Директордың оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары Аликеева Айжан Ашимовна » «Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Үшарал қазақ гимназиясы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
Алакөл ауданы білім бөлімінің
"Ыбырай Алтынсарин атындағы қазақ гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 2-43-03
Есепші бөлімі:
+7(72833) 2-64-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
октябрь
2020

Директордың оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары Аликеева Айжан Ашимовна

Аликеева Айжан Ашимовна 1977 жылы  1 қаңтарда Алматы облысы, Алакөл ауданы, Ақтүбек ауылында дүниеге келдім. 1983 жылы Октябрдың 40 жылдығы атындағы орта мектептің 1-сыныбына қабылданып, 1992 жылы 9-сыныпты үздік бітіріп шықтым.

         9 сыныптан кейін  Балқаш педагогика колледжіне түсіп, 1996 жылы аталған колледждің «Бастауыш білім беретін мектепте бастауыш сыныпты оқыту» мамандығын үздік дипломмен аяқтадым. Сол жылы І.Жансүгіров атындағы мемлекеттік Талдықорғануниверситетіне түсіп, 1998 жылы Аталған университеттің «Бастауыш оқыту педагогикасы және әдістемесі» мамандығы бойынша толық курсты үздік дипломмен бітірдім.

1. 1998-1999 оқу жылы Талдықорған қаласы №45 мектепте бастауыш сыныпқа сабақ бердім.

2. 1999-2012жж. Алакөл ауданы, Жайпақ ауылы, М.Төлебаев атындағы орта мектепте бастауыш сыныпқа дәріс бердім.

3. 2012-2014жж. Үшарал қазақ  гимназиясы – бастауыш сынып мұғалімі, бастауыш білім беру кафедрасының жетекшісі болдым.

4. 2014 жылдың қазан айынан бастап Үшарал қазақ гимназиясы директорыныңоқу-тәрбие жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келемін.

2018 жылы педагог-зерттеуші біліктілік санатына өттім.

Біліктілігін көтеру туралы мәлімет:

  1. 2011 жылы Алматы облыстық мамандар кәсібін дамыту институтында «Мұғалімдердің шығармашылығын жетілдіру – нәтижеге бағытталған білім берудің негізі» тақырыбы бойынша;
  2. 2013 жылы Астана қаласында, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы «Педагогтың кәсіби құзіреттілігін дамыту білім беру сапасын бақылаудың құралы»   тақырыбы бойынша;
  3. 2013 жылы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты «Білім беру ұйымдарында электрондық оқыту (e-learning) жүйесінде оқытуды басқару» тақырыбы бойынша;
  4. 2015 жылы  «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің басшы және ғылыми педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институты, 

« Бастауыш мектеп оқушыларының оқу, математика, ғылыми жаратылыстану сауаттылығын қалыптастыру негіздері» тақырыбы бойынша;

  1. 2016 жылы  Астана қаласында өткен ҚР БҒМ «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ ұйымдастырған   PIRLS – 2016 халықаралық зерттеуін ұйымдастыру және өткізу жөніндегі оқыту- семинарына қатысқаны  үшін Сертификат алдым.
  2. 2016 жылы ОТЖ орынбасарларының жаңартылған бағдарлама бойынша курсынан өттім. БЖ №023650 
  3. 2017 жылы Талдықорған қаласы ПШО  жаңартылған бағдарлама бойынша курстан өттім. БЖ №030745
  4. 2017 жылы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген «Тәжірибедегі рефлексия» жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасы бойынша 100 академиялық сағат көлеміндегі мектепішілік курсын аяқтадым. Серия М №000014
  5. 2018 жылы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы «Менеджмент және корпоративтік басқару ұстанымдары негізінде білім беру ұйымдары қызметін ұйымдастыру, мектепішілік бақылау бағыттары» 40 сағат. Тіркеу нөмірі №0211708
  6.  Жаңартылған бағдарлама бойынша курс 2019жылы

Жетістіктерім: 

  1. 2012жылы Алакөл аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі «Этнография бағыты бойынша аудандық авторлық бағдарламалар» байқауынан III орын;
  2. 2013 жылы Гимназияішілік «Жылдың үздік педагогы - 2013» байқауынан            I орын;
  3. 2014 жылы Алакөл аудандық білім бөлімі «Үздік бастауыш сынып мұғалімі - 2014» байқауында бас жүлде;
  4. 2014 жылы облыстық «Үздік бастауыш сынып мұғалімі» байқауында II орын;
  5. 2014 жылы Астана қаласы, оқыту және дамыту орталығы «Ұлағатты ұстаз» атты IV Республикалық оқытушылар конкурсында «Бастауыш сынып оқушыларының сабақтан тыс жұмыстар бағдарламасы» номинациясында II орын;


