«Таза мектеп» акциясы ұйымдастырылды » «Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Үшарал қазақ гимназиясы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
Алакөл ауданы білім бөлімінің
"Үшарал қазақ гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 2-43-03
Есепші бөлімі:
+7(72833) 2-64-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
29
сентябрь
2023

«Таза мектеп» акциясы ұйымдастырылды

«Үшарал қазақ гимназиясы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2023 жылдың қыркүйек айының  29 күні мектепте өзін-өзі басқару ұйымының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес «Таза мектеп» акциясы ұйымдастырылды. Акцияның мақсаты: оқушылардың еңбекке қатысты оң  көзқарастарын қалыптастыру, жауапкершілікті сезіндіру және еңбексүйгіштікке деген ынтасын дамыту. Акция барысында оқушыларымыз өздерінің кабинеттеріне және мектеп дәліздеріне  тазалық жұмысын жүргізіп, белсенділік танытты. Бұл ұйымдастырылған акцияның оқушыларымызға берер тәлім- тәрбиесі өте жоғары. Себебі: бұл мектеп қабырғасындағы оқушыларымыздың еңбек тәрбиесінің алғашқы қадамы деуге де болады. Оқушыларымызға үлкен алғысымызды айтамыз.