Адал ұрпақ конкурс сөздері
Визитка
Қобыз әуені ойнайды
Автор сөзі:
Өткендерін ескерген
Өскендіктің белгісі
Өткендерін ұмытқан
Өшкендіктің белгісі
Автор сөзі:
Сан ғасырлық тарихымызды мақтан тұтар, бүгінгіміз бен келешегіміз үшін ғибрат алар оқиғалар мен ел тағдырын өз тағдырынан биік қойған, ұлтының тұтастығын, жерінің бүтіндігін мұрат еткен бабаларымыздың өсиеті
ТОМИРИСТІҢ СӨЗІ:
- Мен, Томирис, ұлы сақ патшайымы, күллі сақ тайпаларын өзімнің әділдігіммен, шыншылдығыммен біріктіре алдым. Келер ұрпақты алғыр да, адал болуға шақырамын.
Автордың сөзі:
Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу-Насыр әл-Фараби
Әл-фарабидің сөзі:
Адамның өз ұжданы алдында адал, шыншыл болу – өзіне –өзі қасиетті болуынан, жүріс-тұрысы ізгі болуынан ғана туады.
Автордың сөзі:
Халық зердесінде Тәуке заманы Қазақ хандығының ең бір өркендеген дәуірі, «алтын ғасыры» саналады.
Тәуке ханның сөзі:
Тамам жарлы жиылып
Қонған жері көн болмас
Тамам сұлтан жиылып
Сөйлеген сөзі жөн болмас
Ұры-қары жиылып
Ұйытқылы ел болмас
Жаманды қанша мақтасаң
Жайды білер ел болмас
Автордың сөзі:
Кеңес одағының батыры Бауыржан Момышұлы
Б.Момышұлы:
«Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім. Енді қорқынышым көбейіп жүр. Балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқам. Немересіне ертегі айтып беретін әжелердің азаюынан қорқам. Дәмді, дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келеді. Ертең ана сүтін сатып, еліне опасыздық жасайтын ұрпақтан қорқам. Адалдықтың туын нық ұстай алмайтын ұлдардан қорқам.Оның қолына қылыш берсе, кімді де болса шауып тастауға даяр. Қолына кітап алмайды. Үйреніп жатқан бала жоқ, үйретіп жатқан әке- шеше жоқ.»-
«Мен қазақпын» әні орындалады.
Қазақ болып тумағанда нетер ем
Өз ісіме адал болмай өтер ем.
Кешегі Абай,Тәуке xан мен Жәңгір xан
Қашан болсын ел қарызын өтеген.
Адал ұрпақ боп жетілдім жете мен
Шындық деген ауыр жүкті көтерем,
Жемқорлыққа қарсы тұрған қашанда
Ондайлардың түбіне мен жетер ем.
Мен шәкіртпін жетістікті ойлаған
Руxы берік күшін ешбір жоймаған.
Мен қазақпын шындық үшін шыр-пыр боп
Қашан болсын елдің қамын ойлаған