Салт-дәстүр – асыл қазынам \4 сынып\ Үйірме жұмысының бағдарламасы Автор: Аликеева Айжан Ашимовна
Алматы облысы
Алакөл ауданы
«Үшарал қазақ гимназиясы мектеп жасына дейінгі шағын орталы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Салт-дәстүр – асыл қазынам
\4 сынып\
Үйірме жұмысының бағдарламасы
Автор: Аликеева Айжан Ашимовна
бастауыш сынып мұғалімі
Үшарал қаласы
Түсінік хат
Тілі жақсы дамыған бала ойы да дамыған, жақсы мен жаманды толық айыра алатын, әділдік пен әділетсіздікті тани алатын азамат деген сөз.
Өскелең ұрпақты халқымыздың өткені мен бүгінгісін, оның тарихын, ұлттық мәдиниетін, жақсы дәстүрін танытып, өз өнерін қастерлей білуге баулуда тіл дамыту жұмыстарын тиімді жүргізе балуіміздің маңыздылығы ерекше.
Қазіргі кезде оқу үдерісінде оқушылардың тілін дамыту басты мәселердің бірі екені бәрімізге белгілі . Әрине, бұл өте күрделі мәселе. Өйткені , егеменді республикамыздың бүгінгі күннің талабына сай тіл жағдайы қоғамымыздың ең маңызды мәселелерінің бірі болып отыр.
Адам мәдениетіндегі өте күрделі көрсеткіштің бірі оның тілі болып табылады. Тіл – адам қарым – қатынасының, мәдениетінің аса маңызды құралы.
Қарым – қатынас майданына түскен сайын құралдың икемділігі артып шыңдала береді.
Адам тілі арқылы ойын дәл жеткізе алады. Дұрыс сөйлеп, дұрыс жаза білуге дағдыланған, әдеби тіл нормасына төселген адамның сөйлеген сөзі де, жазғаны да жатық, орынды шығып жатады. Қазіргі таңда мектеп өз түлектерінің, шәкірттерінің осы талапқа сай болуын мақсат етеді.
Оқушының ой өрісін, сана сезімінің жан-жақты дамуы бастауыш сыныптан басталады . Бастауыш мектептен бастап баланы өмірге дайындау, тәрбиелеу жоғарғы орынға қойылуда . Бұл ретте үйірме , таңдау пәндерінде жүргізілетін жұмыстардың да маңызы зор.
Сондықтанда тек сабақта ғана емес , сыныптан тыс таңдау пәндері мен үйірме жұмыстарында ,да ұлтымыздың асыл мұраларын дәріптейтіндей, баланың бойына озық әдет – ғұрып, салт – дәстүрлерді сіңіретіндей, имандылыққа, ізгілікке тәрбиелейтіндей шешендік сөздер, нақыл сөздерді, мақал – мәтелдерді жиірек, кеңінен қолдансақ:
---- біріншіден оқушылардың ой өрісін кеңейтіп , сөдік қорын байытады;
---- екіншіден тіл орамдылығын арттырып өмірге көз қарасын қалыптастырады;
---- үшіншіден балаларды жақсыға үйретіп , жаманнан жиренуге тәрбиелейді;
---- төртіншіден ұлттық намысын қалыптастырып, отаншылдыққа тәрбиелейді;
Ендеше ұсынылып отырған бағдарламаның жас ұрпақты тәрбиелеу барысында мұғалімдерге тигізер пайдасы мол деп ойлаймын.
Бағдарламаның мақсаты
Ұлтымыздың асыл мұраларын, озық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін оқыту мен тәрбиелеу үдерісінде кеңінен пайдалана отырып, өмірге көзқарасы қалыптасқан, тілі дамыған, иманды, ұлтжанды тұлға етіп тәрбиелеу.
