Тарих пәні мұғаліміне конкурс өткізу туралы хабарландыру
Тарих пәні мұғаліміне конкурс өткізу туралы хабарландыру
Орналасқан жері: Алматы облысы, Алакөл ауданы, Үшарал қаласы, Байтұрсынов көшесі №2
Пошталық мекенжайы: 0402000
Телефон нөмірлері: жұмыс 87283324303, ұялы:87020517975
Электрондық пошта мекенжайы көрсетілген бос және (немесе) уақытша бос лауазымы (сағаты) бар білім беру ұйымының атауы: «Алматы облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Үшарал қазақ гимназиясы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, alakolkazgimnaziya@mail.ru
Негізгі функционалдық міндеттері:
Оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес және "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасының негізінде оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады,
білім алушы мен тәрбиеленуші тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оның әлеуметтенуіне ықпал етеді, білім алушының жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға ықпал етеді.
Оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді түрлерін, әдістері мен құралдарын қолданады.
Қысқа мерзімді жоспарларды, бөлімдер мен тоқсанның суммативті бағалауға арналған тапсырмаларды жасайды.
Электронды журналдарды толтырады.
Жалпыға міндетті білім беру стандарттарында көзделген оқушылар мен деңгейден төмен емес тәрбиеленушілердің пәндік нәтижелерін, отбасылық-қызметтік, тұлғалық жетістіктерін қамтамасыз етеді.
Оқу бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады, оқу жоспары мен оқу процесінің кестесіне сәйкес олардың толық көлемде іске асырылуын қамтамасыз етеді.
Әдістемелік бірлестіктердің, әдістемелік кеңестердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады.
Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, қызығушылықтары мен бейімділігін зерттейді.
Арнайы (түзету) білім беру мекемелерінде оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, дамуында ауытқуларды барынша түзетуге бағытталған білім алушыларды, тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу жөніндегі жұмысты жүзеге асырады.
Кәсіби құзыреттілікті, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті арттырады.
Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын орындайды.
Білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз етеді.
Ата-аналармен немесе оларды алмастыратын тұлғалармен ынтымақтастықты жүзеге асырады.
Жабдықты пайдалану кезінде қауіпсіздік техникасы талаптарын орындайды.
Білім беру процесі кезінде балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін қажетті жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді.
Тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттарды толтырады.
Білім беру ұйымдарында "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізеді.
Білім алушылар, тәрбиеленушілер, арасында академиялық адалдық қағидаларын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алады.
Еңбекке ақы төлеу мөлшері: қызмет өткерген жылдарына байланысты 112 500ден-180.800 теңгеге дейін
Шарттары белгіленген бос және (немесе) уақытша бос лауазымның атауы: «Алматы облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Үшарал қазақ гимназиясы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, тарих пәнінің мұғалімі
Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары:
тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі немесе жұмыс өтіліне талап қойылмайды немесе тиісті бейін бойынша техникалық және кәсіптік педагогикалық білімі болуы тиіс.
Және (немесе) бар болған жағдайда біліктілігі жоғары деңгейдегі педагогикалық жұмыс өтілі үшін педагог-шебер – 5 жыл.
Педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші кемінде 4 жыл.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: конкурсқа қатысуға өтінімдер хабарлама жарияланған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қабылданады (конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі);
Конкурсты өткізу күні мен орны:
Конкурс Алматы облысы, Алакөл ауданы, Үшарал қаласы Байтұрсынов көшесі, №2 үй мекен-жайы бойынша өтеді.
Конкурсты өткізу күні Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен бекітілген қағидаларға сәйкес айқындалады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.
Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
Уақытша бос лауазымға конкурс өткізу кезінде бірінші басшының уақытша бос лауазымының мерзімі: 12.08.2022ж.
Мемлекеттік білім беру | |
Нысан | |
____________________________ |
____________________________________________________________________
кандидаттың Т.А.Ә. (болған жағдайда), ЖСН
____________________________________________________________________
(лауазымы, жұмыс орны)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Нақты тұратын жері, тіркелген мекенжайы, байланыс телефоны
Мені бос/уақытша бос лауазымға орналасуға арналған конкурсқа жіберуіңізді сұраймын (керегінің астын сызу керек)
____________________________________________________________________
білім беру ұйымдарының атауы, мекенжайы (облыс, аудан, қала / ауыл)
Қазіргі уақытта жұмыс істеймін
____________________________________________________________________
лауазымы, ұйымның атауы, мекенжайы (облыс, аудан, қала / ауыл)
Өзім туралы мынадай мәліметтерді хабарлаймын:
Білімі: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі
Оқу орнының атауы | Оқу кезеңі | Диплом бойынша мамандығы |
Біліктілік санатының болуы (берген (растаған) күні):____________________________
Педагогикалық жұмыс өтілі:________________________________________________
Келесі жұмыс нәтижелерім бар:_____________________________________________
Наградалары, атақтары, дәрежесі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, сондай-ақ қосымша мәліметтері (болған жағдайда)
________________________________________________________________
Мемлекеттік білім беру | |
Нысан |
Педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың бағалау парағы ____________________________________________________________ (Т.Ә.А. (болған жағдайда))
№ | Өлшемшарттар | Растайтын құжат | Балл саны |
1. | Білім деңгейі | Білімі туралы диплом | Техникалық және кәсіптік = 1 |
2. | Ғылыми / академиялық дәрежесі | Білімі туралы диплом | Магистр немесе жоғары білімі бар маман = 5 |
Ұлттық біліктілік тестілеуі | Сертификат | "Педагог" біліктілік санатымен | |
3. | Біліктілігі/Санаты. | Куәлік, өзге де құжат | 2 санат-1 балл |
4. | Педагогикалық қызмет өтілі | еңбек кітапшасы / еңбек қызметін алмастыратын құжат | 1 жылдан 3 жылға дейін = 1 |
5. | Әкімшілік және әдістемелік қызмет тәжірибесі | еңбек кітапшасы / еңбек қызметін алмастыратын құжат | әдіскер= 1 балл |
6. | Жұмысқа алғаш кіріскен педагогтар үшін | Білім туралы дипломға қосымша | Педагогикалық/кәсіптік практика нәтижелері |
7. | Алдыңғы жұмыс орнынан ұсыныс хат (еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде) | Хат | Оң ұсыныс хаттың болуы = 3 балл |
8. | Кәсіби жетістіктердің көрсеткіштері | - білім алушылардың дипломдары, олимпиадалар мен конкурстар жеңімпаздарының грамоталары, ғылыми жобалары; | олимпиадалар мен конкурстардың жүлдегерлері-0,5 балл |
9. | Әдістемелік қызмет | - авторлық жұмыстар және жарияланымдар | ҚР БҒМ тізбесіне енгізілген оқулықтардың және (немесе) ОӘК авторы немесе тең авторы – 5 балл |
10 | Қоғамдық-педагогикалық қызмет | - көшбасшылық | тәлімгер-0,5 балл |
11 | Курстық дайындық | - пәндік дайындық сертификаттары; | НЗМ ПШО, "Өрлеу" курстары |
Барлығы: | Максималды балл – 83 |
МАҢЫЗДЫ:
Мемлекеттік ұйым кандидаттың құжаттарын қабылдағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне сыбайлас жемқорлық қылмыс және/немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы, сондай-ақ педагогикалық әдептің бұзылуы туралы сұрау салуды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетіне жібереді.