Мектепалды даярлық сыныптарына арналған «Ғажайып әлем» факультатив бағдарламасы Авторлар: С.С.Абишева,А.Ы.Ахметова » «Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Үшарал қазақ гимназиясы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
Алакөл ауданы білім бөлімінің
"Ыбырай Алтынсарин атындағы қазақ гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 2-43-03
Есепші бөлімі:
+7(72833) 2-64-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
март
2021

Мектепалды даярлық сыныптарына арналған «Ғажайып әлем» факультатив бағдарламасы Авторлар: С.С.Абишева,А.Ы.Ахметова

Алматы облысы

Алакөл ауданы

«Үшарал қазақ гимназиясы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі





Мектепалды даярлық сыныптарына арналған 

«Ғажайып әлем» факультатив бағдарламасы



Авторлар: С.С.Абишева,А.Ы.Ахметова


2016-2017 оқу жылы











Үшарал қаласы


Кіріспе 


Бүгінде еуропалық ғалымдар ертегіні бала денсаулығына тигізер орасан пайдасы туралы сөз қозғап жүр. Бірақ, қазақ үшін бұл таңсық емес. Бұл жұрттың болашағы құндақтағы кезінен бесік жырын естіп, сөз түсінетін жасқа жеткенде фольклордың барлық түрін апа, әжелерінің аузынан тыңдап, адамгершілік нормалары мен өмір сүру ережелерін ауыз әдебиетінен үйренген.

Фольклордың қара сөзбен айтылатын, ерекше мол түрінің бірі – ертегі. Ол халықтың ауызша айтылатын көркем әңгімесі. Осы ауызша әңгімелері, ертегілері арқылы еңбекші халық, бақыт туралы, еркін өмір, жайлы мекен туралы, үміт армандарын баяндайды. Ертегіде баяндалатын сан алуан қызық уақиғалар шындықтан көрі көбіне қиял дүниесі тудырған.

Баланың ертегі сюжетіне әсерленуі, кейіпкердің қиыншылықтарына алаңдауы оның келешекте өз алдында пайда болатын кедергілерден қиналмай өтуіне іштей дайындығын туындатады. Практикалық психологияның ертегілік терапия бағыты – баланың жақсылық пен жамандықты айыруына, мінез-құлықтық стереотиптерді тануына көмектесіп, адамдардың өмірде алдынан шығатын сан түрлі қиыншылықты ең соңында жеңе аларына деген сенімін нығайтады.
 Батыс пен Еуропа психологтары бала тәрбиелеу мәселесінде құрғақ ақыл айтудың, ескеру мен дауыс көтерудің жарамсыз екендігін толықтай дәлелдеді. Бұлар жаһанданулық қоғамға қадам басқан жаңа ғасыр үшін көнерген, өз күшін жоғалтқан әдістер деп танылған. Есесіне, ертегі арқылы баланың санасын өздігінен кері нәрселерге қарсы тұрарлық күш беру шарт деген тәсілді ұсынады. «Сабағыңды жақсы оқы, қолыңды жумай дастарқанға отырушы болма, ата-анаңды сыйла, үлкенмен керіспе» дейтін ескертпелер баласы бар үйде күнде он рет қайталанады. Мың сан қайталанулардан соң бала санасы ести тұра мұндай ескертпелерді мүлдем қабылдамайтын күйге жетіп, тек өз білгенінше әрекет етеді. Өйткені, ол сабақты жақсы оқымаса не боларын немесе ата-анасын құрметтемеудің ақыры немен аяқталарын білмейді. Ал, ертегі ең бірінші оған болашақ туралы сұрақтарға жауап береді, ертегінің финалында болатын нәтижелерден ол келешек туралы ой түйеді.
 Фрейд өз еңбектерінде ертегідегі үнемі жуынатын мысықтың баланы тазалыққа үндейтін әдіске жұмылдырылғанын айтады. Мұндай ерікті энергиялар баланы жалқаулықтан арашалайтын көрінеді.

Көптеген зерттеу жұмыстары көрсеткендей - ертегідегі теңестірулер, яғни, метафора, адамның бейсаналы күйіне тікелей әсерін тигізеді. Ескеретін жағдай, метафора әсері терең әрі тұрақты деңгейде жүреді. Метафоралық ғажайып әсерлер жеке тұлғаның өзіндік, жекелік ресурстарын белсендіре түседі. Көптеген образдар, метафора тілдері қоршаған ортамен өзара қарым-қатынас орнатудың жаңа мүмкіндіктерін ашады, адам санасын оятып, белсендіреді.

Ертегі адамның ішкі рухани жан дүниесін үйлесімділікте тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Сондықтанда мектеп жасына дейінгі және кіші мектеп жасындағы балаларды ертегілер әлемімен таныстыру маңызды.  

Ертегімен таныстырудың жетекші идеялары: тұлғаға өміріндегі мүмкіндіктері мен өмірінің құндылығын, өзіндік потенциалдарын сезінуге мүмкіндік береді; оқиға мен амалдардың себеп-салдарын түсіну; қоршаған ортаны түйсінудің әртүрлі стильдерін танып-білу; қоршаған ортамен өзара жасанды әрекет ету; үндестік пен күшті сезіну.

