Соңғы қоңырау салтанатты жиыны » «Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Үшарал қазақ гимназиясы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
Алакөл ауданы білім бөлімінің
"Ыбырай Алтынсарин атындағы қазақ гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 2-43-03
Есепші бөлімі:
+7(72833) 2-64-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
26
май
2020

Соңғы қоңырау салтанатты жиыны

                                                                           

04.06.2020 ж күні   өткен «Соңғы қоңырау» салтанатты жиынның өтілу  барысы   жайлы қорытынды 

А Қ П А Р А Т

       04.06. 2020 ж күні «Үшарал қазақ гимназиясы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар»  мемлекеттік мекемесінде Алакөл аудандық білім бөлімінің  оқу жылын аяқтау туралы бұйрықтары және бөлімнің жылдық жоспары бұйрығы негізінде «Соңғы қоңырау» салтанатты жиыны мектеп бітіру кешімен бірге жоспарланып, өткізілді..  Салтанатты жиынға арналған ұйымдастыру  тобы құрылып, жұмыс жоспары жасалды. Жауапты тұлғалар бекітілді. 

      Соңғы қоңырау салтанаты таңертеңгі сағат 9.00-де Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындаумен басталды. Салтанатты жиынға  11 сынып оқушылары  санитарлық талаптарды орындай отырып, 1 метр ара қашықтықты сақтап сапқа тұрғызылды.

Гимназия ғимаратының ауласы мерекелік талапқа сай безендірілді.11 А және 11 Б сыныптарына сынып жетекшілері иелік етті. Музыкалық қондырғылар орнатылды. Салтанатты жиын басында жүргізушілер 11-сыныпты құрметпен ортаға шақырды. ҚР Мемлекеттік Туын көтеру құрметіне 11 А сынып  оқушысы- Тұрсынова  Саяжан, Жүргізушілер жиынға келген қонақтарды таныстырды. 

     Салтанатты жиында гимназия директоры Қ.Т.Құсайнова  алғашқы құттықтау сөз сөйлеп ашты. Өз сөзінде Үшарал қазақ гимназиясының соңғы 2019-2020 оқу жылының білім мен тәрбиедегі көрсеткіштеріне тоқталып өтті. Жетістіктер мен нәтижелер туралы айтып, облыстық, республикалық , халықаралық деңгейде нәтижеге қол жеткізген оқушылар мен ұстаздардың атын атап, еңбектеріне ризашылығын білдірді. Барлық жиналған қауымды оқу жылының аяқталуы мерекесімен құттықтады. Облыстық, аудандық марапаттаулар тапсырылды. 

      Түлектер атынан сөз  11 А сынып оқушысы «Жас ұлан » ББҰ-ның мүшесі, оқу озаты, «Алтын белгі» белгісіне үміткер 11 А сынып оқушысы Қыдырханова Ақөниетке  берілді.   Осыдан соң түлектердің  ара қашықтық сақтай отырып билеген қоштасу вальсы тамашаланды.

      Соңғы қоңырау соғу рәсімін 11А сынып оқушысы «Жас ұлан» ББұ-ның мүшесі, оқу үздігі, «Алтын белгі» блгісіне үміткер Асланова Нұрсая және Түстікбаева Аружан  мен 11Б сынып оқушысы, «Жас ұлан» ББұ-ның мүшесі,  Сайранбеков Аблай мен Сапарғалиев Асыл сынып оқушысы соқты. 

кірді.



Гимназия директоры                                    Қ.Т.Құсайнова


                            Директордың ТЖО                                       Ж.Тәуімбетқызы

                                                                                                       Е.Омарханов