Ерте жастағы жүктіліктің алдын алу » «Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Үшарал қазақ гимназиясы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
Алакөл ауданы білім бөлімінің
"Ыбырай Алтынсарин атындағы қазақ гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 2-43-03
Есепші бөлімі:
+7(72833) 2-64-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
24
октябрь
2020

Ерте жастағы жүктіліктің алдын алу


                     «Үшарал қазақ гимназиясы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар»                                           коммуналдық мемлекеттік мекемесі

« Ерте жастағы жүктіліктің алдын алу»  бойынша атқарылған іс – шаралар туралы

АҚПАРАТ

    2019-2020 оқу жылына арналған жоспар жасалып, бекітілді. Қыркүйек айында «Арыңды сақта бойжеткен тақырыбында» 8-11 сынып қыздарына баяндама оқылды. Мақсаты: Ар намыс,ұят туралы түсінік беру,ерте жастағы жүктіліктің денсаулыққа зиянын түсіндіру.  Қазан айында «Қызым үйде, қылығы түзде » тақырыбында  қыздар жиналысы өтті. Мақсаты: Қыздардың- қылығы, мінез – құлқындағы өзгерістерді жақсы жағынан бойына сіңіру. Осы жиналысқа 5-11 сынып қыздары толықтай қатысты. Жиналыста Гимназия психологі А.Қалиева сөз сөйледі. Қыздарға арналған бірнеше кеңестер жазылған жадынамалар берілді. Жиналыс қанағаттанарлықтай өтті.  Қараша айында Аудандық аурухана қызметкерлерімен кездесу болып өтті. 


  Қыздардың ерте балалы болуы олардың өміріне қауіпті» тақырыбында гинеколог маман Кемалдинова Қамар Нұрғалиевна  осы тақырып бойынша көптеген ақпараттар берді. Қазақстанда соңғы жылдарда болған түсік жасату, жас босанған оқушылардың сандық мәліметін айтып өтті. Директордың ТІЖ орынбасары Ж.Тәуімбетқызы «Қызға қырық үйден тыйым» тақырыбында баяндама оқыды. Бірнеше жүктілікке және қыздардың теріс қылықтарына  байланысты видеороликтер көрсетілді. Оқушылар қосымша сұрақтар қойып, гинеколог маманнан нақты жауаптар алды. Кездесу жоғары дәрежеде өтті. Оқушылапрдың алған әсерлері ерекше болды. 


    Наурыз   айында өткен қыздар жиналысында   аудандық аурухананың психологі Әліпбекқызы Айгерім қатысты. «Мен өмірді сүйемін» тақырыбында 11  сынып қыздарымен тренинг  өткізді. Тренинг жоғары дәрежеде өтті. Оқушылар өздерін қызықтыратын   сұрақтарды қойып, сұрақтарына қанағаттанарлықтай жауаптар алды.  Осы жиналыста Директордың ТІЖ орынбасары Ж.Тәуімбетқызы «Сенің мінезің қандай?» тақырыбында қызықты тест өткізді. Тесттің қорытындысы бойынша 70 % жауаптары дәл келді. Кездесудегі басты артықшылық ол өз саласының мамандары тақырыпты түсіндіруде жан- жақты дайындықпен, және өздеріне қатысты сұрақтардың барлығына толыққанды жауап бере алуында. Және оқушылардың кездесуге келген маманға ерекше қызығушылық танытатындықтары байқалды. 



         Директордың ТІЖ орынбасары          Ж.Тәуімбетқызы