Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жадыра Тәуімбетқызы
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жадыра Тәуімбетқызы
Жалпы еңбек өтілі: 9 жыл
Аталған білім мекемесінде: 6 жыл
Санаты педагог-сарапшы
Мен, Тәуімбетқызы Жадыра 1991 жылы 13 қарашада Алакөл ауданы, Ақтүбек ауылында дүниеге келдім. 1998 жылы Алакөл ауданындағы Қызылащы орта мектебінің 1 сыныбына қабылданып, 2007 жылы 9 сыныпты бітірідім. 9 сыныптан кейін Талдықорған қаласындағы Заң колледжіне түсіп, аталған оқу орнын 2010 жылы«құқықтану» мамандығы бойынша диплом алып шықтым. Сол жылы Семей қаласындағы Семей мемлекеттік педагогикалық институтына түсіп, аталған оқу орнын «педагог-психолог» мамандығы бойынша 2012 жылы аяқтадым.
Жұмыс тәжірибем:
2012-2013 жылы Алакөл ауданы,Үшбұлақ аулындағы Безродных атындағы орта мектебініңде педагог-психолог болып жұмыс атқардым.
2013-2014 жылы Үшарал қаласындағы М.Мыңбайұлы атындағы орта мектебінде педагог-психолог болып жұмыс жасадым.
2014-2015 жылы Үшарал қазақ гимназиясында педагог-ұйымдастырушы болып жұмыс атқардым.
2016 жылдың қаңтар айынан бастап Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келемін.
Біліктіліктікөтеру туралы мәлімет
- 2020 жылы Қазақстан Республикасы орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде жалпы білім беру ұйымдары басшыларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының біліктілігін арттыру курсының сертфикаты. БЖ №146919
- 2017 «Назарбаев Зияткерлік мектептері » ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген «Тәжірибедегі рефлексия» жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасы бойынша сертификаты. М№000019
- 2016 «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында отаншылдық және көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру тұлғаны тәрбиелеу мен әлеуметтендірудің негізі ретінде» тақырыбында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының сертификаты. №0150036
Жетістіктерім.
2018 жыл. «Жантану – жан қуаттары » тақырыбында авторлық бағдарлама иесі. Алматы облысы Алакөл ауданы мұғалімдерінің авторлық бағдарламалар жинағы. №7,29 бет.
2018 жыл. Білім және жаңа инновациялық технологиялар орталығының директорының Алғыс хаты.
2017 жыл «Қазіргі білім беру: әдістеме, технология,сапа» атты II Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясына қатысқанын растау сертификаты.
2020 жыл. «Инфоурок» ұстаздарға арналған білім желісінде 6 тақырыптан тұратын білім сайтын ашқандығы туралы сертификат.
2020 жылы Білім көкжиегі Республикалық ғылыми – әдістемелік журналына «Мектептегі психолог маманының жоғары сынып оқушылармен атқаратын қызметі» тақырыбынлдағы мақалам жарық көрді .
2020 жыл. I Республикалық «Абай әлемі рухани мұрасы» ұстаздарға арналған қашықтық олимпиадасының III дәрежелі дипломы.
2020 жыл. I Республикалық «Жас интелектуал» қашықтық олимпиадасының III- дәрежелі жүлдегері - Жеңісұлы Мақсат .