«Тіл және жазу мәдениеті» факультативтік курстың бағдарламасы 1-2 сыныптар үшін Құрастырған: Мукышева Назгуль Кенесовна
Алматы облысы
Алакөл ауданы
«Үшарал қазақ гимназиясы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Тіл және жазу мәдениеті»
факультативтік курстың бағдарламасы
1-2 сыныптар үшін
Құрастырған: Мукышева Назгуль Кенесовна
2016-2017 оқу жылы
Үшарал қаласы
Түсінік хат
1-сыныптар үшін «Тіл және жазу мәдениеті» факультативтік курсына арналған бұл күнтізбелік жоспар бастауыш сыныптағы оқу сабағының бағдарламасына сәйкес құрастырылды.
«Тіл және жазу мәдениеті» сабақтарында оқушылардың тілі мен сөздік қорын, тіл байлығы мен дұрыс жазу, көркем жазу мәдениетін қалыптастыра отырып әдеби мұраларға деген талғамын тәрбиелеу, рухани дүниесін кеңейту, ұлттық сана-сезімін дамытуға ықпал ету.
Тіл- қарым-қатынас құралы. Бүгінгі күні баланың тілін, ой-қиялын дамытуға халық ауыз әдебиетінің ролі ерекше, соның негізінде мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, ертегілер оқуды жоспарладым.Мәнерлеп оқу баланың танымдылық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын ықпал етеді.Мәнерлеп оқу баланың бойындағы жақсы қасиеттерін, сезімін, табиғи қабілетін, дарынын дамытады. Оқушылардың ой шапшаңдығын, сөз байлықтарын жетілдіріп, шығармашылыққа баулиды.Оқушылармен ертегі оқу барысында пәнаралық байланыс қоршаған дүниемен қатынас, еңбек, бейнелеу өнерімен тығыз байланыс жүзеге асады.Сонымен қатар оқушыларды таза, сауатты, көркем жазуға дағдыландыру көзделеді.
Мақсаты:
-Оқушылардың сауатты жазу дағдыларын жетілдіру, сөздік қорын байыту, байланыстыра сөйлеу дағдысын одан әрі дамыту.
-Оқушылардың көркем шығармаларды оқуға деген қызығушылығын арттыру.
-Адамгершілік, елжанды-Отансүйгіштік, этика-эстетикалық тәрбие беру.
Міндеті:
-Оқушылардың еркін шығармашылдықпен ойлануына оның барлық қабілеттерін дамытуға, өз күшіне деген сенімінің болуына жағдай жасау.
-Оқушыларға тіл өнерінің шеберлігін, шешендігін үйрету.
-Берілген тапсырманы түрлендіру бағытындағы өңдеу жұмыстар арқылы белсенділікке ынталандыру.
-Таза, көркем, сауатты жазу дағдысын қалыптастыру.
-Мәнерлеп айта білу дағдыларын жетілдіру.
-Ой екпінін дұрыс қойып оқу, дауыс ырғағын сақтап, дұрыс, түсініп, шапшаң, мәнерлеп оқу.
1-сыныпқа арналған «Тіл және жазу мәдениеті» факультативтік курсының мазмұны
1-тарау
Тіл және сөйлеу
7-сағат
Бұл тарауда оқушыларды дұрыс сөйлеу мәдениетіне үйрету, тіл туралы толық түсінік беру. Оқушылардың тілдің- қарым –қатынас құралы екендігін түсінуіне толығымен мүмкіндік жасай отырып, шығармашылық қабілеттерін, сөздік қорлары мен тіл байлығын дамыту.Сөз, дыбыс, сөйлем туралы білімдерін кеңейту. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру көзделеді.
2-тарау
Көркем жазу
10-сағат
Оқушыларға бұл тарауда көркем жазудың, сауатты, әдемі жазудың ерекшелігі үйретіледі.Әріптер элементтерін дұрыс жазу дағдысы қалыптасады. Сонымен қатар дұрыс көшіру, жылдам, сауатты көшіру тәсілдері қаралады.
3-тарау
Мәнерлеп оқу
6-сағат
Мәнерлеп оқу баланың шығармашылығы мен танымдық белсенділігін арттырып, өз бетімен білімін жетілдіруге көп ықпалын тигізеді.Мәнерлеп оқу баланың бойындаға жақсы қасиеттерімен қоса, дарынын, тіл шеберлігін, сөз байлықтарын жетілдіріп, шығармашылыққа баулиды.