Балалар ертегіге ене отырып, нақты жағдайда шығармашылық конструктивті өзгерістің жаңа мүмкіндіктерін ашады және өзіне күш жинап, өздеріне жаңа ресурс аша отырып, өз өміріндегі оқиғаларға ауысады, басқаша ойлай бастайды, басқа қырынан қарай бастайды және оның конструктивті әлеуметтік моделінекіріседі.

Қиялдың шығармашылық энергиясын – шығарма, сурет салу, қуыршақтар дайындау, мүсіндеу, ертегіні сахналау (шығармашылық аспектілер) арқылы шығаруға мүмкіндік береді. Барлық осы күштер баланың өмірін өзгертуге көмегін тигізеді.

Ертегінің көмегімен немесе оның әсер етуімен өмірлік қойылымдар құрылады және осы сәтсіз құрылған қойылымдардан адамды арашалап шығарып алу мүмкіндігі берілген.











Түсініктеме 


 
Ертегі – баланы тәрбиелеуге арналған, және ертегі сол тәрбие арқылы баланы жөнге салу, онын көзқарасын бағдарлау және ішкі әлемінен хабардар болуға үйретеді. Ертегі – балалар  үшін тек тыңдауға ғана емес, қойылым ретінде де сахналауға да ыңғайлы. Түрлі персонаждардың ойнап жүрген сыныптастарын өзін жақсы көретінін аңғарады. Осылайша өткен әрбір сәт баланың кеудесіне жақсылық дәнін себеді. Орыс психологтары бұл мәселені ертерек ұғынды. Балабақшаларда осы методты біраз жылдан бері қолданып келеді. Айталық, мақтаншақтығының кесірінен аузындағы ірімшігінен айрылып қалатын қарға мен қу түлкі туралы ертегіні қойылымға айналдырып түсіндіргенде, балаларды қарғаның рөлінде сомдату арқылы оны тапқырлыққа баулуға болады дейді.

Ертегі ұстаз үшін  топпен жұмыс жүргізу барысында өте тапқыр әдіс болмақ. Адам баласында нашар деп бағаланатын көптеген мінездер бар. Соның бірі – жалқаулық. Жалқаулықты қаралайтын ертегілер мол болғанымен, дені баянға құрылады. Ертегіні тыңдау бір басқа да, оны сомдаудың жөні бір басқа. Жалқаудың рөлін ойнаушы бала өзі қайталап отырған болмыстың шын мәнінде кім екенін түбегейлі ұғынады да, ондай одағай әрекеттерді қайталамауға тырысады. Түрлі ойыншықтар, ең тамаша анимациялық картиналар, бояулар мен суреттердің өзі педагогикалық тұрғыда ертегі терапияның құдіретімен теңесе алмайды.

Ертегінің бір ұтымдылығы – бала тілімен жеткізілуінде, баланың ой ауқымына тән оқиғалар дәрежесінде ситуация құруында. Бала ертегі тыңдау арқылы   түрлі шығармашылық қабілетінің ашылуына мүмкіндік алады. Барлық ертегілерде басты кейіпкердің еркін өмірге қол жеткізуі, Отанының тәуелсіз дамуы басты мұрат ретінде бағаланса, ертегі арқылы балақайлар өздік кеңістік пен еркіндік ұғымын түйсінеді.

Ертегінің әсер етуі – оның қабылдануына да байланысты, сондай-ақ, ертегінің берілу формасы көріністік жағдайда сенсорлы түрде санаға жетсе, баяндаушылық немесе кітапқа көз жүгіру арқылы ақпарат алуда коммуникациялық үлгіде ойға тоқылады. Бала санасын жетілдіруде ертегі секілді лингвистикалық бағдарламалардың өтімділігі зор.

Сондықтан,  Үшарал қазақ гимназиясының мектепалды даярлық сынып мұғалімдері мектепалды жастағы балаларға арналған «Ғажайып әлем» бағдарламаны ұсынады.

Бағдарламаны вариативтік бөлік ретінде мектепалды даярлық сыныптарда қолдануға ұсынылады.


«Ғажайып әлем» бағдарламасы

Мақсаты: ертегімен таныстыра отырып, рөлдік образдарды сомдау арқылы, баланың қиялын, қызығушылығын, тілін дамыту.

Міндеті:

  • Баланы өз ойын жеткізуге, байланыстыра сөйлеуге дағдыландыру;
  • Өзін-өзі ұстай білуге, әртістік қабілеттерін шыңдауға, рөлдік сахналық қойылым қоя білуге баулу;
  • Жақсы мен жаманды ажырата білуге, адамгершілікке, еңбекке, достыққа тәрбиелеу;
  • Шығармашылық қабілеттерін шыңдау; қиыншылықтарды жеңе білуге үйрету.




















Бағдарлама мазмұны:

«Ғажайып әлем» бағдарламасы аптасына 1 сағат, жылына 32 сағат. 

Бағдарлама үш бөлімнен тұрады: «Ғажайып әлеммен танысу», «Жануарлар туралы ертегілер», «Тұрмыстық ертегілер».

