Бастауыш сынып мұғалімі Ногайбаева Гульнар Баяхметовна » «Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Үшарал қазақ гимназиясы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
Алакөл ауданы білім бөлімінің
"Ыбырай Алтынсарин атындағы қазақ гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 2-43-03
Есепші бөлімі:
+7(72833) 2-64-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
24
июль
2019

Бастауыш сынып мұғалімі Ногайбаева Гульнар Баяхметовна



Ногайбаева Гульнар Баяхметовна  1974 жылы  6 қаңтарда Талдықорған  облысы Андреев ауданы Андреевка селосында дүниеге келдім.

1981 жылы Дзержинск орта мектебіне 1 сыныпқа қабылдандым. Ал 1989 жылы Алакөл ауданындағы Ынталы ауылында Ынталы орта мектебінің негізгі орта білімін үздік аяқтадым. 

         1989 жылы 8 сыныптан кейін Жаркент педагогикалық училищесіне оқуға түсіп, 1993 жылы аталған педагогикалық училищесінің «Жалпы білім беретін мектептердің бастауыш кластарында оқыту» мамандығын үздік белгімен аяқтадым. 2005 жылы І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетіне түсіп, 2009 жылы аталған университеттің «Бастауыш оқыту педагогикасы және әдістемесі» мамандығы бойынша дипломын алдым.

Еңбек жолым:

1. 1993-1994 оқу жылы Алакөл ауданы Ынталы орта  мектебіне жұмысқа қабылданып, бастауыш сыныпқа сабақ бердім.     

2. 1994 жылдан бастап Үшарал қазақ  гимназиясында бастауыш сыныпқа дәріс беріп келемін.

3.2014-2017жж. бастауыш білім беру кафедрасының жетекшісі болдым.


Біліктілігін көтеру туралы мәлімет:


2012 жылы- «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалы, Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында ҚР педагог қызметкерлерінің үшінші (негізгі) деңгей бағдарламасы бойынша біліктілігін арттыру курсын аяқтап, сертификатын алдым. ІІІ №0006445, 29.12.2012ж.

2014 оқу жылы- Білім және жаңа инновациялық технологиялар орталығы,«12жылдық білім беретін мектепте оқытудың әдіс-тәсілдері арқылы оқушы шығармашылығын дамыту» 72 сағаттық курсынан өттім.№2148 29.08.2014ж.

2018 жылы-  Алматы облысы білім берудегіақпараттық технологиялар» орталығы, «Білім жүйесіндегі ақпараттық коммуникациялық технологиялар» курсынан өттім.

2018 жылы- Алматы облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен және  Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі  жаңа формат: «Жаңартылған бағдарлама ХХІ ғасырдағы жаңартылған білім мазмұнындағы жаңа білімнің жаңа мүмкіндіктері» атты облыстық семинар-тренингке қатысып сертификат алдым.

2018 жылы-Білім және жаңа инновациялық технологиялар орталығы, «Рухани жаңғыру-қазіргі білімнің дамуының табысы» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция қатысып, сертификат алдым.

2019 жылы-«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалы, Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында ҚР  орта  білім мазмұнын жаңарту шеңберінде қазақ тілінде оқытатын мектептердегі бастауыш сынып пәндері бойынша  біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша 120сағаттық курсын аяқтап, сертификатын алдым. БЖ №040569, 10.04.2019ж.

2020 жылы--«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалы, «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім бағдарламасы бойынша курсын аяқтадым. БЖ  №016926 

Жетістіктерім: 

2009 жылы- Аудандық «Үздік бастауыш сынып мұғалімі-2009»  байқауында   жүлделі  ІІ орынмен марапатталдым; 

2012 жылы- Аудандық « Үздік сынып жетекшісі -2012»  байқауында жүлделі   ІІ орын алдым.

2012 жылы-Аудандық білім бөлімінің мадақтамасымен марапатталдым.

2012 жылы - «Білім көкжиегі» республикалық ғылыми-әдістемелік  журнал.Тақырыбы: «Жаңаша оқыту-заман талабы» 35-36 бет, 2012ж.№11.

2013 жылы қаңтар айында«Болашаққа 12 жылдықпен жаңару»  атты аудандық семинарда  «Бастауыш сыныптың 12 жылдыққы дайындығы» атты баяндама оқыдым. (Алакөл газетінің №2 нөміріне шықты,2013ж)

2013 жылы -«АОБПҚБАИ  «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы « Жаңа форматта білім беру үлгілері» жинағы.Тақырыбы: «Жаңаша оқытудың үлгілері»  Мақала. 2013жыл. 38-39бет.

2015 жылы-Республикалық ғылыми –әдістемелік  «Бастауыш сынып әдістемесі» педагогикалық журналда  (2015 жылдың №2 нөміріне)  «Етістік» атты сабақ жоспарым шықты.

2018 жылы-  педагог-сарапшы біліктілік санатына өттім. Б.№476;01.08.18ж.


2019 жылы-Халақаралық ПОНИ байқауның жеңімпаздары мен жүлдегерлерін сапалы дайындаған үшін дипломмен марапатталдым.

2020 жылы-ҚР Түңғыш Президенті қоры сыйлығының иегері Qaztest.kz онлайн олимпиада сайты республика мұғалімдерінің арасында қазақтың Ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай ұйымдастырылған

 І Республикалық «Абай әлемі және рухани мұрасы» қашықтық олимпиадасының ІІІ дәрежелі жүлдегері.