4-тарау
Бабалар сөзі-даналық көзі
10 сағат
Бұл тарауда халық ауыз әдебиетінің үлгілері мен таңдамалы шығармалары алынған.Соның нәтижесінде жас шәкірттің ой-өрісін оқу бағдарламасының талаптарына сәйкес дамыту ескерілген.Ұсынылып отырған сұрақ-тапсырмаларды орындауына дұрыс бағыт-бағдар бере отырып, олардың қазақ әдебиеті құнарынан нәр алу жағына көңіл бөлінген.
«Тіл және жазу мәдениеті» факультативтік курсының күнтізбелік жоспары
1-сынып
Аптасына 1 сағаттан 33 сағат
р/с | р/с | Сабақтың тақырыбы | Сағат саны | Мерзімі |
1-тарау Тіл және сөйлеу 7 сағат | ||||
1 | 1 | Тіл-қатынас құралы | 1 | |
2 | 2 | Сөйлеу түрлері(ауызша) | 1 | |
3 | 3 | Сызба бойынша сөйлем құрау | 1 | |
4 | 4 | Сөзге дыбыстық талдау жасау | 1 | |
5 | 5 | Тірек сызбалар арқылы сөйлем құрау | 1 | |
6 | 6 | Сурет бойынша әңгіме , өлең құрау | 1 | |
7 | 7 | «Ана тілім-айбыным» өлең жаттау | 1 | |
2-тарау Көркем жазу 10сағат | ||||
8 | 1 | Сөздерді буынға бөлу, сөздер көшіру | 1 | |
9 | 2 | Көру диктанты | 1 | |
10 | 3 | «Әріптер әлемі» ойыны | 1 | |
11 | 4 | Жұмбақтар шешу, жаттау. | 1 | |
12 | 5 | «Кім тапқыр?» ойыны | 1 | |
13 | 6 | Көркем жазу. Кітаптан көшіру. | 1 | |
14 | 7 | Ескерту диктанты | 1 | |
15 | 8 | Сөз тізбегін толықтыр | 1 | |
16 | 9 | Сиқырлы сөздер | 1 | |
17 | 10 | Буыннан сөз және сөйлем құрастыру | 1 | |
3-тарау Мәнерлеп оқу 6 сағат | ||||
18 | 1 | Нақыл сөздер жаттау, талдау. | 1 | |
19 | 2 | Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы | 1 | |
20 | 3 | Ертегі желісі бойынша өлең жазу. | 1 | |
21 | 4 | Өтірік өлеңдер оқу, жаттау, өлең құрау. | 1 | |
22 | 5 | Мақал-мәтелдер жаттау, жазу. | 1 | |
23 | 6 | Өлең жаттау.Әдептілік | 1 | |
4-тарау Бабалар сөзі-даналық көзі 10сағ | ||||
24 | 1 | Асыл сөз. Асанқайғы | 1 | |
25 | 2 | Ел аузынан | 1 | |
26 | 3 | Жиренше шешен | 1 | |
27 | 4 | Ертегі желісі бойынша өлең жазу | 1 | |
28 | 5 | Қожанасыр хикаялары | 1 | |
29 | 6 | Жаңылтпаштар жаттау | 1 | |
30 | 7 | Алдаркөсе | 1 | |
31 | 8 | «Туған жер» әңгіме құрау | 1 | |
32 | 9 | Өтірік өлеңдер | 1 | |
33 | 10 | Қорытынды сабақ. Ертегі «Жақсылық пен Жамандық» | 1 |
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Бастауыш сыныпта қосымша сабақтардың үлгі жоспарлары.
Алматы облыстық білім департаменті
2. Бастауыш сыныптарда жеке тұлғаның рухани адамгершілігін дамыта оқыту әдістемесі.
Б.Қ.Игенбаева (РАД иАЛ баспасы)
3. Бастауыш сыныптарда білім берудің тиімділігін арттыру
жолдары
С.Ахметов (Алматы «Рауан»)
4. Мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, ертегілер жинағы.
5. Бастауыш сыныптарды оқытуда жаңа технологияларды
пайдалану.
АОМКДИ Алматы
6. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту жолдары
АОМКДИ Алматы
7. Ана тілі Хрестоматия 1-сынып
Атамұра баспасы
8. Қуырмаш балаларға арналған журнал
Түсінік хат
2-сыныптар үшін «Тіл және жазу мәдениеті» факультативтік курсына арналған бұл күнтізбелік жоспар бастауыш сыныптағы оқу сабағының бағдарламасына сәйкес құрастырылды.
