Ақпарат » «Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Үшарал қазақ гимназиясы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
Алакөл ауданы білім бөлімінің
"Ыбырай Алтынсарин атындағы қазақ гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 2-43-03
Есепші бөлімі:
+7(72833) 2-64-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
декабрь
2016

Ақпарат



«Үшарал қазақ гимназиясы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» 

коммуналдық мемлекеттік мекемесі


Х А Т Т А М А

14.12.2016 ж.

Қатысқандар саны: 15 мұғалім 

Күн тәртібінде:

  1. Тұрғындардың сенім деңгейін көтеру.
  2. Қоғаммен қатынас, азаматтардың шағымдарымен жұмыс.
  3. Бас Прокурормен прокуратура органдарына тұрғындардың сенім деңгейі.

Тыңдалды:

  1. Алакөл ауданы бойынша ҚС және АЕА саласындағы заңдылықты бақылау жөніндегі прокуроры М.А.Мақсұтов құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары қызметінің негізгі бағыттары туралы, заңдылық пен құқықтық тәртіп бойынша қолданылып жатқан шаралары туралы хабарлады. Арнайы жобаларымен таныстырды. Жоба мақсаты әртүрлі көкейтесті мәселелерді шешуге бағытталған. Бүгінгі таңда, Комитетпен 12 инновациялық жобаларды жүзеге асырылғанын мәлімдеді.
  2. Қатысушы мұғалімдерге, Халыққа қызмет көрсету орталықтары бойынша соттылығы туралы анықтамаларды алудың қолданыстағы процедурасы бойынша түсіндірулер берілді, мемлекет бюджетіне әкімшілік айыппұлдарды заңды, сондай ақ жеке тұлғалармен уақытылы төленуін айтты. 

Шешім: 

  1. Басты мақсат –оқушылардың құқық қорғау органдарына деген сенімін арттыру, мектеп оқушыларының да құқықтарын білуі. 
  2. Баяндалған ақпарат назарға алынды

Хаттама жүргізген: 

директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:                        Омарханов.Е.Б                         

Гимназия директоры                                                                      К.Т. Кусайнова

14.12.2016 жыл