының белсенді топ- шебер класс алаңында 1 топ құрамында І орын алды 
  • 2020 жыл Гуманитарлық пән мұғалімдері арасындағы облыстық қашықтық Олимпиадасында ІІ орын иеленді
  • 2020 жыл «Өрлеу» ҰББО ұйымдастырған  «Дүниежүзі тарихы» және «Құқық негіздері» пәндері бойынша біліктілік арттыру курсы 
  • 2020 жыл Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім Академиясының мектеп басшыларына арналған Менеджмент курсын оқыды