«Тіл және жазу» факультативтік курсы –оқушының дұрыс оқуы мен дұрыс сөйлеуіне,ой-өрісіне жан-жақты дамуына,қиялына,әңгімені мәнерлеп оқуға шығармашылық жағынан дамуына ықпал етеді.Мәтінді игеріп кетуге,өлеңге талдау жүргізіп,жаңа страгерияларды пайдалануға,өлең,өтірік өлең жаза білу,жатқа білуге септігін тигізеді.Оқушылардың ерекшеліктеріне байланысты заттарды салыстыру арқылы жұмбақтар құрастыру,оқылған оқиғаларды суреттеу арқылы өтірік өлеңдер,ертегілер құрастыру ынталы етеді.
Бұл бағдарлама осы жастағы жеткіншектердің танымдық қабілеттерінің мүмкіндік деңгейлеріне сай іріктеліп жасалған. Кез келген халықтың өз тіліне сай ерекшелігі бар. Соның ішіндегі қазақ тілінің дыбыстық жүйесі, тілдік грамматикалық құрылымы ерекше. Ауызша және жазбаша сөйлеуді, сауаттылықты жетілдірудің әртүрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, оқушының дүниетанымдық көзқарасын дамытуды негіздейді. Сонымен қатар халық ауыз әдебиетінің үлгілері, ақын-жазушыларымыздың шығармалары қамтылды. Сауатты жазуға үйретуде шығарма, мазмұндама жазу, өздік жұмыстарын орындау жоспарланды.
Оқушылардың ой-өрісін, сөйлеу мәнерін оқу бағдарламасының талаптарына сәйкес дамыту ескерілді. Осы бағдарлама негізінде мәтінді оқыту әдіс-тәсілдерін,жұмбақтар құрастыру,оқушылардың ізденімпаздық қабілетін,дарындылықты дамытуға ықпал етеді.
Мақсаты:
-Оқушыны дұрыс мәнерлі оқуға жаттықтыру. Сөз жасау тәсілдерін, сөйлем құрылыстарын меңгерту;
-Түсініп оқуын,жүйелі баяндауын жетілдіру. Ауызша,жазбаша сөйлеу мәдениеттерін жетілдіру;
-Оқушының танымдық ,шығармашылық қабілетін арттыру.
-Ырғағы мен ұйқасы белгілі қалыпқа енген сөздер туралы мағлұмат беру. Сауаттылықты үйрету
Міндеті:
-Оқушы қызығушылығын ояту арқылы нәтижелі іс-әрекетті орындату.
-Өз ойын еркін жеткізу, өзін-өзі бағалау, бірін-бірі тыңдай білуге жағдай жасау.
-Ой екпінін дұрыс қойып оқу, дауыс ырғағын сақтап, дұрыс, түсініп, шапшаң, мәнерлеп оқу.
-Сөз, сөйлем құрап жазу дағдыларын қалыптастыру.
- Сөйлеу мен жазу арқылы тілдік біліктерін жетілдіру.
2-сыныпқа арналған «Тіл және жазу мәдениеті» факультативтік курсының мазмұны
1-тарау.Елім деп соғар жүрегім-9сағат
Бұл тарауда оқушылылар туған жер, Отан туралы шығармалармен танысады.Өлеңдер мен шығармалаларды оқып білу арқылы өз еліне, жеріне деген сүйіспеншілігі мен патриоттық сезімі оянады.Сол арқылы ұлтжандылыққа, елжандылыққа тәрбиеленеді.Өз ойларынан да шағын өлең құрастырып, эссе де жазуға дағдыланады.
2-тарау.Әдептілік қағидалары-7 сағат
Оқушыларға бұл тарауда әдептілік пен әдептілік қағидалары туралы шығармалар жинақталған.Әдептіліктің белгісі –иіліп сәлем бергені деп айтылғандай сәлемдесу туралы, жаман әдет пен қылықтардан аулақ болуға дағдыланады. Қоғамдық және мәдени орындарда өздерін дұрыс ұстап жүруге, әдепті сөйлеуге де үйренеді.
3-тарау.Батырлар сөзі даналар сөзі-10сағат
Қазақтың ұлы батырлары мен билері, сондай-ақ ұлы даналардың шығармаларын оқып, таныса отырып, сол кісілердің айтқан дана, ақыл сөздерін, шешендік сөздерімен танысады.Сол арқылы шешендіккеүйренеді, батырлыққа, елін-жерін, Отанын қорғауға тәрбиеленеді.Сол батырлар мен дана кісілердің бейнесіне еніп, шығармаларын қызығушылықпен оқып өздеріне үлкен әсер ала отырып, қойылымдар да қоя алатын болады.
