Мектеп формасы туралы ақпараттандыру
Құрметті гимназияның ата-аналары мен білім алушылары!
Сіздерді мектеп формасының талаптары туралы ақпараттандырамыз.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ «БІЛІМ туралы» Заңының 47 – бабының 15-1 тармағында «Орта білім беру ұйымдарында БІЛІМ АЛУШЫЛАР білім беру саласындағы уәкілетті орган белгіленген, міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтауға міндетті. Өзге білім беру беру ұйымдарында білім алушылар білім беру ұйымдарында БЕЛГІЛЕНГЕН КИІМ ФОРМАСЫН САҚТАУҒА МІНДЕТТІ » деп белгіленген.
Осы заңның 49-бап 6 тармағында АТА-АНАЛАР МЕН ОЛАРДЫҢ ЗАҢДЫ ӨКІЛДЕРІ білім беру саласындағы уәкілетті орган белгіленген, МІНДЕТТІ МЕКТЕП ФОРМАСЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАРДЫ ОРЫНДАУҒА ТИІС екені белгіленген.
Орта білім беру ұйымдарындағы міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар:
1. Орта білім беру ұйымдарының міндетті мектеп формасы (бұдан әрі – мектеп формасы) оқытудың зайырлы сипатына сәйкес келеді. Мектеп формасының үлгісі, түсі классикалық стильде, бірыңғай түс гаммасында жасалады, үшеуден асырмай түстерді араластыруға рұқсат етіледі. Мектеп формасының түсі қалыпты және ашық емес түстерден таңдалады.
2. Мектеп формасы білім алушылардың жас ерекшеліктеріне қарай енгізіледі.
3. Мектеп формасы күнделікті, мерекелік және спорттық болып бөлінеді.
4. Ұлдардың мектеп формасы:
пиджак, жилет, шалбар, мерекелік жейде, күнделікті жейде, не түймелері бар немесе сыдырмалы тоқылған күрте/кардиган, поло жейде немесе тенниска (қысқы мезгілде: трикотаж жилет, водолазка). Ұлдарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.
5. Қыздардың мектеп формасы:
пиджак, жилет, юбка, шалбар, классикалық жейде, не түймелері бар немесе сыдырмалы тоқылған күрте/кардиган, поло жейде немесе тенниска (қысқы уақытта: трикотаж жилет, сарафан, водолазка). Қыздарға арналған шалбарлар
6. Ұлдар мен қыздарға арналған спорттық форма спорттық костюмнен (спорттық шалбар, куртка, футболка), спорттық аяқ киімнен (крассовка, кеды) тұрады.
7. Мектеп формасына түрлі діни конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайды.
8. Мектеп формасына орта білім беру ұйымының ерекшелік белгілерін (белгілер, тігіспелер, шеврон және т.б ) орналастыруға рұқсат етіледі.