Директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ниязова Айгуль Киыкпаевна » «Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Үшарал қазақ гимназиясы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
Алакөл ауданы білім бөлімінің
"Ыбырай Алтынсарин атындағы қазақ гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 2-43-03
Есепші бөлімі:
+7(72833) 2-64-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
ноябрь
2020

Директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ниязова Айгуль Киыкпаевна




Аты-жөні                     Ниязова Айгүл Қиықпайқызы

Жалпы ақпарат

Туған жылы                 21. 09. 1964 жыл

Ұлты                            қазақ

Жынысы                      әйел

Отбасы жағдайы          Жанұялы, 2 баласы бар

Азаматтылығы             Қазақстан Республикасы

Мекен-жайы                 040200 Қазақстан Республикасы

                                      Алматы , Алакөл ауданы, Үшарал қаласы

                                      Желтоқсан көшесі 30/1

Білімі:                           Жоғары

Бітірген оқу орны:        С.М. Киров атындағы КАЗ МУ . 1988 жыл

Мамандығы:                  Биология және химия пәнінің оқытушысы

Жүргізетін пәні:            Биология

Еңбек өтілі:                   33 жыл

Категориясы:                Жоғары, педагог-зерттеуші 

Аттестаттаудан өткен жылы: 2019 жыл

 Компьютерді игеруі     Windows XP жүйесінде жұмыс, 

MS Office-XP, E-mail,Internet 

Жеке қасиеттері           жауапкершіліктік, мақсаттылық, жан-жақтылық                       

                                          ұйымдастырушылық және   талапшылдық                                   

                                          алдыға  қойған міндеттерге шығармашылық                                          

                                          көзқарас, ұжыммен жұмыс   істей білу  және т.б    


Марапаттаулары:         

2006 ж. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың алғысы

2006 ж. ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан зор үлесі үшін. Алғыс                                                                                                                                                                      

2008ж «Үздік сабақ жоспары» ІІ орын. АББ мадақтамасы

2008 ж атқарған қызметі үшін Нұр-Отан ХДП Алғыс хаты.

2009,2010,2012 ж.  АББ мадақтамалары мен алғыс хаттары 

2011 ж облыс әкімінің  қаржылай сыйлығы   

2011 ж Үшарал қаласы әкімінің Алғыс хаты.  

2012 ж  АББ   құрмет грамотасы

2012 ж. «Жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру УӘЖ орталығы»ЖМ «Оқытудың Үшөлшемді әдістемелік жүйесі педагогикалық технологиясы білім беру үрдісінде» Алғыс хат Алматы. 29 маусым. 2012 ж

2013 ж. Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім беру Академиясы Құрмет  грамотасы

2015 ж Халықаралық білім мен ғылымды қолдау орталығы. «Мәңгілік ел үміттері» атты дарынды оқушылар антологиясына оқушы еңбегін жариялауда қолдау көрсеткені үшін.  Диплом. Алматы. 2015

2015 ж Республикалық «Балалар интеллектуалдық клубы» Алғыс хат. Биология пәні бойынша монопәндік жарысқа қатысушыларды дайындағаны үшін. 

2017 ж ҚР Білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы.Диплом

2017 ж ҚР Білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы.Диплом

2017ж Алматы облысы, Алакөл ауданы. «Алакөл аудандық білім беру қоры» қоғамдық қорының Алғыс хаты. Үшарал. 2017 ж

2018 ж. «Жаңа ғасыр таланттары» Интеллектуалдық олимпиадалық-шығармашылық орталығы. І Республикалық мектеп ұстаздары арасындағы «Үздік мұғалім-2018» номинациясында жоғары дәрежеде өнер көрсеткені үшін ДИПЛОМ.Алматы қ. 

2018 ж. Қыркүйек. «Шығармашыл ұстаз» атты қашықтықтан республикалық ұстаздар сайысы ДИПЛОМ  І орын. Алматы -2018. Республикалық өрлеу порталы. 

2019 ж Тамыз. Благодарность за активное участие в работе проекта для учителей «Инфоурок»

2019 ж IntOlimp Республикалық дарынды оқушылар порталы. Шығармашылық байқауларға шәкірттер дайындағаны үшін Алғыс хат. Сәуір. 2019 ж

2019 ж НЗМ ҚР-ң жалпы білім беру мекемелеріне арналған «Жаңартылған білім мазмұны-жаңашылдыққа бастама» тақырыбындағы коучинг сайысы ДИПЛОМ І орын. Нұр-Сұлтан -2019

2019 ж НЗМ ДББҰ педагогикалық шеберлік орталығы «Жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар құру ерекшеліктері» оқыту семинары - Сертификат.Б.К Асубаев

2020 ж DARYNONLINE Gaztest. І Республикалық «кемеңгер ұстаз» олимпиадасы. ІІІ дәрежелі ДИПЛОМ.№-20-25359

Мақалалар мен жарияланымдар:

2013 ж Геогрфия, биология, экология орта мектепте .Республикалық ғылыми-әдістемелік журналы.№1. қаңтар. Мұғалім тәжірибесінен айдарында: 7-сынып. «Буынаяқтылар типі» сабақ жоспары. Ж.Қараевтың УӘЖ технологиясы бойынша

2013 жылы. №1 қаңтар. Биология және салауаттылық негізі республикалық ғылыми-педагогикалық журналы. «Шығармашылық мүмкіндікті анықтау» мақала-жоспар

2017 ж Білім көкжиегі. Республикалық ғылыми-әдістемелік журналы. Биология сабағында ойын элементтері арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру. №12,Мақала. 

2018 ж Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал. Мектептегі оқу-тәрбие жұмысы. «Жаңа білімге жаңа қадам. Білім беру- өркениетті саяси әлеуметтенудің қозғаушы күші» мақала. №-6,2017 жыл. Алматы қ.

2019 ж «Рухани жаңғыру-қазіргі білім саласының көкжиегі» атты республикалық ғылыми-практикалық конференцияға мақала жарияланды. Алматы- 2019, Сәуір. 

2019 ж Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогика университеті –Білім берудегі жаңа инновациялық технологиялар орталығы-СЕРТИФИКАТ. Ғылыми-практикалық конференциядағы жұмысы үшін-10.04.2019 ж. Алматы 2019 ж 

Семинарлар: 

2003-2004 оқу жылы. Облыстық АОМКДИ «Жаңа буын оқулықтары бойынша жаратылыстану пәндерін оқыту әдістемесі» облыстық семинары

2006 ж облыстық мұғалімдердің тамыз мәжілісінің делегаты

2007 ж Қазақстандық патриотизм, толернттылық, жоғары мәдениет және адам бостандығы мен құқықтарын сыйлауға тәрбиелеу. Аудандық семинар

2011 ж Ақпараттық қоғамда білім беру стратегиясы. Аудандық семинар. 

2012 ж Сабақты бірнеше әдістер жинағымен оқыту. Аудандық семинар

2010ж Аудандық балалар ұйымының І слеті. «Танысайық» атты психологиялық тренинг өткізушісі

2011 ж Аудандық шеберлік сыныбы. «Болашақтағы ғылымның негізгі саласы» 

2011 ж Биология сабағын жабдықталған кабинетте өткізудің тиімділігі. Аудандық семинар

2016 жылы қараша айында аудандық білім бөлімімен бірлескен семинарда Жаңа мазмұнды білім беру жүйесіндегі критериалды бағалау  енгізу бойынша электронды журналды толтыру нұсқаулығымен жұмыс істеу әдістемесін көрсеттім.

2015 жылы аудандық әдістемелік кабинетпен бірлескен семинарды жас мамандар үшін өз тәжірибеммен бөлісу сабағын өткіздім. 

