Бастауыш сынып оқушыларына арналған «Зерек» үйірмесінің бағдарламасы 3 сынып Авторы: Г.Б. Ногайбаева
Алматы облысы
Алакөл ауданы
«Үшарал қазақ гимназиясы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Бастауыш сынып оқушыларына арналған
«Зерек» үйірмесінің бағдарламасы
3 сынып
Авторы: Г.Б. Ногайбаева
2016-2017 оқу жылы
Үшарал қаласы 2017
Түсінік хат
Бұл бағдарлама «Төменгі сынып оқушыларын математикалық олимпиадаға даярлау» атты әдістемелік құрал материалдары бойынша жасалды.Бағдарлама бастауыш сыныптың 3 сынып оқушыларына арналған. Ұсынылған материалдар белгілі бір оқу жылына сәйкестендіріліп және тақырыптар бойынша жүйеленген.Сабақтың мазмұнында белгілі заңдылыққа сүйеніп сандар қатарын жалғастыру,арифметикалық ребустар,фигураларды теңдей етіп бөлуге арналған жаттығулар және тапқырлықты қажет ететін жаттығулар, сонымен қатар өлшем бірліктерінің қатысына байланысты тапсырмалар, логикалық қызықты сұрақтар қарастырылған. Бұл оқушылардың математикаға қызығып,олардың белсенді болуына ықпалын тигізеді.Оқушының өзі орындауына мүмкіндік беріп логикалық ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамытуға болады.
Аптасына 1 сағат, барлығы- 34 сағат қамтылды.
Үйірменің мақсаты:
- Оқушылардың логикалық ойлауын дамыту.
- Өз бетінше талдау арқылы математикаға қызығушылығын арттыру.
- Оқушыларды математикалық олипиадаларға дайындық жұмыстарын жүргізу.
Үйірменің міндеті:
- Оқушыларға тапсырманың орындалу әдіс-тәсілдерін үйрету.
- Белгілі бір тақырыпқа сәйкес келетін тапсырмаларды оқушылардың қалай талқылау жөнінде көмек көрсету.
«Зерек» үйірме жұмысының мазмұны
Үйірменің мазмұны 5 тараудан тұрады.Барлығы 34 сағат, аптасына 1сағат.
І тарау. Арифметикалық амалдар және сандар-9 сағат
Бұл тарауда арифметикалық амалдар туралы білімдерін, амалдардың қасиеттері және оларды есептеуді тиімді орындауда қолдана білу, есептеудің ауызша және жазбаша тәсілдерін орындау кезіндегі амалдар тәсілін қолданады.Сандар қатарын жалғастыруға,белгісіз санды табуға байланысты тапсырмалар орындайды.Арифметикалық амалдарды жылдам орындауға дағдыланады.
ІІ тарау.Мәтіндік есептер-5 сағат.
Мәтіндік есептерді шығаруда есептің шартын ұғынып,жауабын толық береді.Құйып алуға байланысты жаттығулар,тең бөлікке бөлуге байланысты тапсырмалар,таразыға тартып анықтау және машрутқа байланысты тапсырмалардың орындау әдіс-тәсілдерін үйренеді.
ІІІ тарау. Геометриялық фигуралар сыры-6 сағат.
Бұл тарауда қызықты математикалық тапсырмаларды орындауға жаттықтыру, қарапайым ұғымдарын түсіндіру, геометриялық пішіндерін ажыратуға үйренеді. Жасалу жолдары мен құрылысына мән беріп, айырмашылықтары мен ұқсастықтарын ажыратады.Шаршыдан құрастырылған тік төртбұрыштың және тік төртбұрыштан құрастырылған шаршынының периметрін табуға байланысты тапсырмаларды қызыға орындайды.Үшбұрыштың санын анықтау,таяқшалармен фигура құрастыру,сонымен қатар фигураны теңдей етіп бөлуге берілген есептер оқушылардың логикасын дамытады.
ІҮ тарау.Өлшем бірліктері-6 cағат.
Өлшем бірліктерінің арасындағы қатынасты қойып беру және өлшем бірліктерінің кестесін құрастыру, атаулы сандармен есептеуді орындау дағдыларын дамыту.Оқушылардың ынта – жігерін, алғырттылығы мен шапшаңдығын, танымдылық дағдыларын арттыра отырып,шығармашылыққа жетелейді.
