Ата-аналар назарына » «Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Үшарал қазақ гимназиясы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
Алакөл ауданы білім бөлімінің
"Ыбырай Алтынсарин атындағы қазақ гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 2-43-03
Есепші бөлімі:
+7(72833) 2-64-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
май
2024

Ата-аналар назарына











«Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы  бойынша білім бөлімі»мемлекеттік мекемесінің «Ы.Алтынсарин  атындағы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар қазақ гимназиясы» коммуналдық  мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі 2023-2024 оқу жылындағы соңғы қоңырау, қорытынды аттестаттау, ҰБТ тапсыруда мына жағдайларды ескертеді:

  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру мақсатында мектеп қажеттіліктерін өтеу үшін бітіруші 4, 9, 11 сыныптардан ақша жинауға қатаң түрде тыйым салынады;
  • Мектептің ішкі жөндеу жұмыстарына қажетті санитарлық- шаруашылық заттарды сатып алу мақсатында білім алушылардан ақша жинауға қатаң тыйым салынады;
  • Бітіруші түлектер «Соңғы қоңырау» салтанатын жаңаша форматта, яғни қазіргі талапқа сай тәрбие сағаты түрінде өткізіледі  және оқушылар міндетті түрде мектеп формасымен  ;
  • Педагогикалық этика және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында мектеп әкімшілігіне және педагогтарға кез -келген түрдегі   сыйлықтарды қабылдауға қатаң түрде тыйым салынады;
  • Оқушылардың  жиналып тентекке, көкке, көлге және мейрамханаларға  баруларына қатаң тыйым салынады;
Қорытынды аттестаттау кезінде әртүрлі мақсатта ата- аналардан қаражат жинап, 
  • мерекелік дастархан ұйымдастыруға қатаң түрде тыйым   салынады;


ҚҰРМЕТТІ АТА-АНА!!!

  • Жоғарыда айтылған талаптарды назарға ала отырып,   оқушылардың қауіпсіздігіне бей-жай қарамауыңызды өтінеміз.
  • Сіздердің ұл-қыздарыңызға сапалы білім мен саналы тәрбие беру біз үшін абыройлы МІНДЕТ!
  • Егер сізді қандай да бір сұрақ мазаласа кез-келген уақытта сұрағыңызды тыңдап, жауап беруге дайынмын.

Құрметпен,  гимназия директоры Хасенова Галима Токишевна