Кафедраның Ережесі » «Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Үшарал қазақ гимназиясы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» отдела образования Шуского района
Жетісу облысы
Алакөл ауданы білім бөлімінің
"Ыбырай Алтынсарин атындағы қазақ гимназиясы"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72833) 2-43-03
Бухгалтерия
+7(72833) 2-64-25
Версия для
слабовидящих
02
март
2021

Кафедраның Ережесі

Қазақстан Республикасы 

Білім және ғылым министрінің

2007 жылғы   “29” қарашадағы 

№ 583   бұйрығымен 

бекітілді 


Кафедраның   Ережесі 

1. Жалпы ережелер

1.1. Кафедра оқу-тәрбие, әдістемелік, тәжірибелік- эксперименттік және  сыныптан тыс жұмыстың бір немесе бірнеше өзара байланысы бар ұқсас оқу пәндердің   білім беру мекемесіндегі негізгі құрылымдық  бөлімі болып табылады.

1.2. Кафедралар мектепте бір пәннен   кемінде 3 мұғалім болған жағдайда   құрылады. Кафедраның құрамына бір-бірімен шектес және  жақын пән мұғалімдері кіреді. Білім беру мекемесінде сонымен қатар тәрбиешілердің де әдістемелік бірлестіктері  құрылады.   

1.3. Кафедраның саны білім беру мекемесінің алдына қойған кешенді міндеттеріне байланысты анықталып, директордың бұйрығымен бекітіледі.

1.4. Әдістемелік жұмыс жөніндегі директор орынбасарының ұсынысымен білім беру мекемесінің  директоры кафедраны ашады, қайта құрады, таратады.  

1.5 Кафедра тікелей   директордың  әдістемелік бірлестік   жөніндегі орынбасарына  бағынады.

1.6. Оқу-әдістемелік жұмыс  Қазақстан Республикасының Конститутциясын және  қолданыстағы Заңдарын, оқушыны оқыту мен тәрбиелеу мәселесімен айналысатын   барлық деңгейдегі білім басқармасы ұйымдарының және мектептің Жарғысы мен директордың бұйрықтарын басшылыққа алады. 

ІІ. Кафедра қызметінің  бағыты мен міндеттері

Мектептегі   кафедра білім беру мекемесіндегі белгілі бір міндеттерді  шешу үшін құрылған құрылымдық  бөлім. Кафедраның жұмысы мұғалімнің кәсіби потенциалын тиімді қолдану және тиісті оқу пәндерінің оқыту әдісін жетілдіруді үйлестіріп дамыту және осының негізінде – білім беру үдерісін жақсарту.

Пән кафедрасы :

  • оқушының оқу мүмкіндігін, білім беру үдерісінің нәтижесін,   сонымен бірге  пән бойынша оқудан тыс жұмыстарды талдайды;
  • білім беру үдерісін қажетті әдістемелік - бағдарламалық кешенмен қамтамасыз етеді;
  • пән мұғалімдеріне нақты әдістемелік көмек көрсетуді жоспарлайды;
  • әдістемелік  семинарды және  әдістемелік жұмыстың  басқа да формаларын ұйымдастырады;
  • пән кабинеттерінің жабдықталуын  жоспарлайды және талдайды;
  • оқушылардың аттестация аралық материалын келіседі;
  • қажет болған жағдайда оқушының білімділік нәтижесіне оқу материалының минимум көлемі мен мазмұнына қойылатын талапты келіседі;
  • мұғалімдердің оқу бағдарламасына енгізетін алғашқы сараптау өзгерісін жүргізеді;
  • пәнді оқыту  тәжірибесін зерттейді және жинақтайды;
  • оқушылардың пән бойынша сыныптан тыс жұмысын ұйымдастырады;
  • мұғалімге көмек ретінде  әдістемелік ұсынысты дайындауға шешім қабылдайды;
  • оқушыларға және оның ата-аналарына тиісті пәнді жақсы меңгеру, оқу еңбегінің мәдениетін арттыру мақсатында әдістемелік ұсыныс жасауды ұйымдастырады;
  • мұғалімдерге кәсіби біліктілігін арттырудың әртүрлі формасын ұсынады;
  • іс тәжірибесі аз және жас ұстаздарға тәлімгерлер жұмысын ұйымдастырады;
  • сайыс, олимпиада, пән апталығының  (айлық) ережесін жасап және оның өткізілуін  ұйымдастырады.


ІІІ. Кафедра жұмысының негізгі формасы

3.1. Оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің  проблемасы бойынша педагогикалық эксперимент өткізу және оның нәтижесін  білім беру үдерісіне енгізу;

3.2. Оқу -әдістемелік сұрақтар бойынша «Дөңгелек стол», семинар және отырыс,  мұғалімдердің шығармашылық есері;

3.3. Оқушылардың оқу және тәрбие әдісінен сұрақтары бойынша әдістемелік бірлестіктің отырысы;

3.4. Пән бойынша ашық сабақтар мен сыныптан тыс шаралар;

3.5. Жалпы педагогика мен психология сұрақтарынан,   оқыту және тәрбие әдістерінен лекция, баяндама, хабарлама, және  талқылау;

3.6. Оқу –тәрбие процесінде  нормативтік құжаттар мен озық педагогикалық тәжірибені  зерттеп, іс жүзіне асыру;

3.7. Пән апталығы мен әдістемелік күнді өткізу.