Авторлық бағдарламалар:

2004 ж. Биология пәнінен тесттер жинағы облыс көлемінде таратылды. Алматы.  

10-11 сыныптардың жаратылыс-математикалық бағыты   үшін «Адам физиологиясы» таңдау курсы бағдарламасы

11 сыныптардың қоғамдық-гуманитарлық бағыты үшін «Биология тарихынан» таңдау курсы бағдарламасы

Оқушыларымның жетістіктері:

  1. Пәндік олимпидалар:

2004 ж 11 сынып оқушысы Смайлханов Айбек. Облыстық пән олимпиадасы. ІІІ орын

2008-2009  ОЖ  9 Б сынып оқушысы Қалиева Альмира-аудандық биология пәні олимпиадасы-І орын, облыстық пән олимпиадасы ІІІ орын

2009-2010 ОЖ 10 Б сынып оқушысы Қалиева Альмира-аудандық биология пәні олимпиадасы-І орын, облыстық пән олимпиадасы ІІІ орын

2010-2011 ОЖ 11 Б сынып оқушысы Қалиева Альмира-аудандық биология пәні олимпиадасы-І орын, облыстық пән олимпиадасы ІІ орын

2012-2013 ОЖ 10 А сынып оқушысы Артықбаева Балжан-аудандық пән олимпиадасы-І орын , облыстық пән олимпиадасы ІІ орын

2013-2014 ОЖ 10А сынып оқушысы Советхан Ақмарал, 9 Б сынып оқушысы Ешмухамбетова Аида аудандық пән олимпиадасы ІІ орын

2014-2015 ОЖ 11А сынып оқушысы Советхан Ақмарал, 10 Б сынып оқушысы Ешмухамбетова Аида аудандық пән олимпиадасы ІІ орын

2015-2016 ОЖ 10 Б сынып оқушысы Макетай Балым, 11 Б сынып оқушысы Ешмухамбетова Аида  аудандық пән олимпиадасы ІІ орын

2014-2015 ОЖ  Республикалық «Балалар интеллектуалдық клубы»  Биология пәні бойынша монопәндік жарыс. 8 сынып оқушысы Қанатқызы Айым. ІІ орын.ДИПЛОМ. ДИК -15-000016005. Алматы. 2015

2017 жылы 9 сынып оқушысы Асланова Нұрсая Диана ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Өрлеу» ғылыми-әдістемелік орталығының республикалық олимпиадасына қатысып І орын алды

2017 жылы 9 сынып оқушысы Жабай Мөлдір   ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Өрлеу» ғылыми-әдістемелік орталығының республикалық олимпиадасына қатысып І орын алды 

2017 жылы 9 сынып оқушысы Қыдырханова Ақниет Диана ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Өрлеу» ғылыми-әдістемелік орталығының республикалық олимпиадасына қатысып І орын алды

2019 . Сәуір. Республикалық дарынды оқушылар порталы ұйымдастырған шығармашылық байқауларға шәкірттерді дайындағаны үшін АЛҒЫС ХАТ. 

2018 ж 10 сынып-Жақанбай Аян- республикалық биология олимпиадасы-ІІ орын ДИПЛОМ ҚР «Өрлеу» республикаылқ ғылыми-әдістемелік орталығы

2019 ж 9-сынып. Мамырбекова Айдана- KIO.Республикалық дистанционды олимпиада. ІІІ орын. ДИПЛОМ. Астана 2019

2018 ж 10 сынып Дюсенбек Диана- Республикалық қашықтық олимпиадасы ІІ орын.ДИПЛОМ. ҚР «Өрлеу» республикаылқ ғылыми-әдістемелік орталығы Астана-2018

     Жоғарыда аталған Қалиева Альмира, Артықбаева Балжан, Төребекова Айгерім, Шедірбаева  Айгерім ауданымызда құрылған «Дарын қоры» қорының грант иегерлері

  1. Ғылыми жоба жарысы:

2012-2013 ОЖ 11 А сынып оқушысы Төребекова Айгерім облыстық «Жер және космос» бағыты бойынша ғылыми жоба жарысында биология пәнінен «Марсқа ұшу кезіндегі космос кораблі экипаж мүшелерін экологиялық қорғау» тақырыбында  ІІ-орын, республикалық турдан І орын, ғарыштық зерттеулер бойынша «Ғылым әлемін ашамыз» ІХ халықаралық ғылыми жарыс.  ІІІ орын ДИПЛОМ. № ІІІ-055. 2013 ж. 

