Бастауыш сынып мұғалімі Машаева Жанар Турганбаена » «Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Үшарал қазақ гимназиясы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
Алакөл ауданы білім бөлімінің
"Ыбырай Алтынсарин атындағы қазақ гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 2-43-03
Есепші бөлімі:
+7(72833) 2-64-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
сентябрь
2020

Бастауыш сынып мұғалімі Машаева Жанар Турганбаена


Алматы облысы

Алакөл ауданы

«Үшарал қазақ гимназиясы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі


Мен Машаева Жанар Турганбаена 1983 жылы  10 сәуірде  Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Егіндібұлақ ауылында дүниеге келдім. 1989 жылы Егіндібұлақ орта мектебінің 1-сыныбына қабылданып, аталған мектепте 6 сыныпқа дейін оқыдым. 1995 жылы «Халық мұғалімі Құмаш Нұрғалиевтің  мектеп – гимназиясына» қабылданып, 2000 жыл бітіріп шықтым.

         2001 -2003 жылдары Сәрсен Аманжолов атындағы  Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті  көпсалалы колледжін оқып, «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығын   үздік дипломмен бітірдім.

         2003-2006 Сәрсен Аманжолов атындағы  Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университетін «Бастауыш оқытудың педагогикасы

мен әдістемесі» мамандығын  аяқтадым.

Еңбек жолым: 

1. 2003-2010 жж. ШҚО, Күршім ауданы, «Н. Островский атындағы орта мектебі» бастауыш пәнінің мұғалімі.

2. 2010-2011 жж. Алматы облысы, Алакөл ауданы, Үшарал қаласы «№1   орта мектебі» бастауыш пәнінің мұғалімі.

3. 2015-2016 жж. ШҚО, Жарма ауданы, «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ бастауыш пәнінің мұғалімі.

4. 2016-2020жж. ШҚО, Өскемен қаласы, «Ахмер орта мектебі» КММ бастауыш пәнінің мұғалімі 

5. 2020 жылдың қыркүйек айынан бастап Үшарал қазақ гимназиясыда бастауыш пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеймін.

2020 жылы педагог-сарапшы біліктілік санатына өттім.

Біліктілігін көтеру туралы мәлімет:

  1. 2016 жылы  тамыз айында «Бастауыш сыныптарында инновацияық технологияларды қолдану» курс бағдарламасын (№7223-1719-21 ҚҚ МЮ РК ) бітірдім
  2. 2017 жылы «Өзін-өзі тану» пәнін оқыту негіздері. «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы» АҚ;
  3. 2018 жылы «ҚР орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде қазақ тілінде оқытатын мектептердегі бастауыш сынып пәндері бойынша оқыту курсы» Педагогикалық шеберлік орталығының Өскемен қ. филиалы.
  4. 2019 жылы ОТБАСЫЛЫҚ ТӘРБИЕЛЕУ ТНСТИТУТЫ» ЖШС өткізген «Бақытты отбасы » бағдарламасының оқу курсы» бағдарламасы бойынша сынып жетекшілердің біліктілікті арттыру online оқу курсын оқыдым.

Жетістіктерім: 

1.     2009 жылы Күршім аудандық білім бөлімі «Үздік бастауыш сынып       мұғалімі - 2009» байқауында бірінші орын алдым;

2.    2016 жыл.«Бастауыш сыныпта ақпараттық  - коммуникациялық технологиясын қолдану арқылы заманауи сабақтарды өткізудегі жаңа жолдар» тақырыбындағы бастауыш сынып мұғалімдерінің  жинағында ашық сабағым жарық көрді.

3.   2016 жыл. Қазақстан ұстаздары өткізген «Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған  республикалық қашықтық олимпиадасы» І орын.   

  1. 2017жылы Психологтер мен көмектесуші кәсіп мамандарының   Бірінші  Еуразиялық Конгресінің материалдары, Астана қаласы . « Бастауыш сыныптарда сын тұрғысынан ойлау технологиясын тиімді қолдану.» тақырыбында мақалам шықты. 
  2. 2018 жылы  www.intolimp17 -  оқу әдістемелік орталығы ұйымдастырған сайыста  « Жазық фигураларының модельдері» атты ашық сабақ жоспарым  «Үздік сабақ жоспары» атағын иеленді.
  3. 2018 жылы «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту» тақырыбындағы облыстық педагогикалық идеялар парадында ашық сабақ бердім.  Алғыс хатпен марапатталдым. Өскемен қаласы.
  4. 2018 жылы «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың жолдарын көрсету» тақырыбындағы қалалық семинарында тірі табиғат бұрышын таныстырдым. Өскемен қаласы.
  5. 2018 жылы «Оқытудың жаңа тәсілдері  арқылы оқушылардың оқу белсенділігін дамыту» әдістемелік-көмекші құралым таратылды. 
  6. 2018 жылы Бастауыш сыныптарға арналған элективті курс бағдарламасы «Логика»  (1-4 сыныптарға арналған)
  7. 2019 жылы «Барыс-2019» республикалық олимпиадасында шәкірттеріңіз жоғары деңгейде білім сапасын көрсетіп. Жүлделі орындарды иеленгені үшін.» Алғыс хат.
  8. 2019 жылы ПОНИ Халықаралық байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерін сапалы дайындағаны үшін. Диплом.
  9. 2019 жылы «Болшаққа бағыт» республикалық ғылыми-әдістемелік журналына «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту – танымдық даму негізі» атты мақалам жарияланды.
  10.  2020 жылы ПОНИ Халықаралық байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерін сапалы дайындағаны үшін. Диплом.
  11. 2020 жылы «Конференция – бастауыш сыныпта білім беру: теориясы, тәжірибесі мен даму тенденциялары» атты халық аралық қатысулармен өткізілетін Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатыстым.
  12. 2020 жылы «Білім беру жүйесіндегі көп жылғы қажырлы еңбегі үшін және 8 наурыз –Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай.» Қалалық білім беру қызметкерлері кісіподақ ұйымының төрағасынан.
  13. 2020 жылы Халықаралық Бастауыш сынып ұстаздары арасында өткен олимпиадасында І дәрежелі диплом.
  14.  2020 жылы Reo.kz сайты бастауыш сынып мұғалімдері арасында өткізген сайыста ІІ дәрежелі дипломмен марапатталдым.
  15.  2020 жылы Nio.kz cайты  бастауыш сынып мұғалімдері арасында өткізген сайыста ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталдым.
  16.  2020 жылы ҚР Түңғыш Президенті қоры сыйлығының иегеріQaztest.kz онлайн олимпиада сайты республика мұғалімдерінің арасында қазақтың Ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай ұйымдастырылған І Республикалық «Абай әлемі және рухани мұрасы» қашықтық олимпиадасының ІІІ дәрежелі жүлжегері.
  17. 2020 жылы Педагогтердің біліктілігін арттыру тестінен сүрінбей өтіп, І Республикалық «Білікті педагог» олимпиадасының ІІ дәрежелі жүлдегері атандым.
  18. 2020 жылы «Белес» өнер орталығы ұйымдастырған  Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай өткен «Абай- халық данасы» Республикалық өнер байқауына шәкірт дайындағаны үшін алғыс хат иелендім.