3.8. Өзара сабаққа қатысу.

ІVКафедра жұмысының тәртібі

4.1. Кафедра мүшелерімен келісіп   тәжірибелі педагогтан  мектеп директоры әдістемелік бірлестік жетекшісін тағайындайды. Ол кафедра жетекшісі қызметін атқарады. 

4.2.  Кафедраның жұмысы ағымдағы жылдың жоспарына сәйкес жүргізіледі. Жоспарды кафедраның жетекшісі   жасайды,оны кафедра отырысында қарастырады, директордың әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасарымен келісіп, мектептің әдістемелік кеңесінде бекітеді. 

4.3 Кафедра отырысы тоқсанына бір рет өткізіледі. Кафедра отырысының өткізілу уақыты және  орны туралы директордың әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасарына алдын ала айтуы керек.

4.4.  Отырыста қаралып, талқыланатын әр сұраққа ұсыныс қабылданып, ол  хаттама кітабына жазылады. Ұсынысқа кафедра  жетекшісі  қол қояды.

4.5.  Қарастырылатын сұрақтар  басқа кафедраға қатысы болса, онда отырысқа оның төрағасы шақырылады. 

4.6.  Мектептің әдістемелік жұмыс жоспарына және мектепішілік бақылауға сәйкес кафедраның жұмысына бақылауды мектеп директоры, директордың әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары іс жүзіне асырады.  

V. Кафедраның құжаттары

1.      Кафедра ашылуы туралы бұйрық.

  1. Кафедра жетекшісін тағайындау туралы  бұйрық.
  2. Кафедра ережесі.
  3. Кафедра жетекшісі мен мұғалімдердің  лауазымдық міндеттері.
  4. Өткен оқу жылында істелген жұмыстың талдауы.
  5. Кафедра тақырыбы, мақсаты, басыңқы бағыты, оқу жылының міндеттері.
  6. Осы оқу жылына кафедраның  жұмыс жоспары.
  7. Кафедра мұғалімдері туралы мәлімет (сандық және сапалық құрамы).
  8. Кафедра мұғалімдерінің өздігінен білім алу тақырыптары туралы мәлімет.
  9. Кафедра мұғалімдерінің семинар, конференция, дөңгелек стол, шығармашылық есеп, кеңестерге қатысу графигі.
  10.  Преподаватели аттестациясының  перспективалық жоспары.
  11.  Осы оқу жылында кафедра мұғалімдерінің аттестациядан өту графигі.
  12. Кафедра мұғалімінің  біліктілігін арттырудың перспективалық жоспары.
  13.  Осы оқу жылында кафедра  мұғалімдерінің біліктілігін арттыру графигі.

15.   Пәндер бойынша ағымдағы бақылау, лабораториялық және прак-тикалық   жұмыстарды өткізу графигі. 

  1.  Администрация бақылау жұмыстарының графигі. (МІБ- дан).

17.  Кафедра  мұғалімдерінің пән бойынша өткізетін ашық сабақтары мен сыныптан тыс іс-шаралар графигі.

  1. Кәсіби тәжірибелі мұғалімдердің мекен жайы.

19Кафедра мұғалімдерінің кәсіби қажеттілігі туралы мәлімет.

  1.  Әдістемелік апталық жүргізудің  жоспары (егер Кафедра жеке өткізсе).
  2. Кафедра пәндер бойынша тақырыптық-календарлық жоспар, үйірме, арнайы курс, факультатив , т.б. жоспарлары.
  3. Оқу -әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілу туралы мәлімет (стандартқа сай бағдарлама, оқулық)
  4. Бағдарламалар (пән,үйірме,арнайы курс,факультативтің авторлық).
  5. Кафедраның жас және жаңа келген мамандармен жұмыс жоспары (бұл жалпы жоспардың бір бөлігі де болуы мүмкін).
  6. Пән апталығы мен онкүндігін өткізудің   жоспары.

26. Мектепішілік бақылау (Кафедра тексеру анықтамасының көшірмесі)

27.   Кафедра мұғалімдер қызметінің  нәтижелілігі (ЕНТ, МАБ, ағымдағы сапа, қорытынды үлгерім – тоқсан және жылдық нәтижені мектептің, ауданның /қаланың/ орташа көрсеткішімен салыстыру).

  1. Кафедрадағы  пән мұғалімдері  мен кафедраның рейтингтік бағасы.
  2. Кафедра отырысының хаттамасы.

VІ. Кафедраның құқы

            Кафедраның құқығы бар:

  • мұғалімдердің біліктілігін арттыруға ұсыныс жасап, мінездеме дайындайды;
  • мектепте оқу процесін жақсартуға ұсыныс   енгізеді;
  • кафедрада жинақталған педагогтардың озық іс тәжірибесінің материалын  жариялау туралы сұрақ  қояды;
  • эксперименттік жұмысқа белсенді  қатысқан әдістемелік бірлестік мұғалімдерін марапаттау туралы мектеп әкімшілігі алдына сұрақ  қояды;
  • мұғалімдерге біліктілікті арттырудың әртүрлі формасын ұсынады; 
  • оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің проблемасы бойынша мектеп директорының орынбасарынан кеңес алуға;
  • мұғалімдер аттестациясының мазмұны мен оны ұйымдастыруы бойынша ұсыныс енгізу;
  • кафедрадан мұғалімдерді «Жыл мұғалімі» сайысына ұсыну.