2023-2024 оқу жылының басталуына орай 1-қыркүйек Білім күніне арналған салтанатты жиыны «Мектебім – мейірім мекені» тақырыбында өтті. » «Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Үшарал қазақ гимназиясы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
Алакөл ауданы білім бөлімінің
"Ыбырай Алтынсарин атындағы қазақ гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 2-43-03
Есепші бөлімі:
+7(72833) 2-64-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
сентябрь
2023

2023-2024 оқу жылының басталуына орай 1-қыркүйек Білім күніне арналған салтанатты жиыны «Мектебім – мейірім мекені» тақырыбында өтті.

Жетісу облысы Алакөл ауданы «Үшарал  қазақ гимназиясы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2023-2024 оқу жылының басталуына орай 1-қыркүйек Білім күніне арналған салтанатты жиыны «Мектебім – мейірім мекені» тақырыбында өтті. Директордың оқу-тәрбие орынбасары А.Ниязова оқу жылының басталуы туралы бұйрықпен таныстырды. Гимназия директоры Г.Хасенова мектеп табалдырығын аптаған бүлдіршіндерді алғашқы қадамдарымен құттықтады.
Салтанатты жиын барысында 1 сынып ұстаздары атынан құттықтау сөз Ноғайбаева Гүльнар Баяхметқызына беріліп, 1 сынып оқушылары жаттап келген тақпақтарын ортаға шығып айтты. Алғашқы қоңырау соғу құрметі 11 сыныптан оқуда озат, тәртібі үлгілі 5 оқушы ұлға және 1 сыныптан 5 оқушы қыз балаға берілді. Гимназия оқушылары қауымы атынан Білім кілтін ұсыну құрметі гимназияның Балалар бастауыш ұйымының президенті Қызыр Аида барлық 1 сынып оқушы атынан  Калиев Айсұлтанға ұсынды.
1-11 сыныптарында «Мектебім – мейірім мекені» тақырыпта бірыңғай сынып сағаттары өтті.