Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Нүсіпова Айжан Боранбекқызы » «Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Үшарал қазақ гимназиясы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
Алакөл ауданы білім бөлімінің
"Ыбырай Алтынсарин атындағы қазақ гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 2-43-03
Есепші бөлімі:
+7(72833) 2-64-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
сентябрь
2018

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Нүсіпова Айжан Боранбекқызы

Нүсіпова Айжан Боранбекқызы, 1994 жылдың   18 қыркүйегінде Алматы облысы, Алакөл ауданы, Ынталы ауылында дүниеге келдім. 2001 жылы Ынталы орта мектебінің табалдырығын аттап, 1-сыныпқа қабылдандым. 2012 жылы мектепті бітіріп, Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласындағы «М.О.Әуезов атындағы педогогикалық коллоеджге» қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі мамандығы бойынша оқуға түстім. 2015 жылы үздік дипломмен аяқтадым. Білімімді жоғарылату мақсатында 2015 жылы Тараз қаласындағы «Тараз Мемлекеттік педогогикалық универсиетіне оқуға түсіп, 2018 жылы тәмәмдадым. 

2015-2018 жылдары аралығында Ынталы орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмыс істедім.

2018 жылдан бері  Үшарал қазақ гимназиясында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарудамын.

Біліктілігін көтеру туралы мәлімет:

ҚР Білім және ғылым министрінің 27.01.2016 жылғы №83 бұйрығымен бекітілген «Педагог қызметкерлерді аттестаттау туралы» ережесіне сеәйкес  ІІ біліктілік санатына өттім.

2016 жыл. ҚР орта білім мазмұнын жағарту шеңберінде критериалды бағалау жүйесін енгізу бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілерінің біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша 80 академиялық сағат көлемінде оқыту курсын аяқтадым.

2016 жыл. «Білім мазмұнын жаңарту жағдайында «Абайтану» курсын оқыту ерекшеліктері тақырыбында 72 сағат көлемінде біліктілікті арттыру курсынан өттім.

2018 жыл. Алматы облысы, Алакөл ауданында өткізілген «Жаңартылған білім беру бағдарламасындағы критериалды бағалау» тақырыбындағы республикалық оқыту семинарына (16 сағат) қатысқаным үшін сертификат алдым.

2018 жыл. Жаңартылған бағдарлама бойынша курс өттім.

Жетістіктерім: 

2015 жыл. «Бейбітшілік әлемі» Халықаралық Қазақ Творчестволық Бірлестігі  халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайта отырып, еліміздің өркендеуі жолында жас ұрпаққа саналы білім, сапалы тәрбие берудегі ұйымдастырушылық, іскерлік қабілетіңізді және оқытудың инновациялық технологиясын енгізудегі еңбегімді жоғары бағалап «Қазақ хандығына-550 жылдығына» орай ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталдым.

2016 жыл. ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Педагогикалық инновация-білім сапасын қамтамасыз етудің шарты» атты республикалық ғылыми практикалық конференция жұмысына белсене қатысқаным үшін мадақтама алдым.

2017 жыл. Аудандық  XVIII Абай оқулары «Көңілім әнді ұғады» номинациясында оқушым Қабдығалиев Ерасыл І орын иеленді.

2018 жыл. Аудандық «Зерде» ғылыми жоба жарысының қазақ әдебиеті секциясында  оқушым Әділмұрат Ділназ ІІІ орын иеленді.

2018 жыл.  Аудандық «Үздік қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі-2018» байқауынан ІІІ орын алдым.

  1. жыл. Аудандық мұғалімдер арасында өткен пән олимпиадасында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен ІІ орын алдым.

2020жыл. ҚР Тұңғыш Президенті қоры сыйлығының иегері Qaztest.kz онлайн олимпиада сайты республика мұғалімдерінің арасында қазақтың Ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай ұйымдастырылған І Республикалық «Абай әлемі және рухани мұрасы» қашықтық олимпиадасының ІІ дәрежелі жүлдегерімін.

  1. жыл. ҚР Тұңғыш Президенті қоры сыйлығының иегері Qaztest.kz онлайн олимпиада сайты жалпы білім беретін  мектептердің оқушылары арасында жас зияткерлерді   анықтау мақсатында  ұйымдастырылған І Республикалық «Жас интеллектуал» қашықтық олимпиадасынан оқушым Меңғали Балнұр  ІІІ дәрежелі диплом иеленді.

2020жыл. ҚР Тұңғыш Президенті қоры сыйлығының иегері Qaztest.kz онлайн олимпиада сайты жалпы білім беретін мектептердің оқушылары  арасында қазақтың Ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай ұйымдастырылған І Республикалық «Абай әлемі және рухани мұрасы» қашықтық олимпиадасынан оқушым Жақанбай Алуа  ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

2020 жыл. Оқушылар арасында өткен аудандық пән олимпиадасында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен оқушым Баймұрат Қазыбек І дәрежелі диплом иеленді.

2020 жыл. Аудандық «Үздік қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі-2020» байқауында ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталдым.