Түлектерге арналған психологиялық көмек» факультатив бағдарламасы Омерзакова Айгуль Хасеновна » «Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Үшарал қазақ гимназиясы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
Алакөл ауданы білім бөлімінің
"Ыбырай Алтынсарин атындағы қазақ гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 2-43-03
Есепші бөлімі:
+7(72833) 2-64-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
январь
2021

Түлектерге арналған психологиялық көмек» факультатив бағдарламасы Омерзакова Айгуль Хасеновна

Алматы облысы

Алакөл ауданы

«Үшарал қазақ гимназиясы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі






«Түлектерге  арналған психологиялық көмек» 

факультатив бағдарламасы

Авторлар: Мамекова Әсем Танирбергенқызы

 Омерзакова Айгуль Хасеновна

2016-2017 оқу жылы










Үшарал қаласы 2017


Кіріспе 

  2017 жылдан бастап Ұлттық бірыңғай тестілеу мектептік және ЖОО болып екіге бөлінеді. Мектептердегі мемлекеттік емтихан форматындағы қорытынды аттестация және таңдалған мамандыққа байланысты 14 пәннен екі бейінді пәні бойынша ҰБТ.
 Оқу  жылы аяғында қорытынды аттестацияға дайындық көп жағдайда оқушыларды жағымсыз психологиялық соққыға әкеледі. Оқушылардың қорытынды аттесттаттау жағдайындағы жеке басының психологиялық жай-күйі оларды күйзеліске әкеліп соқтыруы мүмкін. Кейде тесті жақсы, ойдағыдай орындап, қажетті ұпайын жинаған жағдайдың өзінде оқушы біраз уақытқа дейін психологиялық жағымды, жағымсыз күйді бастан өткізеді. Оны емтиханға деген қорқыныш, үрей сезімдерімен, алынған тестің нәтижесіне ұзақ уақытқа дейін сенбеуінен туындайтын психологиялық ерекшеліктерімен түсіндіреміз. Ал нәтижелері теріске шыққан, яғни төмен баға алған оқушылардың психологиялық көңіл-күйлері мүлдем нашарлайды деуге болады.
 Қорытынды аттестаттауға дайындық оқушылардың отбасы, ата-анасы, психолог мамандар арасында өзара тығыз қарым-қатынаста жүреді. Мұның өзі оқушылардың ішкі жағдайына теріс әсер етеді, өйткені балалар өздерін үнемі бақылауда сезінеді, ата-аналары мен үлкендер, ұстаздары тарапынан болатын ұдайы қадағалаудан “Егер мен емтихан немесе тест тапсыра алмасам”, “Ойдағы үмітті ақтай алмасам” деген қорқыныш пайда болады. Бұрын соңды өздеріне жүктелген үлкен жауапкершілікті сезініп көрмеген балалар отбасы тарапынан айтылатын “Балам, жақсылап дайындал!” деген сияқты сөздерден алдын ала үрейлене бастайды. Көптеген мұғалімдер өз пәні бойынша жыл бойы бос уақытында оқушыларды емтиханға дайындау үстінде болады. Егер төмен нәтиже алса, ұрсып, баланы уайымға салады, бұған қоса ата-аналар олардың үйдегі бос уақытының дайындықпен өтуін қатаң қадағалауға кіріседі. Баланың жеке басының психологиялық қысымға түсуінің басты себебі осында.   Сондықтан оқушыларды кез келген жағымсыз психологиялық жағдайға қарсы тұруға, бұл жағдаяттарда өздерін ұстай білуге үйретудің маңызы зор.
   11-сынып оқушыларының жас ерекшеліктері психологиясын ескеретін болсақ, осы кезеңде оқушының бойында өзіндік сана, өзіндік “мен” деген бейне қалыптасады, өзін және айналасындағы қатарластарын, олардың әрқайсысының мәртебесін, алатын орнын, беделін сезіне бастайды. Кей жағдайларда бәсекелестік те байқалады, бұл аттестаттау жағдайы үшін кері және ауыр жағдаят, себебі құрбы-құрдастарының қатарынан қалып, ЖОО-ға түсе алмай қалуы оқушыны ең ауыр психологиялық дағдарысқа алып келеді. Ол сыныптастарының алдында ұятқа қалғандай сезінеді. “Мен” сезімі шиеленіседі; ішкі психологиялық дағдарыс, өз-өзіне деген реніш пайда болады. Күтілген нәтижеден төмен баға алып, көбінесе өз достарын көруден де бас тартып, қиын да қауіпті жағдайға тап болады. Көптеген оқушылар мұндай ауыр жағдайларда “өзін-өзі ұстау және бағыттау стратегиясын” білмейді, жас ерекшелігі психологиясына сәйкес балалар қиын жағдайды өткереді.
 Оқушылардың әлеуметтік-психологиялық жағдайларын ескере отырып, оларға мамандар тарапынан арнайы іс-шаралар мен мектептерде “Оқушыларды қорытынды аттестацияға психологиялық дайындау” жұмысы міндетті түрде ұйымдастырылуы қажет. Мектеп өмірінде ең маңыздысы аттестаттағы “бестік” емес, ең бастысы – осы өмірде өзіңді табу, сізге табыс әкелетін жолды анықтау, ал аттестаттау – бұл үлкен жолдың бастамасы екенін оқушы санасына сіңіре білейік.




Түсініктеме 

  Оқушылардың қорытынды аттестацияға дайындығы табысты жүруі үшін, ата-аналармен, пән мұғалімдерімен тығыз қарым-қатынаста болып, сынаққа дайындық мәселесін, оның ережелерін талқылап, ақыл-кеңес беру қажет. Оқушының өзіне сенімін қалыптастыру үшін оқтын-оқтын психологиялық тренингтер өткізіп, ата-аналарға арнайы дәріс оқу керек. Емтиханға даярлық кезінде оқушы бойына сенімділікті ұялату – маңызды мәселе, себебі оны қысқа уақыт ішінде жүзеге асыру мүмкін емес. Әсірессе жаңа форматтағы емтхандардың алдындағы үрейден арылу тәсілдерін үйрену өте маңызды.

  Алғашқыда психолог-маман оқушылармен  әңгіме жүргізу арқылы «Қорытынды аттестация жағдайына оқушылардың психологиялық  мінез-құлқына» талдау және болжам жасайды. Талдау мен болжам нәтижесінде мектеп оқушыларының  қолайсыз жағдайларға шыдамсыздығы және ауыр қабылдаулары анықталғаннан кейін психолог   маман оқушыларға арнайы психологиялық курс бағдарламасын құрғаны жөн. Курс бағдарламасы оқушылардың психологиялық даярлығының ерекшелігіне, яғни емтиханға деген көзқарасы мен қатынасына байланысты жасалады. Осы бағдарламаны  психолог тренинг арқылы жүзеге асырады. Тренингтің топтық жұмысы өзіне тән бірқатар принциптермен ерекшеленеді. Олар: белсенділік ұстанымы; шығармашылық ұстанымы; түсіну ұстанымы; әріптестік қатынас ұстанымы. Ресейлік психологияда тренинг – оқытудың немесе әлеуметтік-психологиялық тренингтің белсенді тәсілдерінің бірі деген ұғым кең таралған. Л.А.Петровская әлеуметтік-психологиялық тренингті «өзара қатынастағы білімді, әлеуметтік белгілеулерді, қабілеттілікпен тәжірибені дамытуға бағытталған әсер ету құралы», «психологиялық әсер ету құралы» ретінде қарастырады.  Бұл әдіс балалармен, ата-аналармен, әлеуметтік топтардың кәсіби мамандарымен, кәсіпорындар мен ұйымдардың жетекшілермен жұмыс істеуде белсенді түрде қолданылып келеді. 