  1. 2015 жылы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ   филиалы Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің басшы және ғылыми педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институты «Педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру курсы барысында көрсеткен құзыреттілігі мен жоғары кәсіби білімі үшін» құрмет грамотасы;
  2. 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына арналған «Қазақстан Республикасындағы Білім беру мазмұнын жаңғырту жағдайында оқушылардың бойында патриотизм мен азаматтықты қалыптастыру» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференцияда «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында  оқушылардың азаматтық-отансүйгіштік құндылықтарын дамыту тенденциялары» тақырыбында баяндама оқыды, баяндамасы жинаққа басылып шықты.
  3. 2015 жылы  №000000615  «Нұрлы болашақ» Республикалық қашықтықтан олимпиадалар өткізу орталығы ұйымдастырған 1-4 сыныптарға арналған математика пәнінен Республикалық олимпиадаға жеңімпаздар дайындағаны үшін АЛҒЫС хат
  4. 2015 жылы  №000000616   «Нұрлы болашақ» Республикалық қашықтықтан олимпиадалар өткізу орталығы ұйымдастырған 1-4 сыныптарға арналған қазақ тілі пәнінен Республикалық олимпиадаға жеңімпаздар дайындағаны үшін АЛҒЫС хат
  5. 2015 жыл Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығының дипломымен марапатталды.
  6.  «Нұрлы болашақ» республикалық қашықтықтан олимпиадалар өткізу орталығы ұйымдастырған математика пәнінен 4-сынып оқушысы Қабдулмәжит Асылжан I орын;
  7.   «Нұрлы болашақ» республикалық қашықтықтан олимпиадалар өткізу орталығы ұйымдастырған қазақ тілі пәнінен 4-сынып оқушысы Қыдырқан Нұржан II орын;
  8.  2015 жылы «Мәңгілік ел үміттері» оқушы жетістігі жарияланды.
  9.  2016 жылы «Облыстық әдістемелік кабинеті» МКҚК «Алакөл аудандық білім бөлімі» Оқыту мен оқу үрдісінде инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу жинағында «Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда PIRLS халықаралық зерттеуінің тиімділігі» атты мақаласы жарияланды. 
  10. 2017ж. Аудандық «Оқыту мен оқу үрдісіне жаңа тәсілдерді енгізу: педагогтардың кәсіби өсуі мен оқу үрдісі жетістігінің нәтижесі» жинағында «Жаңартылған білім – болашақтың кепілі» атты мақаласы жарияланды.
  11.  2018ж. «Салт-дәстүр – асыл қазынам» атты авторлық бағдарламам облыс көлемінде таратылды.
  12. 2018ж. ҚР білім және ғылым министрлігі білім және ғылым саласындағы  бақылау комитетінің құрмет грамотасы.
  13.  «Қазіргі заманғы білім берудегі инновациялық бағыттар» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция жұмысына белсене қатысқаны үшін сертификат алды.
  14.  2018ж. Қазіргі білім берудегі инновациялық технологиялар" атты республикалық ғылыми-практикалық конференциясына қатысып, «Ойынтехнологиясы арқылы оқушылардың шығармашылығын қалыптастыру» атты мақалам жарияланды.
  15. 2019ж. Республикалық дарынды оқушылар порталы ұйымдастырған шығармашылық байқауларға шәкірттеріңізді дайындағаныңыз үшін алғыс білдіреміз.Тіркеу номері: №KUD001197
  16.  2020ж. ҚР Түңғыш Президенті қоры сыйлығының иегеріQaztest.kz онлайн олимпиада сайты республика мұғалімдерінің арасында қазақтың Ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай ұйымдастырылған І Республикалық «Абай әлемі және рухани мұрасы» қашықтық олимпиадасының ІІ дәрежелі жүлжегері.
  17. 2020ж. Педагогтердің біліктілігін арттыру тестінен сүрінбей өтіп, І Республикалық «Білікті педагог» олимпиадасының ІІ дәрежелі жүлдегері атандым.