Міндеттері
-- Қазақ халқының асыл мұраларын, озық әдет – ғұрып, салт- дәстүрлерін жүйелі түрде баланың бойына сіңіру;
-- Оқушылардың ойлау қабілеттері мен тілін, дүниетанымын дамыту;
-- Әр нәрсені салыстыра отырып, олардың арасындағы айырмашылықтар мен ұқсастықтарды ажырата білу және оларды жинақтап, өз беттерімен қорытынды жасай білу;
-- Оқушылар қазақ әдеби тіл нормасына сай өз сезімін, ойын дұрыс айтып және жазып бере алатындай дәрежеге жеткізу;
Бағдарламаның мазмұны
- Кіріспе. Пәннің мақсаты, міндеттері.
Таңдау пәнінің негізгі мақсаты, міндеттері, сабақты өту тәсілдері және оқушының өзіндік жұмыстар мен шығармашылық жұмыс жасау міндеті туралы түсінік.
- Балаға ат қою дәстүрі.
Туған балаға азан шақырып, ат қою дәстүрі. Ат қоюға жауапкершілікпен қарау.
- Бесік жыры.
Нәрестеге арналған қазақтың халық әні –бесік жырының тәрбиелік мәнін айту. Бесік жырын жаттау
- Жеті атаны білу.
Жеті атаны білу міндеті. Жеті және он атаның атаулары: әке, бала,бнемере, шөбере, шөпшек, немене, туажат, жүрежат, жекжат, жұрағат.
- Қыз баланы тәрбиелеу дәстүрлері.
Қыз баланың абыройы, ұл баланың намысы. Осы туралы мақал-мәтелдер, өлең, жырлар. Олардың болашақтағы міндеттері.
- Тыйым сөздер.
Халқымыздың тәрбиелік құралдарының күнделікті қолданылатын үлгі, өнеге түрлерінің бірі – ырымдар мен тыйым сөздер екенін түсіндіру.
- Туыстық атаулары.
Қазақтар жігіттің үш жұрты бар деп есептеген. Өз жұрты бойынша баба, ата, әже, әке, шеше, апа, көке, аға, тәте, әпке, іні, бауыр, қарындас, жеңге, келін, абысын, жезде, күйеу, сіңлі, бөле, балдырған, немере, шөбере, шөпшек және нағашы жұрты мен қайын жұрты бойынша атаулар туралы түсінік.
- Шығарма.
Өтілген тақырыптарға байланысты алынған тақырып бойынша оқушыларға шығарма жазғызу.
9-10. Киіз үй – қазақтың негізгі баспанасы.
Киіз үйдің түрлері:
А) Тұрғын киіз үйлер, отау немесе ақ отау.
Ә) Мереке, жиынға, қонақ күтуге арналған киіз үйлер.
Б) Жорық кезінде тігілетін киіз үйлер.
В) Салтанатты киіз үйлер: ақ үй, ақ орда, боз үй.
Г) Асхана – қойма, сарай ретінде тігілетін үйлер.
Қабырғаларына қарай киіз үйлер 4, 6, 8, 12 қанатты болатыны, кейде ол 32-ге дейін жететіні жайлы мағлұмат беру және қазақ үйдің құрылысымен таныстыру.
11. Қазақтың үй жиһаздары.
Абажа, абдыра, ағаш төсек, адалбақан, алаша, асадал, аяққап, бөгіре, бөстек, дастарқан, дорба, жастық, жазы, жағылан, жүкаяқ, жастықағаш, кебеже, киіз, көрпе, құс төсек, сандық, сырмақ, текемет,түскиіз, кілем, қоржын, т.б. туралы түсінік беру.
12-13. Қазақтың ұлттық тағамдары.
Қазақтың еттен жасалатын тағам түрлері, сүттен жасалатын тағам түрлері, қымыздың түрлері, ұн және дақылдардан жасалатын тағамдар, қазақтың ас, дәм түрлері жайлы білім қалыптастыру.
14. Қазақтың ыдыс-аяқ түрлері.
Күнделікті тұрмыста қолданылатын ыдыс-аяқ түрлері, қымыз ішетін ыдыс-аяқ түрлері және ыдыстардың жасалу жолдары.
15. Қазақтың ұлттық киімдері.
Ерлердің бас киімдері, әйелдердің бас киімдері, ерлердің сырт киімдері, әйелдердің сырт киімдері, көйлектер және аяқ киім түрлері.