4-тарау.Еңбектің наны тәтті-8сағат
Бұл тарауда әртүрлі әңгіме, ертегі шығармаларын оқып, мақал-мәтел жаттау арқылы, сахналау арқылы көріністер көрсете отырып жалқаулықтан аулақ болуға үйренеді.Әрнәрсе еңбекпен келетінін жете түсінеді.Еңбектене білу арқылы көптеген жетістіктерге жетіп , жоғарыдан көрінетіндеріне көздерін жеткізе біледі.
«Тіл және жазу мәдениеті» факультативтік курсының күнтізбелік жоспары
2-сынып
Аптасына 1 сағаттан-34 сағат
р/с | р/с | Сабақтың тақырыбы | Сағат саны | Мерзімі |
1-тарау.Елім деп соғар жүрегім-9сағат | ||||
1 | 1 | Менің жазғы демалысым | 1 | |
2 | 2 | Ата заңым ардағым | 1 | |
3 | 4 | Күз кереметтері.Шығарма жазу | 1 | |
4 | 5 | «Туған тілім тірлігімнің айғағы».Эссе | 1 | |
5 | 5 | Тіл туралы өлең, мақал мәтел жаттау | 1 | |
6 | 6 | «Мен қазақ баласымын».Эссе | 1 | |
7 | 7 | «Ана тілім-айбыным» өлең жаттау | 1 | |
8 | 8 | Мен елімді сүйемін | 1 | |
9 | 9 | «Отаным» өлең жолдарын құрастырып жазу | 1 | |
2-тарау.Әдептілік қағидалары-7 сағат | ||||
10 | 1 | «Сәлем сөздің анасы» шығарма жазу | 1 | |
11 | 2 | Ы.Алтынсарин. «Талаптың пайдасы.» | 1 | |
12 | 3 | Қ.Мұқанов. «Өтіріктің өресі тар.» | 1 | |
13 | 4 | «Салпаң, салпаң салақ бала» сахналау | 1 | |
14 | 5 | Ы.Алтынсарин.«Әке мен бала» | 1 | |
15 | 6 | «Жирен жаман әдеттен».Тыйым сөздер | 1 | |
16 | 7 | Сиқырлы сөздер | 1 | |
3-тарау.Батырлар сөзі даналар сөзі-10сағат | ||||
17 | 1 | «Төрелік айтқан Төле би».Сахналау | 1 | |
18 | 2 | Қаз дауысты Қазбек би. | 1 | |
19 | 3 | Әділетті Әйтеке би. | 1 | |
20 | 4 | Шешендік өнер | 1 | |
21 | 5 | Қаракерей Қабанбай | 1 | |
22 | 6 | Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай. | 1 | |
23 | 7 | Мақал-мәтел жинақтау | 1 | |
24 | 8 | «Мен –өз Отанымның патриотымын…» ойтолғау | 1 | |
25 | 9 | Шығарма « Ел қорғауға әзірміз» | 1 | |
26 | 10 | «Батыр туса -ел ырысы».Альбом жасау. | 1 | |
4-тарау.Еңбектің наны тәтті-8сағат | ||||
27 | 1 | Еңбек етсең ерінбей…Әңгімелеу | 1 | |
28 | 2 | Еңбекпен тапқан тиын.Сахналау | 1 | |
29 | 3 | Еңбек туралы мақал мәтел жарысы | 1 | |
30 | 4 | «Кім болам?» шығарма жазу. | 1 | |
31 | 5 | «Жалқаулықты жек көрем».Эссе жазу | 1 | |
32 | 6 | «Жалқаубек».Сахналау | 1 | |
33 | 7 | Кім тапқыр? | 1 | |
34 | 8 | Қорытынды сабақ. «Еңбек-ер атандырар» | 1 |
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Бастауыш сыныпта қосымша сабақтардың үлгі жоспарлары.
Алматы облыстық білім департаменті
2.Бастауыш сыныптарда жеке тұлғаның рухани адамгершілігін дамыта оқыту әдістемесі.
Б.Қ.Игенбаева (РАД иАЛ баспасы)
3. Бастауыш сыныптарда білім берудің тиімділігін арттыру
жолдары
С.Ахметов (Алматы «Рауан»)
4. Мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, ертегілер жинағы.
5. Бастауыш сыныптарды оқытуда жаңа технологияларды
пайдалану.
АОМКДИ Алматы
6. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту жолдары
АОМКДИ Алматы
7. Ана тілі Хрестоматия 2-сынып
Атамұра баспасы