Логопед мамандығына тұрақты конкурс өткізу туралы хабарландыру » «Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Үшарал қазақ гимназиясы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» отдела образования Шуского района
Жетісу облысы
Алакөл ауданы білім бөлімінің
"Ыбырай Алтынсарин атындағы қазақ гимназиясы"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72833) 2-43-03
Бухгалтерия
+7(72833) 2-64-25
Версия для
слабовидящих
15
август
2024

Логопед мамандығына тұрақты конкурс өткізу туралы хабарландыру

Логопед  мамандығына тұрақты  конкурс өткізу туралы хабарландыру


Орналасқан жері: Жетісу  облысы, Алакөл ауданы, Үшарал қаласы, Байтурсынов   улица №2

Пошталық мекенжайы: 0402000

Телефон нөмірлері: жұмыс 87283324303, ұялы: 87024694816

Электрондық пошта мекенжайы көрсетілген  уақытша бос лауазымы  білім беру ұйымының атауы: «Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Ы.Алтынсарин атындағы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар қазақ гимназиясы» отдела образования Шуского района,  alakolkazgimnaziya@mail.ru

Негізгі функционалдық міндеттері:

Білім алушының жеке басының және оның микроортасының психологиялық-медициналық-педагогикалық ерекшеліктерін, тұрмыс жағдайын зерттей алады, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің қызығушылықтары мен қажеттіліктерін, туындаған мәселелерді, тартысты ситуацияларды, мінез-құлығындағы ауытқуларды анықтап, оларға уақытылы әлеуметтік көмек және қолдау көрсете алады;  әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың міндеттерін, түрлері мен әдістерін, баланың жеке басының және әлеуметтік мәселелерін шешу амалдарын анықтайды, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, балалардың тұлға ретіндегі құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруда әлеуметтік қорғау және әлеуметтік көмек бойынша шаралар қолданады; 

Білім алушылардың тұлға ретінде қоғам өміріне бейімделуін қамтамасыз ететін тәрбие, білім беру, дамыту және әлеуметтік қорғау бойынша шаралар кешенін жүзеге асырады, білім алушылардың сабақтан тыс уақытында дарынын, ойлау қабілеті мен физикалық қабілеттерін дамытуға жағдай жасайды;  арнайы есепте тұрған, суицидке бейімдігі бар әумесерлік (девиантты) мінез-құлықты оқушылармен, «қатерлі» топтағы балалармен алдын алу жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етеді ;  Кәсіби құзыреттілікті, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті арттырады.

       Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын орындайды. 

       Білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз етеді. 

       Ата-аналармен немесе оларды алмастыратын тұлғалармен ынтымақтастықты жүзеге асырады. 

       Жабдықты пайдалану кезінде қауіпсіздік техникасы талаптарын орындайды. 

       Білім беру процесі кезінде балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін қажетті жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді. 

       Тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттарды толтырады. 

       Білім беру ұйымдарында "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізеді. 

      Білім алушылар, тәрбиеленушілер, арасында академиялық адалдық қағидаларын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алады.

      Еңбекке ақы төлеу мөлшері: қызмет өткерген жылдарына байланысты 140 000 нан-150.000 теңгеге дейін

     Шарттары белгіленген бос және (немесе) уақытша бос лауазымның атауы: Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Ы.Алтынсарин  атындағы  мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар қазақ гимназиясы» отдела образования Шуского района, логопед  мамандығы, тұрақты  жұмыс.

      Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары

тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі немесе жұмыс өтілі кемінде 3 жыл болуы керек.  Біліктілік санаты болуы міндетті.     

      Құжаттарды қабылдау мерзімі: конкурсқа қатысуға өтінімдер хабарлама жарияланған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қабылданады (конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі);

Конкурсты өткізу күні мен орны: 

Конкурс  Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Үшарал қаласы, Байтурсынов  улица, №2  доммекен-жайы бойынша өтеді. 

Конкурсты өткізу күні Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен (Оқу-ағарту министрлігінің 2022 жылғы 22 желтоқсандағы №513 бұйрығы өзгерістермен толықтырылған) бекітілген қағидаларға сәйкес айқындалады.


Конкурсқа қатысу үшін қажетті  құжаттар тізбесі:


1) осы Қағидалардың 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

      4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

       6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

      7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

      8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

      9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

      10) 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

11) Кандидат болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік Жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

Тұрақты  бос лауазымға конкурс өткізу мерзімі:  26.08.2024ж.



