Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің мұғалімі Ермуканұлы Манат
Өмірбаян
Мен, Ермуканұлы Манат 1991 жылы 15 мамыр айында Алматы облысы Алакөл ауданы Қызылащы ауылында дүниеге келдім. 1997-2004 жылдар арасында Қызылащы орта мектебінде, 2004-2008 жылдар арасында Үшарал қаласы Талапкер орта мектебін бітіріп, 2008-2012 жылдар арасында Талдықорған қаласы, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің Бастапқы әскери дайындық мамандығы бойынша жоғары білім алып шықтым.
2012-2013 жж. Үшарал қаласында аудандық спорт бөлімінде ұйымдастырушы болып қызмет атқардым.
2013 жылдан бері Үшарал қазық гимназиясында Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінен сабақ беріп келемін.
Жалпы еңбек өтілім 8 жыл. Қазіргі уақытта 2-ші санатты мұғаліммін. 2018 жылы педагог-модератор біліктілік санатына өттім.
Шығармашылық ізденіс нәтижесінде жеткен жетістіктерім:
1. 2017ж Тәуелсіздігімізге 25 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Тәуелсіздіктің құрдастары» атты аудан жастары арасында өткізілген «үстел теннисі» жарысында ІІІ – орын иелендім.
2. 2018 ж Аудан ұстаздары арасында ұйымдастырылған «волейбол» жарысында ІІ- орын иелендім.
3. 2018ж Алакөл ауданының оқушылары арасында дойбы жарысынан аудан біріншілігінде әділ төрешілік еткенім үшін М.Төлеужановтың мадақтамасымен марапатталдым.
4. 2018ж Алматы облысының білім басқармасы, облыстық «Алау» әскери-спорттық ойынына белсене қатысқаным үшін Д.Жүнісовтың Алғыс хатымен марапатталдым.
5. 2019ж Аудан ұстаздары арасында ұйымдастырылған «волейбол» жарысында ІІІ- орын иелендім.
6. 2019ж «Сардар» облыстық кешенді олимпиадасында Алакөл ауданының намысын қорғағаным үшін М.Төлеужановтың Алғыс хатымен марапатталдым.
7. 2019ж Үшарал қазақ гимназиясының дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Агитов Бірлік Смайлханұлының зейнеткерлікке шығу құрметіне орай ұйымдастырылған шағын футбол турнирінде І-орын иелендім.
8. 2019ж Алакөл ауданы білім беру мекемелерінің қызметкерлері арасында өткен «Көктем-2019» І-ші Спартакиадасында Дойбыдан І-орын иелендім.
9. 2019ж «Ер Отан» қоғамдық бірлестігінің төрағасы полковник Е.Ж.Алданазаровтың 29.05.2019ж №5 бұйрығымен «Қазақстан патриоты» медалімен марапатталдым.
10. 2019ж Алакөл ауданы әкімінің орынбасары А.Абдиновтың Алғыс хатымен марапатталдым.
11. 2019ж облыстық «Жас Ұлан» әскери-спорттық ойынына белсене қатысқаным үшін Д.Жүнісовтың Алғыс хатымен марапатталдым.
12. 2019ж Алматы облысы білім басқармасының басшысы Д.Жүнісовтың Құрмет грамотасымен марапатталдым.
13. 2020ж Облыстық қашықтықтан өткен «Алау» әскери-спорттық ойынына белсене қатысқаным үшін Алғыс хатпен марапатталдым.
Сертификаттар:
1. 2016 жылы 04-15 желтоқсан аралығында «Білім және жаңа инновациялық технологиялар» орталығында біліктілігін арттырды.
Курстың атауы: АӘД пәнін оқытуда ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолданудың ғылыми әдістемелік орталығы.