«Соңғы қоңырау»мереке қарсаңында ұстаздарға, мектепке қаражат жинауға тыйым салынатыны туралы толық түсіндіру жұмысы жүргізілді. » «Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Үшарал қазақ гимназиясы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
Алакөл ауданы білім бөлімінің
"Ыбырай Алтынсарин атындағы қазақ гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 2-43-03
Есепші бөлімі:
+7(72833) 2-64-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
май
2024

«Соңғы қоңырау»мереке қарсаңында ұстаздарға, мектепке қаражат жинауға тыйым салынатыны туралы толық түсіндіру жұмысы жүргізілді.

«Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы  бойынша білім бөлімі»мемлекеттік мекемесінің «Ы.Алтынсарин  атындағы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар қазақ гимназиясы» коммуналдық  мемлекеттік мекемесінде 2024 жылдың  мамыр айының 21-і күні  гимназия директоры Хасенова Галима Токишевна, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, педагог- ұйымдастырушы және  жалпы гимназия бойынша ата-аналар комитетінің төрағасы Сейлханова Райхан Алпысовнамен  2023-3024 оқу жылының аяқталуынабайланысты 1-10 сыныптарда   «Білімім-Отаныма» жалпы республикалық   тәрбие сағатының және 25 мамыр 11 сынып түлектері үшін өткізілетін «Мектебім, саған мың алғыс!» тақырыбындағы соңғы қоңырау іс-шарасының  өтілуі туралы  пікірлесті. Гимназия директоры Хасенова Галима Токишевна жалпы тәрбие сағаттары арнайы ұсынымға байланысты өту қажеттігін және 11 сынып түлектері үшін өткізілетін «Соңғы қоңырау» мерекесіне оқушылардың мектеп формасымен келуі талап етілетінін, сондай-ақ мереке қарсаңында ұстаздарға, мектепке қаражат жинауға тыйым салынатыны туралы толық түсіндіру жұмысы жүргізілді.