Салауатты өмір салтын ұстану бөлімінің маманымен кездесу
Үшарал қазақ гимназиясы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» отдела образования Шуского района
Үшарал қазақ гимназиясында қараша айында 1-11 сыныптар аралығында салауатты өмір салтын ұстану бөлімінің маманы, психолог Айгерім Әліпбекқызымен кездесу өтті. Кездесу ЗУМ платформасы арқылы өтті. Түрлі тақырыптар қамтылды. 1 сыныптағы оқушылардың ата-аналарына «Біз екпеге иә!- дейміз» тақырыбында, 2-3 сынып оқушыларына «Дұрыс тамақтану» тақырыбы бойынша, 4-5 сыныптарға – «Жеке бас гигиенасы», 6-7 сыныптарға «Спорт-денсаулық кепілі» тақырыбында, 8-9 сыныптарға «Темекінің зияны» тақырыбында, 10-11 сыныптарға «Нашақорлық – ғасыр дерті» тақырыбында кездесуөтті. Кездесуге директордың ТІЖ орынбасары Ж.Тәуімбетқызы, Гимназия психологтары- М.Маманова, А.Қалиева, гимназия дефектологі –Б. Бельгибаева қатысты. Оқушылар барлық тақырыптар бойынша қызығушылықпен қатысты. Өздерінің ойын айтты. Белсене қатысқан оқушыларды карантин талаптарын сақтай отырып, сыйлықтарын табыстады.
Директордың ТІЖ орынбасары Ж.Тәуімбетқызы