Хасенова Галима Токишевна » «Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Үшарал қазақ гимназиясы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
Алакөл ауданы білім бөлімінің
"Үшарал қазақ гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 2-43-03
Есепші бөлімі:
+7(72833) 2-64-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
ноябрь
2022

Хасенова Галима Токишевна

Өмірбаян

         Мен Хасенова Галима Токишевна 1968 жылы қаңтар айының 12 күні Талдықорған облысы Андреевка ауданы Фурмановка ауылында дүниеге келгем. 1975 жылы алғаш мектеп табалдырығын аттадым. 1983 жылы негізгі мектепті, яғни 8 сыныпты бітіріп, Есік қаласының педагогикалық училищесіне бастауыш сынып мамандығы бойынша түсіп, 1987 жылы аяқтадым. 1987 жылы Алакөл ауданы Қарабұлақ ауылындағы «Қарабұлақ орта мектебі» мемлекеттік мекемесіне бастауыш сынып мұғалімі болып қызмет атқардым. 1996 жылы Үшарал қаласындағы №1 орта мектебіне бастауыш сынып мұғалімі болып ауысып, 2000 жылы осы аталған мектепте директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметіне ауыстырылдым. 2002 жылы аудандық білім бөліміне бастауыш сынып әдіскері болып, 2004 жылы әдістемелік кабинет меңгерушісі қызметін атқардым. 2009 жылы маусым айында өзім алғаш ұстаздық еңбек жолымды бастаған Қарабұлақ ауылына Қарабұлақ орта мектебіне  директор қызметіне тағайындалдым. 2013 жылы қараша айында Үшарал қаласындағы қара шаңырақ «Абай атындағы қазақ орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне директор қызметіне ауыстым. Қазіргі уақытта 2022 жылы тамыз айынан бастап Үшарал қазақ гимназиясында директор қызметін атқарудамын.

Өзімнің кәсіби  білімімді арттыру барысындағы жетістіктерім:

  • 2016 жыл. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы Кембридж университетінің  Білім беру факультетімен бірлесіп әзірлеген  Қазақстан Республикасының  жалпы білім беру  ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру  бағдарламасы бойынша 640 академиялық  сағат көлемінде курсты аяқтаған.  Куәлік  Б№ 001706
  •  2016жыл «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген   Қазақстан Республикасының  жалпы білім беру  ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру  бағдарламасы бойынша 40 академиялық  сағат көлемінде курсты аяқтаған.  Сертификат №001381 
  • 2017 жыл  Білім және жаңа технологиялар орталығы курс сертификаты №120031
  • Білім- ғылым порталы ұстаздың «Жақсы сөз-жанға қуат» еңбегі республикалық интернет порталына жарияланды. №А000030.
  • «Оқу-білім» Республикалық порталына ұстаздың «Ата-ана тәрбиесіндегі стильдер» тақырыбындағы мақаласы жарияланды. Сертификат №0001143
  • 2018 жыл «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы өткізген «Интербелсенді әдістемені мектептегі сабақтарда қолдану» тақырыбындағы 24 академиялық сағат көлемінегі оқыту семинарын аяқтады. Сертификат №001564
  • 2020 жыл. «Орта білім  мазмұнын жаңарту шеңберінде «Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың   қазіргі жаңа бағыттары және өзіндік әдістемелік ерекшеліктері» тақырыбында 72 академиялық сағат көлемінде   курсты аяқтады. №151150

Жұмыс барысындағы қол жеткізген нәтижелерім:

