Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Ахметова Динара Еркінғалиқызы » «Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Үшарал қазақ гимназиясы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» отдела образования Шуского района
Жетісу облысы
Алакөл ауданы білім бөлімінің
"Ыбырай Алтынсарин атындағы қазақ гимназиясы"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72833) 2-43-03
Бухгалтерия
+7(72833) 2-64-25
Версия для
слабовидящих
20
ноябрь
2019

Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Ахметова Динара Еркінғалиқызы



Ахметова Динара Еркінғалиқызы 1987 жылы Алматы облысы, Алакөл ауданы, Қарлығаш ауылында дүниеге келдім.  2004 жылы Әнуар ӘлімжановСредняя школа имени ті бітіріп, Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтын 2004-2008 жылдары оқып бітірдім.

       2009 жылы,а лғашқы жұмысымды Алматы қаласындағы Шалтай Смағұлов атындағы облыстық дарынды балаларға арналған мектеп интернатынан бастадым. 2013 жылы жұмысымды Қабанбай ауылындағы қазіргі Омар Молдағожин атындағы орта мектебінде  жалғастырдым. Жұмыс барысында мектеп бітіруші түлектерді ЕНТ-ға дайындап, жақсы нәтижелерге қол жеткіздім. Дарынды оқушыларыммен белсенді жұмыстар жүргізіп, аудандық, облыстық, республикалық оқулардың жеңімпаздарын шығарып, дипломдарымен марапатталдым. 

Қазіргі таңда 2019 жылдан бері Үшарал қазақ гимназиясында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі қызметін атқарудамын. Осы білім ордасына келгелі жеткен жетістіктерім: 


  1. Диплом 1-дәрежелі. UST.KZ.

Халықаралық қазақ тілі пәнінен ұстаздар арасында олимпиадасының жеңімпазы.2020 ж.

  1. І дәрежелі Диплом. Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына ұйымдастырылған «Абай-дана, Абай-дара қазақта»  шығармашылық байқауына қатысып, мәнерлеп оқуда озат табысқа жеткені үшін  Дүйсенбай Жасмин Есентайқызы жетекшісі Ахметова   Динара Еркингалиевна марапатталады. Р «Өрлеу» порталы 2020ж
  2. Диплом. Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығының ұйымдастыруымен өткен  білім саласы қызметкерлеріне арналған «Абай әлемі» атты ғылыми-тәжірибелік конференция жинағына үздік жұмысын жариялағаны үшін марапатталады.2020ж
  3. Диплом. А.Байтұрсынұлы атындағы Республикалық педагогикалық шығармашылық олимпиадасында ІІІ орын алғаны үшін марапатталады. 2020 жыл.
  4. ІІІ дәрежелі диплом. Qaztest.kz   сайты ұйымдастырған республикалық мұғалімдер арасында онлайн олимпиадада қазақтың ұлы ақыны А.Құнанбайұлының 175 жылдығына орай ұйымдастырған І Республикалық «Абай әлемі және рухани мұрасы» қашықтық олимпиадасының жүлдегері. 
  5. ІІ дәрежелі диплом. Qaztest.kz   сайты ұйымдастырған республикалық мұғалімдер арасында онлайн олимпиадада  «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша қашықтық олимпиадасының жүлдегері. 
  6. ІІ дәрежелі диплом. Qaztest.kz   сайты ұйымдастырған республикалық мұғалімдер арасында онлайн олимпиадада оқушылар арасында І Республикалық «Жас интелектуал» қашықтық олимиадасының жүлдегері Ардақұлы Нүркен марапатталады.  Жетекшісі Ахметова Динара.
  7. ІІ дәрежелі диплом. Қазақ тілі мен әдебиетінен аудандық пән олимпиадасында 5-сынып оқушысы Дүйсембек Балауса, пән мұғалімі Ахметова Д.Е. марапатталады.
Алғыс хат. Республикалық www.orleu.kzшығармашылық орталығы