14
декабрь
2020
Вебинар соңында, күнделікті туындап отырған сұрақтар төңірегінде пікір алмасу
Үшарал қазақ гимназиясында директордың оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары А.Қ. Ниязова, педагогтар ұжымымен ZOOM-платформасы арқылы вебинар өткізді. Онда елдегі пандемияға байланысты қашықтықтан білім беру жағдайында әр түрлі платформаларды пайдалану арқылы білім сапасын арттырудың тиімді жолдарын қарастырды. Соның ішінде GOOGLE- сервистерін қалай қолдануға болатынын, тестілеу жұмыстарын құрастыру, өткізу, білім алушыларға жіберу, кері байланыс арқылы тексеру жолдарын математика пәнінің мұғалімі Г. Адибасова мен орыс тілі пәнінің мұғалімі А. Мухамедсыдыкова өте түсінікті, жүйелі етіп шебер сынып көрсетті. Сонымен қатар, ББЖБ мен ТБЖБ құрастыру жолдарын көрсетті. Mektep.online платформасының мүмкіндіктері туралы, ондағы материалдарды жүктеп алу, өзгерту туралы жақсы айтып өтті. Білім алушылар орындаған оқу тапсырмаларын жинақтау және бағалаудың тиімді жолдарын google презентация жасап көрсетті. Вебинар соңында, күнделікті туындап отырған сұрақтар төңірегінде пікір алмасу болды.