  • 2017 жыл  Қазақстан Республикасы Алматы облысының «Білім және жаңа инновациялық технологиялар орталығы» мекемесінің 13.01.2017 жылғы №3 хаттамасымен Ғылыми кеңестің шешімі бойынша «Абай атындағы қазақ орта мектебі» ұстаздарының іс-тәжірибесі   облыс көлемінде таратылды. ӘОЖ 373, КБЖ 74.26.
  • 2018 жыл «Алматы облысының білім басқармасы» ММ «Облыстық әдістемелік кабинеті» МКҚК «Педагогтың кәсіби өсуі білім берудің жаңа сапасын қамтамасыз етудің басты шарты» атты жинаққа «Жас маманның кәсіби құзыреттілігінің  қалыптасуы және дамуы» тақырыбында мақаласы жарияланды. Талдықорған қаласы ӘОЖ 315, ҚБЖ 65.148.0.
  • 2020 жыл «Мектептегі оқу- тәрбие жұмысы» Республикалық ғылыми- әдістемелік журналына «Бастауыш сыныптарда оқушылардың таным белсенділігін арттыру  жолдары» тақырыбындағы мақаласы жарық көрді. №5 /41/2020.
  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім берудегі жаңа инновациялық технологиялар орталығының «Жаңартылған білім беру жағдайында инновациялық технологияларды пайдалану жолдары» атты республикалық ғылыми- практикалық конференцияның жинағына «Өзін-өзі тану» пәні – адамгершілік бастауы» тақырыбындағы мақаласы жарияланды. ББК 74.68.Б94. 
  • «Үздік автор» Республикалық педагогикалық конкурсына қатысып, «Жаңғыру жолындағы жас маманның рөлі» тақырыбындағы мақаласы жарияланды. №9/2020/ 
  • 2020 ж Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» «БАҰО акционерлік қоғамының филиалы Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты «Математика және логика» авторлық бағдарлама 28.09.2020жыл №3 ғылыми кеңестің шешімі 

          Марапаттарым:

  • 2017 жыл «Назарбаев Зияткерлік  мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы Кембридж университетінің Білім беру факультетімен бірлесіп әзірлеген ҚР жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша өткізілген курста жоғары нәтижелер көрсеткені үшін Алғыс хат 01-Б-000084.
  • 2017 жыл. Құрмет грамотасы әдістемелік материал және сабақ жоспарымен әдістемелік тәжірибе алмасып, белсенділік танытқаны үшін марапатталды. 04.05.2017жыл №001471
  • «Мұрагер» интеллектуалды порталы ұйымдастырған Республикалық қашықтықтан өткізген «Үздік сабақ жоспары» байқауынан жүлделі І орын І дәрежелі диплом №000260
  • 2018 жыл «Оқу-білім» Республикалық порталына әдістемелік материал және сабақ жоспарын жариялағаны үшін Құрмет грамотасымен марапатталды. №0000987.
  • 2018 жыл «Жаңа ғасыр таланттары» интеллектуалды- олимпиадалық, шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен өткен «проза және поэзия» жанрында І Республикалық оқушылар арасында «Үздік шығарма -2018» номинациясы бойынша жоғары дәрежеде өнерлі, білімді шәкірт дайындағаны үшін дипломмен марапатталды.
  • 2019 жыл Алматы облысының Білім басқармасы дене тәрбиесі, спорт, алғашқы әскери дайындығы және қосымша білім берудің ғылыми- тәжірибелік орталығынан  Алғыс хат.
  • 2019 жыл Нұр Отан партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасы А.Баталовтан  Алғыс хат
  • 2019 жыл «Жаңа ғасыр таланттары» интеллектуалды- олимпиадалық, шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен өткен «Жаңа ғасыр таланттары -2019»  ІІ Республикалық байқауына білімді, өнерлі  шәкірт дайындағаны үшін дипломмен марапатталды
  • 2020 жыл аудандық мектеп басшыларына арналған белсенді топ шебер-класс алаңында ІІ орын, ІІ дәрежелі диплом.
  • 2020 жыл аудандық мектеп басшыларына арналған белсенді топ шебер-класс алаңында «Үздік спикер» номинациясы бойынша мақтау қағаз.
  • 2020 жыл ҚР Тілім  және ғылым министрлігі Білім берудегі жаңа инновациялық технологиялар орталығы «Жаңартылған білім беру жағдайында инновациялық технологияларды пайдалану жолдары» атты республикалық ғылыми- практикалық конференция жұмысына белсенді қатысқаны үшін Мадақтама 
  • 2020 жыл  Қазақстан салалық білім және қызметкерлерінің кәсіподағы. Құрмет грамотасы. 
  • 2022 жыл Аймақтық  мектеп басшыларына арналған белсенді топ шебер-класс алаңында І орын, І дәрежелі диплом.
  • 2002 жылы Облыстық мектеп басшыларына арналған белсенді топ шебер-класс алаңына белсенді қатысқаным үшін Алғыс хат.
  • 2022 жыл Облыстық мектеп басшыларына арналған белсенді топ шебер сынып алаңында І орын, І дәрежелі диплом.
  • 2002 жыл Облыстық фестиваль «Парасатты ұрпақ- жарқын болашақ» Алғыс хат.