Қайырымдылық акциясы » «Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Үшарал қазақ гимназиясы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
Алакөл ауданы білім бөлімінің
"Ыбырай Алтынсарин атындағы қазақ гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 2-43-03
Есепші бөлімі:
+7(72833) 2-64-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
февраль
2020

Қайырымдылық акциясы








«Үшарал қазақ гимназиясы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

«Қайырымдылық - адам жанының нұры» тақырыбындағы қайырымдылық акциясы туралы

МӘЛІМЕТ

     Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің   2017 жылғы 11 шілдедегі  №324  бұйрығы және гимназияішілік оқу-тәрбие жоспары  негізінде  20.02.2020 жылғы №27 бұйрығы негізінде қайырымдылық концерті ұйымдастырылу бойынша бұйрық шықты. 2020 жылдың  ақпан айының 21 күні, сағат 17:00 де гимназияның мәжіліс залында   қамқорлық  акциясы аясында  «қайырымдылық » концертін Балалар Бастауыш Ұйымы бірлесе отырып ұйымдастырды. Барлық сыныптардың ата-аналарына, ұстаздарға  шақыру билеттері берілді. Іс - шаралар жоспары жасалып, бекітілді. Жоспар бойынша сценарий жазу, оқушыларды дайындау Ж.Тәуімбетқызы, Е.Омархановқа, мәжіліс залын безендіру- Ф.Қасымжановаға, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды анықтау - әлеуметтік педагог- Т.Бекдауға жүктелді. Сонымен қатар концерт жүргізушілері – Ж.Тәуімбетқызы, Е.Омарханов болса, залға орындықтарды орналастыру- шаруашылық жөніндегі орынбасар- А.Ерсеркеновқа, Музыкалық қондырғымен қамтамасыз ету- Н.Байтұқбаеваға, концертке келген қонақтарды тіркеу – З.Тайжигитова мен А.Кайповаға, Концертке келген қонақтарды   залға орналастыру С.Мукашов, М.Еңсебаев,А.Нұрғалиев, залда кезекшілік атқарушы А.Азимханова, К.Жунисова, Б.Жақупбек, қайырымдылық жәшігінің қасында кезекшілік атқару - М.Ермұқанұлы бекітілді. Қайырымдылыққа келген қонақтар заттай көмектерін беріп, ақшалай көмектерін жәшікке салды.  Концерт өз уақытында басталды. Сценарий бойынша концерттің басында  гимназияның өміріне белсене қатысатын ата-аналар марапатталды. Ән, Би, Абай Құнанбаевтын 175 жылына орай ақынның тақпақтары, өлеңдері, әндері үш тілде шырқалды. «Нұр шашу» үлкен және кіші би топтарының бірнеше биі болды. Қонақтардың келгеніне рахмет ретінде ыстық бауырсақтар таратылды. Мектебіміздің ата-аналарымен қатар өзге де қайырымды жандар  азық – түлікпен көмек көрсетті. Қайырымдылық концерттің аяғы оқушылардың «Тек алға » әнімен және гимназия директоры К.Т.Кусайнованың   алғыс сөзімен аяқталды. 

Қайырымдылық концертінен  түскен қаражатты  есептеп, оқушылардың әлеуметтік жағдайына  қарай тізім жасау үшін сынып жетекшілердің ұсынысы қаралып, төмендегі тізімдегі комиссия құрылды. К.Т.Кусайнова – Гимназия директоры – комиссия төрайымы, Ж.Тәуімбетқызы – Директордың ТІЖ орынбасары – мүшесі, Е.Омарханов – Директордың ТІЖ орынбасары – мүшесі,Т.Бекдау – әлеуметтік педагог, А.Ниязова – Директордың ОІЖ орынбасары, Г.Ноғайбаева – сынып жетекші, Н.Себепова – ата-аналар комитетінің төрайымы.

Қайырымдылық концертінен түскен қаражатқа   гимназиядағы әлеуметтік жағдайы төмен   отбасы балаларына  қажетті  оқу құралдарымен, киімдерін алып беру шаралары қарқынды ұйымдастырылды. Қайырымдылық акциясы жоғары дәрежеде өтті.



   Директордың ТІЖ орынбасары         Ж.Тәуімбетқызы