16-17. Ұлттық ойын түрлері.
Қазақтың ұлттыұ ойындары және дәстүрлі дене шынықтыру түрлері. Асықтың түрлері. Асықтың түсуіне байланысты атаулар.
18. Қазақтың аңшылық өнері.
Аң аулау тәсілдері. Құсбегілік өнер немесе саяткерлік. Бүркіт және бүркітпен аң аулау тәсілдері. Бүркіттің жасына қарай аталуы. Бүркітті баптауға қолданылатын құрал-жабдықтар.
19. Шешендік сөздер.
Үш жүздің атақты билері Төле би, Қазыбек би, Айтеке билер және олардың шешендік сөздері. Шешендік сөздер тақырыбына қойылымдар қою.
20. Бата, оның түрлері.
Бата дастарқан басында, түрлі жиын-тойларда, адам өмірінде кездесетін ірілі-ұсақты қуаныштарда, жорыққа аттанарда, сапарға шығарда, көшіп-қону кезінде, қонақ болғанда, шешендік пен ақындыққа сәт сапар тілеуде бата беру – қазақ халқының салт-дәстүрінде ежелден келе жатқан рухани қазына, көне дәстүр.
Батаның да өзіндік қисыны болады және айтылатын орны бар. Қазақтың ақ батасы қашан да адамды адамгершілікке, имандылыққа, сабыр мен парасатқа, ақыл мен білімдарлыққа, шешендікке баулыған.
21-22. Мақал-мәтелдер.
Отан, туған жер, атамекен, еңбек туралы, ерлік, батырлық жайында, ынтымақ, бірлік, достық, жолдастыұ туралы, ағайын-туыстық, егіншілік жайында, өнер, білім, оқу, ғылым туралы, адамгершілік жайындағы тақырыптарға байланысты және т.б. мақал-мәтелдерді оқу, талдау жасау, жаттау және жинақтау.
23. Жұмбақтар.
Жұмбақтар, олардың тақырыптары туралы айту. Жұмбақтар жаттау және жинақтау.
24. Жаңылтпаштар.
Бұл бір жағы ойын түрінде, екіншіден жас баланың тілін жетілдіру үшін айтылады.Жаңылтпаштың шарты: бір адам оны айтады да, қалғандары оны тез арада аудыртпай қайталайды. Айта алмаған адам жеңілген болып есептеліп, оған айып тағылады.
25. Саз аспаптары.
Қазақтар – саз өнеріне шебер, саз аспаптарына бай халықтардың бірі. Сондықтан да ертеректе домбыра алып, ән сала білмеген адамдар қазақтар арасында өте сирек кездесетін.
Қазақтың саз өнері: ән, күй, жыр, терме, би болған. Саз аспаптары ойналу түрлеріне қарай мынадай түрге бөлінген:
- Үрлеп ойналатындар.
- Шертіп ойналатындар.
- Қияқпен ойналатындар.
- Ұрып ойналатындар.
- Сілкіп ойналатындар.
26. Қазақтың сал-серілік дәстүрлері.
Қазақтың атақты сал-серілері: Біржан сал, Ақан сері, Сегіз сері, Жетісулық Дәурен сал және т.б. Олардың мініп жүрген аттары және бойындағы өнерлері жайлы айту.
27. Қолөнер түрлері.
Қазақтың қолөнеркәсібі. Ағаштан жасалатын бұйым түрлері, бесіктің түрлері, жүннен жасалатын бұйымдар, арқан-жіп атаулары, киізден жасалатын бұйымдар, теріден, сүйектен, тұяқтан, мүйізден, қылдан жасалатын бұйымдар, металдан жасалатын бұйымдар, ою-өрнек түрлері және олардың атаулары.
28. Төрт түлік.
Малдардың түрлері мен пірлері, олардың өнімдері, жасына қарай атаулары, төрт түлік малды шақыру және қайыру тәсілдері. Төрт түліке байланысты шығарылған өлең, жырларды оқу, жаттау.
