Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Сағидолда Арай Ерланқызы » «Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Үшарал қазақ гимназиясы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
Алакөл ауданы білім бөлімінің
"Ыбырай Алтынсарин атындағы қазақ гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 2-43-03
Есепші бөлімі:
+7(72833) 2-64-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
сентябрь
2019

Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Сағидолда Арай Ерланқызы



Сағидолда Арай Ерланқызы 1991 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Қызылжұлдыз ауылында дүниеге келдім. 1998жылы Қызылжұлдыз орта мектебінің 1- сыныбына қабылданып, 2007 жылы 9- сыныпты бітіріп шықтым. 

9-сыныптан кейін Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжіне түсіп, 2011жылы аталған колледждің «Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі»  мамандығын аяқтадым. Сол жылы Шығыс Қазақстан Американдық университетіне түсіп 2014жылы «Шет тілі, екі шет тілі» мамандығын аяқтадым. 

  1. 2011-2012 оқу жылы Катонқарағай ауданы, Ақмарал ауылында ағылшын тілінен сабақ бердім. 
  2. 2012-2018 оқу жылы Алматы қаласы №58 мектепте ағылшын тілінен сабақ бердім.
  3. 2018 жылдан бері Үшарал қазақ гимназиясында ағылшын тілінің мұғалімі болып жұмыс жасаудамын. 

Біліктілігін көтеру туралы мәлімет:

2014 жылы ҚР Білім және ғылым министрінің «Педагог қызметкерлерді аттестаттау туралы » ережесіне сәйкес ІІ біліктілік санатына өттім. 

2018 жыл «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББӨҰ Педагогикалық шеберлік орталығы өткізген «Интербелсенді әдістемені мектептегі сабақтарда қолдану» тақырыбында 24-сағаттық оқыту семинарын аяқтадым.

2020 жылы жаңартылған бағдарлама бойынша курстан өттім. 

2021 жыл педагог-модератор біліктілік санатына өттім.

Жетістіктерім:

2014 жыл Алматы қаласы №58 мектеп мектепішілік жыл мұғалімі байқауынан І орын. 

2019 жыл «Оқыту мен оқу үдерісінде жаңа тәсілдерді енгізу: педагогтардың кәсіби өсуі мен оқу үрдісі жетістігінің нәтижесі» атты мақалам жарық көрді.   

2020 жыл Республикалық «British Bulldog» республикалық интеллектуалдық сайысынан оқушыларым Көпбаев Амирхан- І орын, Оразхан Масғұт ІІІ орын,  Шақан Ажар- ІІ орын иеленді. 

2021 жыл reo.kz сайты мұғалімдер арасында ұйымдастырған ағылшын тілі пәнінен республикалық онлайн олимпиада І орын алдым

2021 жыл ҚР тұңғыш президенті қоры сыйлығының иегері Qaztest.kz сайты мұғалімдер арасында ұйымдастырған ағылшын тілі пәнінен республикалық онлайн олимпиада ІІІ орын алдым

2021 жыл ҚР тұңғыш президенті қоры сыйлығының иегері Qaztest.kz сайты мұғалімдер арасында қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай ұйымдастырған І Республикалық «Абай әлемі және рухани мұрасы » қашықтық олимпиадасы ІІ орын 

2021 жыл reo.kz сайты оқушылар арасында ұйымдастырған ағылшын тілі пәнінен республикалық онлайн олимпиадада оқушыларымМырзатай Ернұр- ІІІ орын, Теміржан Бақытжан- ІІ орын, Ерланұлы Ердаулет- ІІ орын алды.

2021 жыл Аудандық пән олимпиадасы ағылшын тілі пәнінен оқушым Саукен Еркежан ІІІ орынға иеленді. 

2021 жыл Республикалық «British Bulldog» республикалық интеллектуалдық сайысынан оқушыларым Ерланұлы Ердаулет- ІІІ орын, Жақанбай Алуа- І орын, Темірбек Мадина- ІІІ орын, Мырзатай Ернұр- ІІІ орын иеленді.