"Мектепке жол" акциясы » «Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Үшарал қазақ гимназиясы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
Алакөл ауданы білім бөлімінің
"Ыбырай Алтынсарин атындағы қазақ гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 2-43-03
Есепші бөлімі:
+7(72833) 2-64-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
июль
2022

"Мектепке жол" акциясы




Жетісу  облысы Алакөл ауданы, «Үшарал қазақ гимназиясы» мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар коммуналдық мемлекеттік мекемесі. 
Құрметті  қала тұрғындары,кәсіпкерлер! Әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына қолдау көрсету мақсатында дәстүрге айналған Республикалық "Мектепке жол" акциясына қатысуға шақырамыз. Ағымдағы жылымыз бұл әлеуметтікке бағытталған "Мектепке жол - Шекарасыз жақсылық" ұранымен өткізіледі.
Акцияның мақсаты - аз қамтылған және көп балалы отбасылар қатарындағы оқушыларға, жетім балалар мен ата - анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезеңінде көмек көрсету және Балалар жылын іске асыру шеңберінде әлеуметтік себептер бойынша мектепке келмеуінің алдын алу.
Өткен оқу жылында демеушілердің көмегімен және гимназия ұстаздары мен ата-аналарының көмегімен 13 отбасына азық- түлік,  киім-кешек түрінде көмек көрсетіп,  көпке үлгі бола білдік. Биылғы жылы да шет қалмай, акцияға қатысуға, демеушілік көрсетуге шақырамыз. 
Қайырымдылық - адам жанының нұры.Ең бастысы мейірімді жүрегіңіз,таза ниетіңіз болсын.
Демеушілік жасаймыз деген азаматтар болса директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Тәуімбетқызы Жадыраға
тел: 87028068205
  87477654387 хабарласыңыздар.
Баршаңызды "Мектепке жол" акциясына қатысуға шақырамыз! 
Акцияға қатысушыларға алғысымызды білдіреміз!
#копдмонрк #годдетей2022 #балаларжылы