29-30. Қазақтың байырғы өлшемдері.
Саусақпен, қолмен, аяқпен өлшенетін ұзындық өлшемдері. Саусақпен өлшенетін сыйымдылық өлшемдері. Бұйымдарға байланысты ұзындық өлшемдері. Қашықтық, тереңдік, ауырлық, аудан, көлем өлшемдері. Астың пісуіне байланысты уақыт өлшемдері және азық-түлік мөлшеріне байланысты өлшемдер.
31. Ауа райын болжау әдістері.
Қазақтар ауа райының келешекте қандай болатынын Айдың туысына қарап болжаған. Күн мен айдың құлақтануы, жұлдыздардың жымыңдауы да ауа райының өзгеретінін білдіреді. Сондай-ақ ауа райын үй жануарлары мен түз хайуанаттарының , құстардың қылығына қарап та анықтаған.
32. Батырлар жыры. Алпамыс батыр.
Батырлық жырлардыңхалық ауыз әдебтетінің ертеден келе жатқан көне түрі екені, оларда халықтың Отанын сүйетін, басқыншы жаудан елін, жерін қорғайтын батырларды аңсаған арманы айтылатыны, олардың тарихи-әлеуметтік оқиғамен байланысты туып дамығаны жөнінде мағлұмат беру.
«Алпамыс батыр» жырының мазмұнына қысқаша түсінік беру. Үзінді оқу, негізгі ойды анықтау.
33. Ертегілер елінде.
Қазақ халқының ертегілерін оқу, мазмұндау, кейіпкерлеріне мінездемеберу және оқыған ертегілерін сахналап көрсету.
34. Қорытынды сабақ.
Жыл бойы істелген жұмыстарға талдау жасау, қорытындысын шығару.
Бағдарламаның күнтізбелік жоспары
Реті | Тақырыбы | Сағат саны |
1 | Кіріспе. Пәннің мақсаты, міндеттері | 1 |
2 | Балаға ат қою дәстүрі | 1 |
3 | Бесік жыры | 1 |
4 | Жеті атаны білу | 1 |
5 | Қыз баланы тәрбиелеу дәстүрлері | 1 |
6 | Тыйым сөздер | 1 |
7 | Туыстық атаулары | 1 |
8 | Шығарма | 1 |
9-10 | Киіз үй –қазақтың негізгі баспанасы | 2 |
11 | Қазақтың үй жиһаздары | 1 |
12-13 | Қазақтың ұлттық тағамдары | 2 |
14 | Қазақтың ыдыс-аяқ түрлері | 1 |
15 | Қазақтың ұлттық киімдері | 1 |
16-17 | Ұлттық ойын түрлері | 2 |
18 | Қазақтың аңшылық өнері | 1 |
19 | Шешендік сөздер | 1 |
20 | Бата, оның түрлері | 1 |
21-22 | Мақал-мәтелдер | 2 |
23 | Жұмбақтар | 1 |
24 | Жаңылтпаштар | 1 |
25 | Саз аспаптары | 1 |
26 | Қазақтың сал-серілік дәстүрлері | 1 |
27 | Қолөнер түрлері | 1 |
28 | Төрт түлік | 1 |
29-30 | Қазақтың байырғы өлшемдері | 2 |
31 | Ауа райын болжау әдістері | 1 |
32 | Батырлар жыры. Алпамыс батыр | 1 |
33 | Ертегілер елінде | 1 |
34 | Қорытынды сабақ | 1 |
Пайдаланылған әдебиеттер:
- З.З. Әсемжанова Бастауыш сыныптарда тіл сабақтарын оқытуға арналған әдістемелік нұсқау. Алматы – 2001.
- Жақыпбекұлы Мәкетай «Атамұра» Алматы қаласы 2002 жыл.
- С.Хуатай «Қазағымның дәстүрлері-ай!» Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар 2010 №11.
- Р.Жалғасбаев «Салтым – асыл қазынам» Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар 2010 №6.
- З.З.Әсемжанова Бастауыш сыныптардағы қосымша сабақтардың үлгі жоспарлары. Алматы 2002.