2023 жылдың мамыр айының 22-сі күні дәстүрлі апталық жиын өтті » «Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Үшарал қазақ гимназиясы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
Алакөл ауданы білім бөлімінің
"Ыбырай Алтынсарин атындағы қазақ гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 2-43-03
Есепші бөлімі:
+7(72833) 2-64-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
май
2023

2023 жылдың мамыр айының 22-сі күні дәстүрлі апталық жиын өтті

2023 жылдың мамыр айының 22-сі  күні дәстүрлі апталық жиын өтті. Апталық жиында кезекшілік атқарған сынып қорытынды анықтама берді.  Апта жаңалықтарымен балалар бастауыш ұйымының мүшесі Қызыр Аида таныстырды. Гимназия директоры Хасенова Галима Токишевна аптадағы ең үлкен, маңызды жаңалық  2023 жылдың мамыр айының 19-ы күні Алакөл ауданы Үшарал қаласына  оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлының іс сапармен келгенін айтты. Министр оқушылар үшін жасалынып жатқан жақсы жағдайлар және алдағы уақыттағы ұсынылып отырған игі істер туралы айтты. Оқыту мен тәрбие үрдісінде мектеп, отбасы және қоғамдық ұйымдармен тығыз байланыста жұмыс жасау, оқушыларды  оқуға шабыттандыру, оқушыларға оқудағы  және дамытудағы қиындықтары бойыынша  жеке көмек беруді ұйымдастыру, 1-4 сынып оқушыларын 100 пайыз  тамақтандыру мәселесін қолға алу, Ұлттық асхана- яғни ұлттық тағамдардың болатынын айтты. Сондай-ақ,  Қазақстан Республикасының  әр оқушысы тиісті, білікті, сапалы білім алып,  еліміздің бетке ұстар  азаматтары  болып шығуына бар күш-жігерімізді салу керектігін айтты. Жақсы, есте қаларлық кездесу болды.