Ү тарау. Логикалық тапсырмалар-8 сағат.
Бұл тарауда берілген тапсырмаларды орындауда оқушылар өз беттерімен ізденеді, оқушының ой өрісін кеңейтіп, есте сақтауын дамытады, байқағыштығын қалыптастырады. Ұшқырлық , ойлау қабілетін шыңдап шапшаңдық пен нақтылыққа бейімделеді.Логикалық есептер балалардың ойлау белсенділігін арттырып, есептеуге деген үлкен қызығушылық тудырады, осындай жұмыстар кезінде оқушылардың есте сақтау қабілеті арта түседі, математикалық тілі жетіледі.
«Зерек» үйірмесінің күнтізбелік жоспары
(3 сынып аптасына 1сағат, барлығы-34сағ)
р\с | Сабақтың тақырыбы | Сағат саны | Мерзімі | |
І тарау. Арифметикалық амалдар және сандар-9 сағат | ||||
1. | 1. | Сандар қатарын жалғастыру | 1 | |
2. | 2. | Белгісіз санды табу | 1 | |
3 | 3 | Арифметикалық ребустар | 1 | |
4 | 4 | Арифметикалық ребустар | 1 | |
5 | 5 | Сиқырлы шаршылар | 1 | |
6 | 6 | Бағыты бойынша өрнекті шығару | 1 | |
7 | 7 | Үш санның қосындысы бірдей болуы | 1 | |
8 | 8 | Амал таңбаларын анықтау | 1 | |
9 | 9 | Қосындыны анықтау | 1 | |
ІІ тарау.Мәтіндік есептер-5 сағат. | ||||
10 | 1. | Құйып алуға байланысты жаттығулар | 1 | |
11 | 2. | Тең бөлікке бөлуге байланысты тапсырмалар | 1 | |
12 | 3 | Таразыға тартып анықтау | 1 | |
13 | 4 | Машрутқа байланысты тапсырмалар | 1 | |
14 | 5 | Мәтіндік есептер | 1 | |
ІІІ тарау. Геометриялық фигуралар сыры-6 сағат. | ||||
15 | 1. | Шаршыдан құрастырылған тік төртбұрыштың периметрі | 1 | |
16 | 2. | Тік төртбұрыштан құрастырылған шаршынының периметрі | 1 | |
17 | 3 | Үшбұрыштың санын анықтау | 1 | |
18 | 4 | Таяқшалармен фигура құрастыру | 1 | |
19 | 5 | Фигураны теңдей етіп бөлуге берілген есептер | 1 | |
ІҮ тарау.Өлшем бірліктері-6 cағат. | ||||
20 | 1. | Уақытқа байланысты есептер | 1 | |
21 | 2. | Сыйымдылыққа байланысты есептер | 1 | |
22 | 3 | Көбейтуге байланысты жаттығулар | 1 | |
23 | 4 | Массаға байланысты есептер | 1 | |
24 | 5 | Қашықтыққа байланысты есептер | 1 | |
25 | 6 | Кестемен жұмыс | 1 | |
Ү тарау. Логикалық тапсырмалар-8 сағат. | ||||
27 | 1. | Ойлан тап. | 1 | |
28 | 2. | Қарындашты қағаз бетінен алмай сурет салайық | 1 | |
29 | 3 | Логикалық есептер | 1 | |
30 | 4 | Әртүрлі тақырыпқа берілген есептер | 1 | |
31 | 5 | Логикалық жаттығулар | 1 | |
32 | 6 | Тез есепте! | 1 | |
33 | 7 | Цифрлармен сандар құрау | 1 | |
34 | 8 | Өз бетінше шешуге берілген есептер | 1 |
Пайданылған әдебиеттер:
1. Ж.Бейсеков, А. Жақсыбаева, Ж.Қамбарова.Төменгі сынып оқушыларын математикалық олимпиадаға даярлау. Жалпы білім беретін орта мектептің бастауыш сынып оқушыларына арналған әдістемелік құрал.- Шымкент,2008
2. К.Ерешева,З.Сәлімханова. Математика өзіндік және бақылау жұмыстары 2-сынып. «Өлке» баспасы, 2015
3.Ш.Ыдырысова, Г.Әбденова.Логика әлемі. «Өлке» баспасы, 2015
4.Интернет ресурстар.