Сондықтан Үшарал қазақ гимназиясының психологиялық қызметі «Түлектерге  арналған психологиялық көмек» атты топтық жұмыс бағдарламасын факультатив сабақ ретінде ұсынады.





«Түлектерге  арналған психологиялық көмек» атты факультатив бағдарламасы



Бағдарлама мақсаты: оқушылардың қорқыныш сезімін алдын алу, стресске қарсы тұру мүмкіндігін жоғарлату, өз-өзіне сенімділігін арттыру, өз-өзін бақылауды дамыту. 



Бағдарлама міндеттері: 

  1. Өзін-өзі тану, өзгені, яғни эмпатиялық қабілетін дамыту;
  2. Емтиханға деген үрей мен алаңдаушылықты түзету;
  3. Өзара жағымды қарым-қатынас орнату;
  4. Жүйке-жүйесіне түсетін жағымсыз күштен психологиялық тұрғыда арылту.















«Түлектерге  арналған психологиялық көмек» атты факультатив бағдарлама мазмұны:

Топтық бағдарлама 15-20 оқушыдан құрылған 11 сынып оқушыларына арналған. Жоспарланған сағаттардың жалпы көлемі аптасына 1 рет өткізілетін әр қайсысы 45 минуттық 34 сағатты құрайды.

  1. Мен және менің әлемім /4 сағат/ – адекватты өзіндік бағалауын, өзін-өзі тануға, өзіне деген сенімділікті арттыруға   арналған жаттығулар жүргізіледі: «Мен және менің есімім», «Менің жағымды, жағымсыз жақтарым», «Есім», «Менің армандарым», «Комплимент» 
  2. Емтиханға қалай дұрыс дайындалу керек /5 сағат/ – қорытынды аттестаттауға қалай дайындалу керек, есте сақтау қабілетті дамыту жолдары мен заңдылықтары, ойлау қабілеттерді дамыту жолдары мен заңдылықтары туралы дәрістер мен жаттығулар беріледі.  
  3. Емтихандағы мінез-құлық /4 сағат /– өзіндік эмоционалдық күйіне баға беру және оны реттеуге үйренуге ықпал етуге арналған жаттығулар: «Жүрісің мен көңілің» «Бүгінгі көңіл-күйің қандай?» «Қандай көңіл-күйлер болады?», «Көңіл-күйді көрсет», «Кішкентай елес», «Жабсықақ» тренингтерде  жүргізіледі.
  4. Жүйкелік-психологиялық қысымнан, қатаюдан арылу /6 сағат/ – жүйкелік-психологиялық қысымнан арылу тәсілдермен таныстыру, өзіндік реттеу жолдарын көрсету.
  5. Күйзелістен   қалай  арылуға болады /3 сағат/ – күйзеліс деген не, күйзелістен арылу тәсілдермен таныстыру, оларды ойындар арқылы жүргізу.
  6. Эмоция және мінез-құлық /4 сағат/– эмоция, мінез туралы түсінік беру, жаттығулар мен ойындар арқылы эмоционалды күйді бағалауға, оны реттеуге баулу.
  7. Менің сыныбым /5 сағат/ – топтағы қарым-қатынасты нығайту, бірі-біріне деген оң қөз-қарасты дамыту, ұжымдық сезімді қалыптастыру. 
  8. Менің мамандығым /3сағат/ – оқушылардың таңдаған мамандығы бойынша мағлуматтарын, мамандық туралы ерекшеліктерін, қойылаптын талаптар менсұраныстар туралы білімдерін кеңейту.    


«Түлектерге  арналған психологиялық көмек» бағдарламасының тақырыптық жоспары

р/с

Сабақ№

Тақырыптары 

Сағат саны


1


1

2

3

4

Мен және менің әлемім:

 Мен және менің есімім 

Менің бейнем

Менің кіммін? 

Менің армандарым

4

1

1

1

1


2


5

6-7

8-9

Емтиханға қалай жақсы дайындалуға болады? 

