«Көркем жазу» факультатив курсының бағдарламасы 2 сынып Автор: А.Е.Ыстықбаева
Алматы облысыАлакөл ауданы
«Үшарал қазақ гимназиясы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Көркем жазу»
факультатив курсының бағдарламасы
2 сынып
Автор: А.Е.Ыстықбаева
2016-2017 оқу жылы
Үшарал қаласы
Түсінік хат
Оқушының каллиграфиялық қабілетін қалыптастырудың педагогикалық,қоғамдық тәрбиелік мәні зор. Әріп таңбаларын әдемі,көркем етіп салуға жаттықтыру мақсатында жүргізілетін жұмыстар оқушы бойына жақсы қасиеттердің қалыптасуына ықпалы етеді.Таза,әдемі,дұрыс жазуды талап ету оқушының әсемдік сезімін оятып,мінез-құлқын тәрбиелеп,жауапкершілікке,ұқыптылыққа үйретеді.Бұл тұрғыдан қарағанда көркем жазу үйірме курсы оқушыларға бағыт-бағдар береді.
Ол үшін алдымен оқушылардың қолының икемділігі мен көзбен мөлшерлеу қабілетін жетілдірудің маңызы зор. Әріп элементтерін үйреткенде соларға сәйкес келетін таңбаларды таңдап алынады. Буын, сөз жазуда әріп таңбаларын бір-біріне қосып жазудың (ілмек сызық, жанастыру арқылы) тәртібі қатаң сақталады.
Көркем жазудың негізі бастауыш сыныптарды қалыптасады.Бастауыш мектепке арналған қазақ тілі бағдарламасында әдемі жазуға қойылатын негізгі талаптар белгіленген.Көркем жазуды бастаудан бұрын сыныппен біршама даярлық жұмыстары жаза білу икемділігін меңгеруге ерікті дәстүрлі ережелерді үйреткен абзал.
Мақсаты:
Оқушылардың ойларын еркін және дәлелді түрде ауызша да, жазбаша да сауатты жеткізе білуін жетілдіру. Ауызекі және жазба тілде қарым- қатынас жасау дағдыларын дамыту,орфографиялық дағдылар мен көркем жазу дағдыларын қалыптастыру.Жазудың түрлі тәсілдері /көшіріп жазу,әріптік,буындық,сөздік,сәйлем,шағын мәтін т.б./арқылы сауатты жазуға үйрету.
Міндеттері:
-бас жәнекішіәріптерді каллиграфия талаптарынасайжазуғадағдыландыру;
-әріптердібір-біріменөзарабайланыстырақосыпжазуғаүйрету;
-сауаттыжазудағдыларынқалыптастыру, эстетикалықталғамғасайжазуәрекетінигеруарқылыкаллиграфиялықкөркемжазуынқалыптастыру;
Қүтілетін нәтижелері:
-әріптерді каллиграфия талаптарынасайжазуғадағдыланады;
-әріптерсырынтолықигеругемүмкіндікалады;
-грамматикалықтапсырмалардыорындайалуғамашықтанады;
-шығармашылықтапсырмалардыорындапүйренеді.
- сауаттыжазудағдыларықалыптасады;
«Көркем жазу» факультатив курсы бағдарламасының мазмұны
Бағдарлама ІІІ бөлімнен тұрады:
1. Әріпті жазып үйренудің тәртібі (7 сағат).
2. «Басып жазу» жаттығулары (10 сағат).
3.Үзбей жазуға жаттығу жұмыстары (17 сағат).
Әріпті жазып үйренудің тәртібі
Сөзге дыбыстық талдау жасату,жеке дыбыстау,сөз ішіндегі орнын анықтау арқылы жазба әріптің жазу үлгісін тұтас көрсету. Сонымен қатар, жаңа әріпті тақтаға жазып көрсетіп,жаңа әріп элементтерін дәптерге түсіру сияқты жұмыстар жүргізіледі.Жазу ережелерімен таныстыру.Тік қиғаш сызықтарын,«Ілмек біз»сызықтарын салу үйретіледі.Әріп жазуға дайындық жасалып,әріп элементтерін бөлек салуға дағдыландыратын тапсырмалар орындалады.
«Басып жазу» жаттығуы.
Дәптерге әріптерді қарындашпен жазады немесе әріп таңбаларын нүктемен белгілейді,ал оқушылар үстін басады.Сонымен бұл кезде «штрихтау» жаттығуларын орындатудың мәні зор.Мектепте бастауыш сынып оқушыларының жетекші әрекеті – ойын,ал «штрихтау» ойын түрінде жүргізіледі.Әр түрлі зат бейнесін геометриялық фигураларды «штрихтау» баланың қолын жаттықтырады,сөйлеуі менойлауын белсендіреді.Штрихтарды өзара қосып сурет салу кезінде балалар заттардың пішінін,құрылысын,жазықта орналасу қалпын еркін қабылдап ұғымдарды меңгереді.