Мемлекеттік білім беру 
 ұйымдарының бірінші 
 басшылары мен педагогтерін 
 лауазымдарға тағайындау, 
 лауазымдардан босату 
 қағидаларына
 15-қосымша


Нысан


____________________________
 Конкурс жариялаған 
 мемлекеттік орган

       _______________________________________________________________ 

      (үміткердің Т.А.Ә. (бар болса)), ЖСН

       _______________________________________________________________ 

      (лауазымы, жұмыс орны)

      _______________________________________________________________

       _______________________________________________________________ 

      Нақты тұрғылықты жері, тіркелген мекен-жайы, байланыс телефоны

 Өтініш

      Мені бос/уақытша бос лауазымдық конкурсқа қатысуға рұқсат беруіңізді сұраймын

      (қажетінің астын сызыңыз)

      _______________________________________________________________

      білім беру ұйымының атауы, мекен-жайы (облыс, аудан, қала\ауыл)

      Қазіргі уақытта жұмыс істеймін

      _______________________________________________________________

      білім беру ұйымының атауы, мекен-жайы (облыс, аудан, қала\ауыл)

      Өзім туралы келесіні хабарлаймын:

      Білімі: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейін

Оқу орнының атауы

Оқыту кезеңі

Диплом бойынша мамандық







      Біліктілік санатының болуы (беру (растау) күні):

      _____________________________________________________________

      Педагогикалық жұмыс өтілі: ____________________________________

      Келесі жұмыс нәтижелері бар:___________________________________

      Наградалары, атақтары, дәрежесі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, сондай-ақ қосымша мәліметтер (бар болса)

      ____________________________________________________________








Мемлекеттік білім беру 
 ұйымдарының бірінші 
 басшылары мен педагогтерін 
 лауазымға тағайындау, 
 лауазымнан босату 
 Қағидаларына
 16-қосымша


Нысан

 Бос немесе уақытша бос педагог лауазымына үміткердің бағалау парағы

       ___________________________________________________ 

      (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

Өлшемшарттар

Растайтын құжат

Балл сандары

(1-ден 20-ға дейін)

1.

Білім деңгейі

  Білімі туралы дипломның және дипломға қосымшаның көшірмелері 

Техникалық және кәсіби = 1 балл

Жоғары күндізгі = 2 балл

Жоғары күндізгі үздік= 3 балл

Магистр = 5 балл

2.

  Ғылыми/академиялық дәрежесі 

Білімі туралы дипломның және дипломға қосымшаның көшірмелері

PHD-доктор = 10 балл

Ғылыми доктор = 10 балл

Ғылыми кандидат = 10 балл

3.

  Жұмыс өтілі жоқ үміткерлер үшін сертификаттау 

Сертификат

"Педагог" біліктілік санаты - 5 балл

4.

  Біліктілік санаты 

Жеке куәлік, басқа құжат

Екінші санат = 1 балл

Бірінші санат = 2 балл

Жоғары санат = 3 балл

Педагог-модератор = 3 балл

Педагог-сарапшы = 5 балл

Педагог-зерттеуші = 7 балл

Педагог-шебер = 10 балл

5.

  Администрация және әдістемелік қызметтегі жұмыс тәжірибесі 

Еңбек кітапшасы/еңбек қызметін растайтын басқа да құжат

Әдіскер (лауазымдық жұмыс өтілі кемінде 2 жыл) = 1 балл

Директордың орынбасары (лауазымдық жұмыс өтілі кемінде 

2 жыл) = 3 балл

директор (лауазымдық жұмыс өтілі кемінде 2 жыл) = 5 балл

6.

  Алғаш рет жұмысқа тұрған педагогтер үшін 

Білімі туралы дипломның қосымшасы

 Педагогикалық/ кәсіби тәжірибенің нәтижелері 

"өте жақсы" = 1 балл

"жақсы" = 0,5 балл

7.

 Бұрынғы жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша) немесе оқу орнынан ұсыныс хат 

Ұсыныс хат (Конкурсты өз бетінше жариялаған білім беру ұйымы соңғы жұмыс/оқу орны бойынша ұйымға/оқу мекемесіне өтініш жасайды)

Оң ұсыныс хатының болуы = 3 балл

Теріс ұсыныс хатының болуы = минус 3 балл

8.

