28
октябрь
2024
“Бала құқығы - мемлекет назарында” тақырыбында дебат өтті.
Құқық айлығы аясында “Бала құқығы - мемлекет назарында” тақырыбындағы дебат ойыны 7 сынып оқушыларының құқықтық білімдерін арттыруға, сонымен қатар бала құқықтары мәселесіне қоғам назарын аударуға арналған тамаша шара болды. Оқушылар пікірлерін білдіріп, дәлелдер келтіріп, өз көзқарастарын қорғады. Мұндай іс-шаралар жастардың сыни ойлауын, сөйлеу мәдениетін және командалық жұмысын дамытуға ықпал етеді.