Кітапханашы лауазымына конкурс өткізу туралы хабарландыру » «Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Үшарал қазақ гимназиясы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
Алакөл ауданы білім бөлімінің
"Ыбырай Алтынсарин атындағы қазақ гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 2-43-03
Есепші бөлімі:
+7(72833) 2-64-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
март
2022

Кітапханашы лауазымына конкурс өткізу туралы хабарландыру


Кітапханашы  лауазымына конкурс өткізу туралы хабарландыру


Орналасқан жері: Алматы облысы, Алакөл ауданы,  Үшарал қаласы, Байтурсынов  көшесі №2 

Пошталық мекен - жайы: 040200

Телефон нөмірлері: жұмыс 87283324303, ұялы:87020517975, 87784786194

Электрондық пошта мекенжайы көрсетілген бос және (немесе) уақытша бос лауазымы (сағаты) бар білім беру ұйымының атауы:  «Алматы облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі  мемлекеттік мекемесінің  «Үшарал қазақ   гимназиясы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі   alakolkazgimnaziya@mail.ru

Негізгі функционалдық міндеттері:

          Кітапхананың негізгі міндеті мен қызметінің атқарылуын ұйымдастырып, қамтамасыз етеді.   Кітап қорын жинақтауды есепке алуды, орналастыру мен  сақтауды ұйымдастырады.

Оқырмандарға қызмет көрсетеді. Кітапхана жұмысының әртүрлі құралдарын, нысандары мен әдістерін қолдана отырып, кітап насихаттауды қамтамасыз етеді. Каталогтар мен картотекалар ұйымдастырады. Оқырмандарды ақпараттармен толығымен қамтамасыз ету мен қорды пайдалануы мақсатында кітапхана – библиография қызметін көрсетудің әртүрлі нысандарын қолданады. Кітапхананың құжатын жүргізеді.  Кітапхана қызметінің жоспары мен есебін жүргізіп,  білім берудің мемлекеттік стандарттары гимназиялық   және бағдарлы компоненттері бойынша оқулық қорына сұраныстар әзірлейді. Отандық кітапханалардың жұмыс тәжірибесін оқып-үйреніп, оны практикаға енгізеді. 

         Оқушылар арасында кітапхана-библиография білімін насихаттаумен шұғылданады. Кәсіби бағдарлау жұмысы мақсатымен және кітапханаға көмек көрсету үшін оқырман активін ұйымдастырып, түрлі пікірталастар, конференциялар өткізіп тұрады.

Тақырыптық көрмелер, бұрыштар ұйымдастырады. 

     Еңбекке ақы төлеу мөлшері: қызмет өткерген жылдарына байланысты 80000 нан -100000 - ға теңгеге дейін

    Шарттары белгіленген бос және (немесе) уақытша бос лауазымның атауы: «Алматы облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі  мемлекеттік мекемесінің  «Үшарал қазақ  гимназиясы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне   уақытша  кітапханашы 

      Құжаттарды қабылдау мерзімі: конкурсқа қатысуға өтінімдер хабарлама жарияланған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қабылданады (конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі);

Конкурсты өткізу күні мен орны: 

Конкурс Алматы облысы, Алакөл ауданы, Үшарал қаласы   Байтурсынов  көшесі,  №2  үй мекен-жайы бойынша өтеді. 

Конкурсты өткізу күні Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен бекітілген қағидаларға сәйкес айқындалады. 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті  құжаттар тізбесі:

      1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

      4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

      6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

      7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

      8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

      9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

      10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

      Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

.