 Кәсіби жетістіктерінің көрсеткіштері 

- дипломдар, білім алушылардың олимпиадалар және конкурстар, ғылыми жобалар бойынша жеңімпаздардың грамоталары;

- дипломдар, мұғалімнің олимпиадалар және конкурстар жеңімпаздарының грамоталары;

- мемлекеттік награда

 олимпиадалар және конкурстар жеңімпаздары = 0,5 балл 

  ғылыми жобалардың = 1 балл 

олимпиадалар және конкурстар жеңімпаздары - 3 балл

"Лучший педагог" конкурсына қатысушы = 1 балл

"Лучший педагог" конкурсының жеңімпазы = 5 балл

"Қазақстан еңбек сіңірген ұстазы" медаль иегері = 10 балл

9.

Әдістемелік қызметі

-авторлық шығармалары, басылымдары

ҚР ОАМ тізбесіне енген оқулықтар мен (немесе) ОӘК авторы 

немесе бірлескен авторы = 5 балл

РОӘК тізбесіне енген оқулықтар мен (немесе) ОӘК авторы

 немесе бірлескен авторы = 2 балл

БССҚЕК, Scopus тізбесіне енгізілген ғылыми-зерттеу 

қызметі бойынша жарияланымның болуы - 3 балл

10.

 Қоғамдық-педагогикалық қызметі 

 Қоғамдық-педагогикалық қызметін растайтын құжат 

тәлімгер = 0,5 балл

ӘБ басшылығы = 2 балл

Екі тілде сабақ беру, орыс/қазақ = 2 балл

шетел/орыс немесе шетел/қазақ = 3 балл,

үш тілде сабақ беру (қазақ, орыс, шетел) = 5 балл

11.

Курсқа дайындық

- пәндік дайындық сертификаттары;

  - цифрлық сауаттылық, 

  КАЗТЕСТ, 

  IELTS; 

  TOEFL; 

DELF сертификаттары;

Goethe Zertifikat, "Python тілінде бағдарламалау негіздері" бағдарламалары бойынша оқыту, "Microsoft"

Курсера жұмыстарына оқыту

Халықаралық курстар:

TEFL Cambridge 

"CELTA

(Certificate in Teaching English to Speakers of Other Languages)"

CELT-P (Certificate in English Language Teaching – Primary)

DELTA (Diploma in Teaching English to Speakers of Other Languages)

CELT-S (Certificate in English Language Teaching – Secondary)

""TKT

Teaching Knowledge Test"

Certificate in EMI Skills (English as a of Instruction)

Teacher of English to Speakers of Other Languages (TESOL)

"TESOL"

Certificate in teaching English for young learners

International House Certificate in Teaching English as a Foreign Language (IHC)

IHCYLT - International House Certificate In Teaching Young Learners and Teenagers

Becoming a Better Teacher: Exploring Professional Development

Assessment for Learning: Formative Assessment in Science and Maths Teaching

Online Teaching for Educators: Development and Delivery

Educational Management

Key Ideas in Mentoring Mathematics Teachers

Курсы на платформе Coursera, Futute learn

Teaching Mathematics with Technology

Special Educational Needs

"Developing expertise in teaching chemistry "

ПШОНЗМ, "Өрлеукурстары

= 0,5 балл

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 

28 қаңтардағы №95 бұйрығына сәйкес тізбеге енгізілген біліктілікті

 арттыру ұйымдары іске асыратын білім беру саласындағы уәкілетті

 органмен келісілген бағдарламалар бойынша біліктілікті арттыру

 курстары (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу 

тізілімінде № 30068 болып тіркелген)

= 0,5 балл (әрқайсысы бойынша жеке)

12.

Мемлекеттік білім беру гранты бойынша білім алған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының түлегі, "Дипломмен ауылға!", "Серпін" мемлекеттік бағдарламаларының қатысушысы, Жұмыспен қамту орталығы жастар тәжірибесі бойынша жіберілген педагог

Мемлекеттік білім беру гранты иегерінің сертификаты, келісім-шарты

3 балл қосылады

Барлығы:




МАҢЫЗДЫ:

Мемлекеттік ұйым кандидаттың құжаттарын қабылдағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне сыбайлас жемқорлық қылмыс және/немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы, сондай-ақ педагогикалық әдептің бұзылуы туралы сұрау салуды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетіне жібереді.