Үзбей жазуға жаттығу жұмыстарын жүргізетін жаттығулар
Бұл жаттығулар әріптердің бірдей биіктікте,бірдей қашықтықта жазуға төселдіреді. Мысалы:кіші әріп элементін үзіліссіз жазу, бас әріп элементін үзіліссіз жазу, әріптерден буын құрап жазу, буындардан сөз құрап жазу сияқты тақырыптар қамтылады. Сонымен қатар,көшіріп жазу, мәтінді есте сақтап жазу арқылы оқушылардың есте сақтау қабілеттері дамытылады. Диктанттардың көру диктанты, сөздік диктанты сияқты түрлері қамтылған.
«Көркем жазу» факультатив курсының күнтізбелік жоспары
2 сынып
2016-2017 оқужылы
№ | № | Тақырыбы | Сағаты | ||||
Әріпті жазып үйренудің тәртібі 7 сағат | |||||||
1 | 1 | Жазуережелеріментаныстыру. | 1 | ||||
2 | 2 | Тікқиғашсызықтар салу. | 1 | ||||
3 | 3 | Сызықтарды параллель жүргізу. | 1 | ||||
4 | 4 | «Ілмекбіз»сызықтары. | 1 | ||||
5 | 5 | «Ілмек» сызықтар. | 1 | ||||
6 | 6 | Әріпжазуғадайындықэлементтері | 1 | ||||
7 | 7 | Әріпэлементтерінбөлек салу. | 1 | ||||
«Басып жазу» жаттығулары 10 сағат | |||||||
8 | 1 | А,Ә,Б,Вәріптерінжазу | 1 | ||||
9 | 2 | Г,Ғ,Д,Еәріптерінжазу | |||||
10 | 3 | З,Ж,И,Й әріптерінжазу | |||||
11 | 4 | К,Қ,Л,Мәріптерінжазу | |||||
12 | 5 | Н,Ң,О,Өәріптерінжазу | 1 | ||||
13 | 6 | П,Р,С,Тәріптерінжазу | 1 | ||||
14 | 7 | Ұ,Ү,У әріптерінжазу | 1 | ||||
15 | 8 | Ф,Х,Ц,Ч әріптерінжазу | 1 | ||||
16 | 9 | Ш,Щ,Ы,І әріптерінжазу | 1 | ||||
17 | 10 | Орыстілінененгенәріптердіжазу: Ю,Я,Э,Ь,Ъ | 1 | ||||
Үзбей жазуға арналған жаттығулар 17 сағат | |||||||
18 | 1 | Әріпэлементтерінқосып, біргесалу. | 1 | ||||
19 | 2 | Кіші әріп элементін үзіліссіз жазу | 1 | ||||
20 | 3 | Басәріпэлементінүзіліссізжазу | 1 | ||||
21 | 4 | Әріптерденбуынқұрапжазу | 1 | ||||
22 | 5 | Әріптерден буын құрап жазу | 1 | ||||
23 | 6 | Буындардансөзқұрапжазу | 1 | ||||
24 | 7 | Бас әріппенжазылатынсөздер | 1 | ||||
25 | 8 | Бас әріппен жазылатын әріптер | 1 | ||||
26 | 9 | Көшіріпжазу | 1 | ||||
27 | 10 | Суреткеқарапмәтінқұрастырыпжазу | 1 | ||||
28 | 11 | Сөздік диктант | 1 | ||||
29 | 12 | Мәтіндіестесақтапжазу. | 1 | ||||
30 | 13 | «Арманым» диктант | 1 | ||||
31 | 14 | Шығарма:«Меніңанам» | 1 | ||||
32 | 15 | Көру диктант | 1 | ||||
33 | 16 | «Сөйлемдіқайталау» /жаттығу/ | 1 | ||||
34 | 17 | Қорытынды. Сайыс сабақ | 1 | ||||
Пайдаланған әдебиеттер
1. Суретті әліппе. ТорсықбаевӘ.А, БиомароваГ.Ә.Алматы кітап 2005 жыл, 31-33 беттер.
2.Қазақ тілін оқыту әдістемесі –РахметоваС. 2005 жыл, 55-64 беттер.
3. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту әдістемесі. –Астана 2007жыл, 11 бет.
4. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту методикасы,1987жыл 14 бет.
5.Сауат ашу бағдарламасы (2сынып). – 2003жыл.
6.«Жазу үлгілері».-А, 2014-2015 жыл
7.Қазақ тілі оқыту әдістемесі.-Атамұра 2005жыл
8. Казақтіліпәнінен - Дайындауыш 55 сабақ - Көкшетау-2008жыл