2013ж ҚР Білім және ғылым министрлігі. «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы. Қатысушы сертификаты. Байқоңыр. 3-7 сәуір. 2013 ж № 265.

2013 ж  8-сынып оқушысы Ешмұхамбетова Аида оқушылардың аудандық ғылыми жоба жарысында «Жүрек-қан тамырлары ауруларын зерттеу» тақырыбында жұмысын қорғап ІІ орын   алды

2014ж Алматы облысы білім басқармасы.  11 А сынып оқушысы Шедірбаева Әйгерім Облыстық ғылыми жоба жарысы биология секциясында ІІ орын, ДИПЛОМ. Талдықорған. 2014 , республикалық турдан І орын, ҚР Білім және ғылым министрлігі. «Ғылым әлемін ашамыз» ғарыштық зерттеулер бойынша ХІ халықаралық ғылыми жарыс. ІІІ орын   ДИПЛОМ. № ІІІ-076.2015  

2019 ж 10 сынып Асланова Нұрсая- «ZIAT» Ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастырған оқушылар мен студенттер арасында өткізілген «Жас ғалым» ІІІ республикалық ғылыми жұмыстар сайысының жүлдегері   ДИПЛОМ  Астана-18.03. 2019Астана

Оқушыларымның жарияланымдары

2015-2016 оқу жылы. Республикалық «Мәңгілік үміттері» атты дарынды оқушылар антологиясы. 10 А сынып оқушысы Жанай Сандуғаш-мақаласы енді. ДИПЛОМ

Пайдаланып жүрген педагогикалық технологиялар:

Пайдаланып жүрген педагогикалық технологиялар бойынша атқарылып жатқан   жұмыстар. Мен «Оқу  үдерісінде ақпараттық–коммуникациялық технологияны пайдалана отырып, биология   сабағында оқушыларды шығармашылыққа баулу» атты әдістемелік тақырыбымен жұмыс істеп, ізденудемін. Ондағы мақсатым оқу үрдісінде жаңа технологияны қолдана  отырып, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

30Биология кабинеті - жаңа модификациялық кабинет.


Мен сабақ өткізетін, жаңа модификациялық кабинетте компьютер, интерактивті тақта, видеопрезенттер, мультимедиалық сандық подиум, музыкалық орталықпен жабдықталған. Ал мультимедиалық кітапхана, электрондық оқулықтар, видео тәжірибелер, интернет жүйесінің тиімділігі жоғары. Биология пәнінен өткізілетін зертханалық, практикалық жұмыстарға мүмкіндік мол. Жаңа модификациялық кабинеттің тиімділігі өте жоғары, себебі  оқу бағдарламасы бойынша сабақ жоспарлары, тест материалдары, бақылау жұмысы, практикалық жұмыстар, тәрбие сағаттары, сыныптан тыс іс-шаралар ұйымдастыруға байланысты слайдтар, флипчарттар  т.б   материалдар жинақталған.

