Әлеуметтік – психологиялық жұмыстар » «Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Үшарал қазақ гимназиясы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
Алакөл ауданы білім бөлімінің
"Ыбырай Алтынсарин атындағы қазақ гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 2-43-03
Есепші бөлімі:
+7(72833) 2-64-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
08
март
2021

Әлеуметтік – психологиялық жұмыстар

2020-2021 оқу жылындағы «Үшарал қазақ гимназиясы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша үйде оқытылатын оқушылардың ата-аналарымен кездесу және әлеуметтік –психологиялық жұмыстар туралы ақпарат 


2020-2021 оқу жылы бойынша «Үшарал қазақ гимназиясы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар»коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің үлгілік оқу жоспарлары және дәрігерлік-консультациялық комиссисының қорытындысы негізінде мүмкіндігі шектеулі, үйде оқитын оқушыларға қыркүйек айының 1-інен бастап үйден оқыту ұйымдастырылып, үйден оқыту бойынша мемлекеттік стандарт бойынша бекітілген оқу жоспарына сәйкес жұмыс жоспары, сабақ кестесі, мұғалімнің апталық жүктемесі бекітілді. 

Мүмкіндігі шектеулі, үйде оқитын оқушылардың туу туралы куәлігінің көшірмесі, дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысының көшірмесі, үй-тұрмыстық жағдайын тексеру АКТ-сі толтырылып, толықтай қажетті құжаттар жинақталды.  

Гимназия бойынша  1 «Ә» сыныбында – 1 оқушы, 1  «Б» сыныбында –     1 оқушы, 1 «В» сыныбында – 1 оқушы  үйден оқытылады.  Оқушылардың үй-тұрмыстық жағдайын тексеру АКТ-сі толтырылып, ата-аналармен әңгіме жүргізілді. 





                                               Әлеуметтік педагог               Карина Г.Ы.