«Қысқа мерзімді жоспардың құрылымы» » «Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Үшарал қазақ гимназиясы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
Алакөл ауданы білім бөлімінің
"Ыбырай Алтынсарин атындағы қазақ гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 2-43-03
Есепші бөлімі:
+7(72833) 2-64-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
09
февраль
2023

«Қысқа мерзімді жоспардың құрылымы»

24.01.2023 жылы  педагогтердің күнделікті қысқа мерзімді жоспарларын талапқа сай жазылуына әдістемелік қолдау, тәжірибе алмасу мақсатында «Қысқа мерзімді жоспардың құрылымы»   тақырыбында оқыту семинары өтті. Семинарды директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Аликеева Айжан Әшімқызы ұйымдастырып, өткізді. Семинарда бастауыш сынып мұғалімі Ахмедиярова Гульзира Төкішқызы қазақ тілінен, Адибасова Гулняз Айтқалиқызы математика пәнінен қысқа мерзімді жоспарды құрастыру үлгілерін ұсынып, өз тәжірибелерімен бөлісті. «Оқу тапсырмасын берудің көлемі мен уақытын дұрыс ұйымдастыру жолдары» тақырыбында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ниязова Айгуль Қиықпайқызы тұсіндірме жұмыстарын жүргізді. «Сындарлы кері байланыс» әдісімен мұғалімдердің пікір, ұсыныстары жасалды.