Сонымен қатар әрқашанда жаңа білімдерді алуға тырысамын, әдебиеттермен жұмыс жасаймын,  курстар мен  семинарларға жиі қатысуға тырысамын:

  1. 2014 жылы  Алматы қ ТОО-«U-PARTNERS» Онлайн тестілеу технологиясын қолдануға арналған І семинар курстан өтіп қолданушы деңгейінің сертификатын алдым. Бұл сабақта АКТ пайдалануда көп көмегін тигізіп отыр.
  2. 2016 жылы 20 мамырда Алматы облыстық білім басқармасының Ақпараттық технологиялар орталығының біліктілік деңгейін анықтауға арналған тестілеуден өтіп 167 баллмен АКТ меңгеру деңгейі -Жеткілікті  деген сертификат алдым. Бұл  алған білімім сабағымда АКТ ны пайдалануда көрініс тауып отыр. 
  3. 2016 жылы 20.09-06.10 аралығында Талдықорған қ. МШО АОО «Назарбаев зияткерлік мектептері»  ДББҰ ҚР мектептерінде орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде критериалды бағалау жүйесін енгізу бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілерінің біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша 80 академиялық сағат көлемінді оқыту курсынан өттім. БЖ № 018567 сертификатын алдым. 
  4. 2017 ж МШО АОО «Назарбаев зияткерлік мектептері»   ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген «Тәжірибедегі рефлексия» жалпы білім беретін мектептердегі педагог кадрлардың кәсіби даму бағдарламасы бойынша 100 академиялық сағат көлемінде мектепішілік курсын аяқтадым. М № 000015 сертификатын алдым. 
  5. Облыстық  мұғалімдер   кәсібін  дамыту институтының ұйымдастыруымен облыс-аймақтық  семинарда   тәжірибе алмасу  сабақтар өткізіп, іс- тәжірибеммен бөлістім.


Әдістемелік өнімдерім мен мақалаларым туралы

    Мұғалім ешнәрседен тыс қалмай өзін - өзі ылғи да ілгері  жылжытып отыратын болса, жұмыста оң нәтиже болады. Мен тәжірибемді басқа әріптестеріммен бөлісу мақсатында, әр түрлі баспаларда өз мақалаларымды басып шығаруға да көңіл бөлемін.   Ғылыми әдістемелік журналдарда, түрлі жинақтарда мақалаларым жарық көрді?

  1. Жас биолог - мамандарға көмекші құрал ретінде, АОМКДИ ұсынысымен
     педагогика ғылымдарының кандидаты, Жаратылыстану Академиясының корреспондент мүшесі  Т.М. Баймолдаевтың  пікір жазуымен мұғалімдерге әдістемелік құрал ретінде «Биология пәні бойынша тесттер» жинағын құрастырдым . 
  2. Облыстық  мұғалімдер   кәсібін  дамыту институты  шығарған    «Биология  пәні бойынша  инновациялық   сабақтар»  озат  мұғалімдер   іс- тәжірибесі жинағына сабақ үлгілерім енді. 
  3. 10-11 сыныптардың жаратылыстану-математикалық бағытына арналған   «Адам физиологиясы» таңдау курсы бойынша авторлық бағдарламасын құрастырып, практикада жүзеге асырып жүрмін.
  4.  Сонымен қатар 11 сыныптың қоғамдық-гуманитарлық бағытына арналған «Биология тарихынан» атты авторлық бағдарлама құрасытырып аудан көлемінде тәжірибеген енгіздім. 
  5. Аудандық семинарлардағы баяндамаларым: «Биология сабағын жабдықталған кабинетте өткізу тиімділігі», «Ақпараттық қоғамда білім берудің стратегиясы», «Қазақстандық патриотизм, толеранттылық, жоғары мәдениет және адам бостандығы мен құқықтарын сыйлауға тәрбиелеу», «Сабақты бірнеше әдістер жинағымен оқыту». 
  6.  Аудандық шеберлік сыныбы «Болашақтағы  ғылымның
     негізгі саласы» тренинг.
  7. Жас мамандарға қолдау ретінде өткізілген тәжірибеммен бөлісу сабақтарым
  8. Жаңа мазмұнды білім беру жүйесін тәжірибеге енгізудегі критериалды бағалау бойынша электрондық журналмен жұмыс істеу әдістемесімен бөлісу . 










 «Мен ұстазбын».