«Ғажайып әлеммен танысу» бөлім – 1 сағат

– «Күн, ай, әтеш» ертегісі (1сағат)

«Жануарлар туралы ертегілер» - 16 сағат 

– Дос іздеген Бота ертегісімен танысу  (1   сағат)

  • Ертегіні сахналау (1 сағат)
  • Кейіпкерлердің бейнесін мүсіндеу (1сағат)
  • «Арыстан мен тышқан» ертегісімен танысу (1сағат)
  • Ертегіні сахналау (1 сағат)
  • Кейіпкерлердің бейнесін мүсіндеу (1сағат)
  • «Түлкі мен тырна» ертегісімен танысу (1 сағат)
  • Ертегіні сахналау (1 сағат)
  • Кейіпкерлердің бейнесін мүсіндеу (1сағат)
  • «Түлкі мен қоян» ертегісімен танысу (1 сағат)
  • Ертегіні сахналау (1 сағат)
  • Кейіпкерлердің бейнесін мүсіндеу (1сағат)
  • «Үйшік»ертегісімен танысу (1 сағат)
  • Ертегіні сахналау (1 сағат)
  • «Қасқыр мен жеті лақ» ертегісімен танысу (1 сағат)
  • Ертегіні сахналау (1 сағат)
  • «Ертегіні жалғастыр» ойын (1 сағат)

«Тұрмыстық ертегілер»  - 15 сағат

  • «Шалқан» ертегісімен танысу (1сағат)
  • Ертегіні сахналау  (1 сағат)
  • Кейіпкерлерді суреттеу (1сағат)
  • «Дүниеде не күшті ?»(1сағат)
  • Ертегіні сахналау  (1сағат)
  • Кейіпкерлерді суреттеу (1сағат)
  • «Дәрігер Айболит»(1сағат)
  • Ертегіні сахналау (1 сағат)
  • Кейіпкерлерді суреттеу (1сағат)
  • «Маша мен Аю»(1сағат)
  • Ертегіні сахналау (1 сағат)
  • Кейіпкерлерді суреттеу (1 сағат)
  • «Тазша бала» (1 сағат)
  • Ертегіні сахналау (1 сағат)
  • Кейіпкерлерді суреттеу (1 сағат)

                                                        

«Ғажайып әлем» бағдарламасының тақырыптық жоспары

р/с

Тақырыбы 

Сағат саны


І. Ғажайып әлеммен танысу

1

1.

Күн, ай, әтеш

1


ІІ. Жануарлар туралы ертегілер

16

1

Дос іздеген Бота

1

2

Ертегіні сахналау

1

3

Кейіпкерлердің бейнесін мүсіндеу

1

4

Арыстан мен тышқан

1

5

Ертегіні сахналау

1

6

Кейіпкерлердің бейнесін мүсіндеу

1

7

Түлкі мен тырна

1

8

Ертегіні сахналау

1

9

Кейіпкерлердің бейнесін мүсіндеу

1

10

Түлкі мен қоян

1

11

Ертегіні сахналау

1

12

Үйшік 

1

13

Ертегіні сахналау

1

14

Қасқыр мен жеті лақ

1

15

Ертегіні сахналау

1

16

«Ертегіні жалғастыр» ойын

1


ІІІ.Тұрмыстық ертегілер

15

1

Шалқан 

1

2

Ертегіні сахналау

1

3

Кейіпкерлерді суреттеу

1

4

Дүниеде не күшті?

1

5

Ертегіні сахналау

1

6

Кейіпкерлерді суреттеу

1

7

Дәрігер Айболит

1

8

Ертегіні сахналау

1

9

Кейіпкерлерді суреттеу

1

10

Маша мен Аю

1

11

Ертегіні сахналау

1

12

Кейіпкерлерді суреттеу

1

13

Тазша бала

1

14

Ертегіні сахналау

1

15

Кейіпкерлерді суреттеу

1


Барлығы 

32



 
 

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Абеуова И.А., Дусманбетов Г.А., Махаманова М.Н., Шерьязданова Х.Т. Психологическаяслужба в вузе. Алматы, 2004. 
  2. Абрамова Г.С. Практическая психология. М., 2001.
  3. Ишанов П.З. Бейсенбекова Г.Б. Психологиялық – педагогикалық диагностика негіздері.  Оқу құралы. Қарағанды: ЖШС «САНАТ-Полиграфия,    2006. - 209 б.
  4. Индивидуальные варианты развитиямладщихшкольников/Подред. Л.В.Занкова –Москва.:Педагогика, 1973 г.
  5. Ковалев С.Э. Психологическаяслужба в образовании.  Усть-Каменогорск, 2002.
  6. Жекенова С.Б., Тұрғынбаева Қ.А., Аршимбаева С.И., Әлиасқарова А.М. Көркем әдебиет. Хрестоматия   Алматы:Алматыкітап 2015 -76б.
  7. Тыңда, балам, ертегі. Алматы: Аруна, 2011
  8. Ж.Қалжанова Дос іздеген Бота. Алматы, 2011