Ақпарат » «Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Үшарал қазақ гимназиясы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
Алакөл ауданы білім бөлімінің
"Ыбырай Алтынсарин атындағы қазақ гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 2-43-03
Есепші бөлімі:
+7(72833) 2-64-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
декабрь
2020

Ақпарат




Алакөл аудандық білім бөлімінің 

басшысы М.Т.Төлеужановқа 

«Үшарал қазақ гимназиясы

 мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар»

коммуналдық мемлекеттік   мекемесінің  әкімшілігінен

А Қ П А Р А Т

2020-2021 оқу жылындағы «Мектепке жол»

Республикалық акциясының өтілуі туралы 

А Қ П А Р А Т

   Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министірлігінің 2020 жылғы хатын басшылыққа ала отырып «Үшарал қазақ гимназиясы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  2020 жылдың 5 шілде-30 қыркүйек аралығында   жалпы білім беретін мектептерде   «Мектепке жол» жалпы республикалық акциясы  өткізілуі туралы 06.07.2020  күні №69 бұйрық шығарлды.  Акцияға арналған  іс- шаралар жоспары жасалып, бекітілді. Директордың орынбасарлары  және басқа да жауапты  тұлғалар   жоспарланған  іс –шаралардың  мерзімінде және сапалы  орындалуын қамтамасыз еттті. «Мектепке жол»  республикалық акция жұмысының ұйымдастыру комитеті  тізімі құрылып, бекітілді. Олар: 1. Гимназия директоры – К.Т.Кусайнова,  Директордың ТІЖ орынбасары – Ж.Тәуімбетқызы,  Е.Омарханов, Әлеуметтік педагог – Т.Бекдау, Гимназия психологтары   - А.Қалиева, М.Маманова, Ата-аналар комитетінің төрайымы – Н.Себепова, Педагог ұйымдастырушы – Ф.Қасымжанова бекітілді. 

   Көмекке мұқтаж балаларды  барынша көмекпен қамту мақсатында  «Мектепке жол » республикалық қайырымдылық  акциясы  барлық күнтізбелік жылға ұзартылды.«Қамқорлық» және «Мектепке жол» акцияларының өзара қайталануын болдырмау мақсатында  қайырымдылық көмек көрсету «Мектепке жол» акциясы аясында жүргізілді.

     Аудан әкімінің өкіміне сәйкес аудан көлемінде «Мектепке жол» акциясының пресс-конференциясы барысында кәсіпкерлер мен демеушілерге бекітілген, аз қамтылған, көп балалы отбасындағы оқушылардың демеушілік, қолдау көмегін алуы мектеп тарапынан қадағаланды.

05.07-30.09 аралығында өткен жалпы республикалық «Мектепке жол» акциясында қайырымдылық көмек көрсеткен тұлғалар:

1. Сатыбалдин Дамир Сатыбалдыұлы – көп балалы отбасынан (6 бала) шыққан 5 сынып оқушысы  Әліпбек Дильнараға құны 60 000 тенге тұратын смартфон Samsung A-10 телефонын алып берді. 

Елімізде болып жатқан пандемияға байланысты оқушылар қашықтықтан білім алады. Осыған байланысты демеушілерге берілген хатта әлеуметтік жағдайы төмен оқушыларға  ақпараттық  техникалық құралдар алып беруге болатындығы туралы жазылған.  

2. Құсайнова Қорлан Тұрсынбекқызы- көп балалы (4 бала) отбасынан шыққан 4 сынып оқушысы Рыскелді Арнұрға 35 000 теңгеге, ақ жейде, шалбар, аяқ киім,оқу-құрал алып берді. 

3. Қанағатов Даурен  Орынбайұлы – жалғызбасты ана, аз қамтылған отбасынан шыққан 5 сынып оқушысы Құсайынқызы Камилаға 32 000 теңгеге мектеп сөмкесі, ақ жейде, белдемше, спорттық аяқ киім, спорттық киім, оқу-құралдар алып берді. 

Сонымен қатар Алакөл аудандық мешіті – аз қамтылған отбасынан шыққан  7 сынып оқушысы Ерболқызы Алинаға 40 000 теңгеге мектеп формасы, оқу құралдарын және спорттық киімдерін алып берді. 

«Мектепке жол» акциясы аясында  барлығы 167 000 теңгеге көмек көрсетілді. Баланы мектепке қабылдау бойынша   ата-анаға кеңестер онлайн беріліп отырды.  Жалпы жоспарда қарастырылған  іс-шаралардың барлығы да мерзімінде және өз деңгейінде өтті.



Гимназия директоры               К.Т.Кусайнова