       Елбасымыз: «Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік тұр, оны арқалап жүрген ұстаздар. Себебі еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесімен өлшенеді»,–деген еді. Олай болса, өркениет өзегі – білім, ғылым, тәрбие десек, бұл мәселеге өз үлесімді қосып жүрмін деп ойлаймын.

      Мен бүгінгі таңда білім беру саласында 30 жылдай еңбек етіп келемін. Күн сайын алдымда көздері жәудіреп отырған шәкірттеріме  зер сала қараймын. Алға үмітпен талпынған олардың алдындағы зор жауапкершілігімді ешқашан да , бір сәтке де ұмытқан емеспін. Сондықтан менің өзіме қояр талабым мен мақсатым жоғары, өйткені мен алдымдағы шамшырақты жаға білуім керек - ол менің ұстаздық парызым. Сыныптағы баланың қабылдауы, түсінуі, одан нәтиже шығаруы әртүрлі. Ал оларға беретін білім мазмұны , қойылатын талап бірдей. 

     Қазіргі таңдағы мектептегі әрбір бала – ол  ертеңгі қоғам мүшесі, болашақтың иесі. Ұстаз диқан іспеттес. Ол адам жанына білім нәрін себеді. Әр шәкіртті аялап өсіріп, өмір атты шексіз ғаламға қанаты талмайтындай етіп қатайтып ұшырады.  Яғни өмір сүруге тәрбиелейді.

     Осы 30 жылдық  ұстаздық қызметімде мен ұстаздың шәкіртін адалдыққа баулушы, өмірлік өз ұстанымы бар, пайдалы білімі мен ізгілігін өз өмірінде пайдалана білетін, жақсы мен жаманды ажырататын, адамгершілік қасиеттерді бойына сіңірген , ең жақын жанашыры, кейде  ақылшысы, кейде досы, сырласы бола алатынына көз жеткіздім.

     Мен мұғалімдік мамандықты таңдағаныма еш өкініп көрген жоқпын.  Мен үшін бұл өмір, өте қызықты өмір.  Бір орнында тұрмайтын, күнделікті қызығы мен үздіксіз ізденіске жетелей беретін, сонысымен алға ұмтылуға құлшынысыңды арттыра беретін өмір. Мен осы жылдар ішінде бүгінгі таңда байтақ еліміздің түпкір-түпкірінде еңбек етіп жүрген қаншама шәкірт тәрбиеледім. Қаншама ұстаз тәрбиеледім. Соңымнан еріп келе жатқан жас ұстаздарға да өз білгенімді үйретуден ешбір жалыққан емеспін. Оларға да айтатыным, бүгінгі күні заман талабына сай жаңашыл ұстаз ретінде , заман ағымына сай шәкірттерге өз білгеніңді аямай беріп,  өмірге реалистік тұрғыдан қарайтын, терең біліммен қаруланған оқушы тұлғасын сомдау үшін шеберліктің шыңынан көрінуге ұмтылыс болу керек.  Ерінбей-жалықпай жаңа педагогикалық технологияларды сабаққа енгізе отырып жұмыс істеу әрбір ұстаздың парызы болуы керек.  Себебі, елімізге заман талабына сай ойлай алатын, шұғыл шешімдер қабылдай білетін, шығармашыл азаматтар қажет. 

     «Учителя должно видеть солнце как свет для ученика» - это означает, что наша работа подойдет к концу, когда учитель нового века сочетает в себе качества бдительности, восприимчивости, чуткости, справедливости, хладнокровия, сдержанности, терпение и великое понятие доброты.Я могу сделать вывод, что стать обладателем титула «Великий Учитель» вполне возможно. 

     Бремя учителя тяжелое. Его красноречивый голос, его красноречивая речь и его забота о каждом ученике должны быть очевидны. Разве это не вершина обучения? 

     В конце хочу сказать, что каждый ребенок - светлый маяк - только педагог, умеющий его зажечь.