Есте сақтау заңдылықтары  

Есті дамыту жаттығулары

Ойлау қабілетті дамыту жаттығулары

5

1

2

2


3


10-11

12-13

Емтихандағы мінез-құлық

Емтихандағы мінез-құлық

Өзіңді бақылай аласың ба? 

4

2

2


4


14-15

16

17-18

19

Жүйкелік-психикалық қысымнан арылу тәсілдері

Жүйкелік-психикалық қысымнан арылу тәсілдері

Менің көңіл-күйім қандай?

Жағдайдан шыға білу. Аутотренинг 

Менің орным ерекше!

6

2

1

2


5


20

21-22

 Күйзелістен қалай арылуға болады?

Күйзеліс деген не?

Күйзелісті қалай жеңуге болады?

3

1

1


6


23-24

25

26

Эмоция және мінез-құлық

Өмірге жағымды көзқарасты қалыптастыру

Мен өз-өзімді бағалаймын

Табиғат және жан

4

2

1

1


7


27

28

29

30

31

Менің сыныбым

Біз көңілдіміз

Кім жылдам?

Жүректен – жүрекке

Сенімді қарым-қатынас

Мен және сіз

5

1

1

1

1

1


8


32

33

34

Менің мамандығым

Мамандық жетістік мерейі

Мамандық таңдауда қателесуге болады ма?

Менің табиғатым

3

1

1

1




Барлығы:

34



Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Алдамұратов Ә.Ж. Оқушылардың грамматикалық ұғымдарын меңгеру психологиясы: пғқдис.автореф. - Алматы, 1993, 25б.
  2. Аасамаа И. Әдептен озбайық, -Алматы «Рауан», 1990.
  3. Бодалев А.А. Личность и общении. –М.: Педагогика, 1983.
  4. Венгер А. Л. Психологическиерисуночныетесты. – М.: Владос –пресс, 2003, 160с.
  5. Гальперин П.Я. К исследованиюинтеллектуальногоразвитияребенка. //Вопросыпсихологии, 1996//.
  6. Грабал В.Л. Некоторыепроблемымотивацииучебнойдеятельностиучащихся//Вопросыпсихологии, 1987, №1//
  7. Дастанқызы Б. Психологиялық жаттығулар жинағы Алматы, 2007 – 196 б.
  8. Емельянов Ю.Н. Активноесоцииально-психологическоеобучение Л. 1985 – 41с.
  9. Захаров В.П.,  Хрящева Н.Ю. Социально-психологический тренинг. Л; 1990. 
  10. Изард К. Эмоциичеловека. М. 1980
  11. Макшанов С.И Психология тренинга.  СПб, 1997. 
  12. Мектептегі психология // Рғ-ә журнал, 2010 № 3-6
  13. Мектептегі психология // Рғ-ә журнал, 2011 № 6-9
  14. Мектептегі психология // Рғ-ә журнал, 2011 № 2-5
  15. Мұқанов М.М. Жас және педагогикалық психолгия, -Алматы, 1982.
  16. Наубаева Х.Т. Педагог-психологтарға практикалық көмекші құрал, -Талдықорған, 2012.
  17. Тоқсанбаева Н.Қ. Танымдық іс-әрекетке кіріспе, -Алматы, 2010 – 136б.
  18. Тоқсанбаева Н.Қ. Психологиялық тесттер. Алматы, 2009 -128б.
  19. Шерьязданова Х.Т. Учитедетейобщению, Алматы: Рауан, 1992, 108с.
  20. Лебедева Л.Д. Практика арт-терапии: подходы, диагностика, система занятий. — СПб.: Речь, 2003.
  21. Копытин А.И. Теория и практика арт-терапии. — СПб.: Питер, 2002.
  22. В.Бурнашов, Е.Зайцева, Ж.Сатыбалдиева Психопрофилактикаға арналған бағдарламасы 

22.А.К.Исабекова Психокоррекциялық тренингтер / әдістемелік құрал/  -   Ақмола обл МҚ ББА  ҚД институтының ақпарат-әдістемелік орталығы 2005.