Кадет сыныбы » «Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Үшарал қазақ гимназиясы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
Алакөл ауданы білім бөлімінің
"Ыбырай Алтынсарин атындағы қазақ гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 2-43-03
Есепші бөлімі:
+7(72833) 2-64-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
август
2019

Кадет сыныбы

6б сынып оқушысы Қасымжомарт Ерасыл Ғалымұлының құттықтау сөзі


Армысыздар жиналған қауым!

Мен, Қасымжомарт Ерасыл Ғалымұлы, ауданымыздағы Үшарал қазақ гимназиясында алғашқы болып ашылған «Жас сарбаз», «Жас шекарашы» сыныбының оқушылары атынан 7 мамыр Отан қорғаушылар күні мерекесімен құттықтаймын!

Бұл мереке әр кезде де батылдық пен  ерліктің, қаһармандық пен елдіктің нышаны, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың өлшемі. 

Отан қорғаушылардың барлығы біз үшін жарқын үлгі. Аға ұрпақ пен жас буынның Отанымызды қорғап, қызметте айтулы үлес қосқанын әрқашан мақтан тұтамыз. Келешегіміздің жарқын болатындығына сенімдіміз. 

Біз, жас буын өкілдері, Сіздердің алдарыңызда, оқуымызды жақсы аяқтап, ел тыныштығын сақтауға ат салысатынымызға сендіреміз!

Біз, өз елімізбен мақтанамыз!

Біз, қазақ елін әлемдік аренада көк туын желбіретіп, сенімді нық қадаммен танытамыз! 

Назарларыңызға рахмет!