Бастауыш сынып мұғалімі Ыстыкбаева Айгерим Еркинхановна » «Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Үшарал қазақ гимназиясы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» отдела образования Шуского района
Жетісу облысы
Алакөл ауданы білім бөлімінің
"Ыбырай Алтынсарин атындағы қазақ гимназиясы"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72833) 2-43-03
Бухгалтерия
+7(72833) 2-64-25
Версия для
слабовидящих
18
июнь
2020

Бастауыш сынып мұғалімі Ыстыкбаева Айгерим Еркинхановна

«Үшарал қазақ гимназиясы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» отдела образования Шуского района ІІ санаттағы бастауыш сынып мұғалімі Ыстыкбаева Айгерим Еркинхановна. 

І.Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік Университетінің «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша 2006-2010 жылдар аралығында білім алдым. 

2010 – 2015 жылдар аралығында Ынталы орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс жасадым. 2015 жылдан бастап Үшарал қазақ гимназиясында бастауыш сынып мұғалімі ретінде еңбек жолымды жалғастырып келемін. 

2015  жылы Қазақстан Респубрикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында үшінші (базалық)  деңгей бағдарламасы бойынша мұғалімдерді оқыту курстарын аяқтадым. «Алаш зиялыларының мұраларын метатанымдық дағды қалыптастыруда пайдалану» тақырыбында өткен оқу-әдістемелік білім жетілдіру семинарында (12 сағат) қатысып біліктілігін арттырғанын растайтын сертификат алдым. 2018 жылы жаңартылған бағдарлама бойынша курстан өттім. 

Жетістіктерім: Аудандық «Лучший бастауыш сынып мұғалімі-2017» байқауында І орын алдым.  «Белес» өнер орталығының ұйымдастыруымен Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай өткен "Абай – халық данасы" атты   Республикалық өнер байқауына шәкірт дайындағаным үшін бірнеше алғыс хаттармен марапатталдым. ҚР Тұңғыш Президенті қоры сыйлығының иегері Казтесткз онлайн олимпиада сайты республика мұғалімдерінің арасында қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының  175 жылдығына орай ұйымдастырылған І Республикалық «Абай   «әлемі және рухани мұрасы» қашықтық олимпиадасына қатысқаным үшін сертификатталдым. «Жаңа ғасыр таланттары» инелектуалды-олимпиадалық шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен өткен «Жаңа ғасыр таланттары-2019» ІІ республикалық байқауына білімді, өнерлі шәкірттер дайындағаны үшін ұлағатты ұстаз ретінде дипломмен марапатталдым. 

Оқушыларымның жетістіктеріне тоқталып өтсем, «Жаңа ғасыр таланттары» интеллектуалды-олимпиадалық шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен өткен «Жаңа ғасыр таланттары-2019» ІІ республикалық байқауында «Бейнелеу және Сәндік қол өнер» номинациясы бойынша жоғары дәрежеде өнер көрсеткені үшін бас жүлдемен оқушым Мырзатай Ернұр марапатталды. «Жаңа ғасыр таланттары» интеллектуалды-олимпиадалық шағармашылық орталығының ұйымдастыруымен өткен «Жаңа ғасыр таланттары-2019» ІІ республикалық байқауында «Жас ғалым» номинациясы бойынша жоғары дәрежеде өнер көрсеткені үшін оқушым Мүсип Айжан марапатталды. «Жаңа ғасыр таланттары» интелектуалды-олимпиадалық шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен өткен «Жаңа ғасыр таланттары-2019» ІІ республикалық байқауында «Аспапта орындаушылық өнері» номинациясы бойынша жоғары дәрежеде өнер көрсеткені үшін оқушым Сүлеймен Мерей Манатқызы марапатталды. Халықаралық «Пони» байқауында бірнеше оқушыларым жүлдегерлері.  «Ақ бота» интелектуалдық марафонына да бірнеше оқушым қатысып, жүлделі орын иегерлері болды. .  «Белес» өнер орталығының ұйымдастыруымен Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай өткен  «Абай – халық данасы»  атты   Республикалық өнер байқауына белсене қатысқаны үшін Русланұлы Даниял, Қайратқызы Айсезім, Мадиярқызы Ажар дипломмен марапатталды.